Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен үстел шамын сатып алу туралы хабарландыру (Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын беруді бастау мерзімі: 2019 жылғы «05» тамыз Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша 09 сағат 00 минутта, мына мекенжай бойынша: A25Y5E8, Алматы қаласы, Қонаев көш., 181, № 204 кабинет)
1. Тапсырыс беруші: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, A25Y5E8, Алматы қ., Қонаев көш., 181, электронды мекенжайы – [email protected].
Сатып алуды ұйымдастырушы: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, Сатып алу басқармасы, A25Y5E8, Алматы қ., Қонаев көш., 181, тел.: 258-88-21, электронды мекенжайы – [email protected] баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен үстел шамын (бұдан әрі – Тауар) сатып алудың өткізілетіндігі туралы хабарландырады және көрсетілген сатып алуға қатысуға шақырады.
2. Сатып алынатын Тауардың атауы, саны, құны және қысқаша сипаттамасы:
Лот № | Тауар атауы | Сатып алынатын Тауардың қысқаша сипаттамасы | Өлшем бірлігі | Саны, көлемі | Бірлігі үшін бағасы, теңгемен (ҚҚС есептемегенде) | Сатып алуға бекітілген жалпы сома, теңгемен (ҚҚС есептемегенде) | |
1
|
Үстел шамы | Моделі Шырағдан типі Салмағы, кг Шамның қолданылуы Қосымша функциялар Биіктігі Құрылымның ұзындығы/ені Қаңқа материалы Қаңқа түсі Плафон материалы Плафон түсі Жалпы қуаты Шам саны Бір шамның қуаты Пайдаланылатын шамның типі Шамдармен жинақталуы Орамның ұзындығы Орамның биіктігі Орамның ені |
Brilliant Bankir Үстел шамы 3.0980 Жұмыс үстелі үшін Сыммен ажыратылады 32 см Диаметр 26 см Жасыл мәрмәр, Металл Алтын Әйнек Жасыл 60 Вт 1 60 Вт Балқу шамы, цоколь – 27мм Жиынтыққа шамдар кіреді 290 мм 310 мм 360 мм |
Дана | 1 | 49 000,00 | 49 000,00 |
3. Сатып алынатын Тауардың техникалық ерекше нұсқамасы: шарт талаптарына сәйкес (әлеуетті жеткізуші баға ұсыныстарымен бірге сатып алынатын Тауардың қол қойылған техникалық ерекше нұсқамасын беруі қажет).
4. Тауар жеткізілетін орын: шарт талаптарына сәйкес.
5. Тауар жеткізілетін мерзім: шарт талаптарына сәйкес.
6. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын беруді бастау мерзімі: 2019 жылғы «05» тамыз Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша 09 сағат 00 минутта, мына мекенжай бойынша: A25Y5E8, Алматы қаласы, Қонаев көш., 181, № 204 кабинет.
7. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын беруді аяқтау мерзімі: 2019 жылғы «12» тамыз Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша 11 сағат 30 минутта, мына мекенжай бойынша: A25Y5E8, Алматы қаласы, Қонаев көш., 181, № 204 кабинет.
8. Баға ұсыныстары бар конверттерді ашу күні мен уақыты: 2019 жылғы «12» тамыз Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша 12 сағат 00 минутта, мына мекенжай бойынша: A25Y5E8, Алматы қаласы, Қонаев көш., 181, № 204 кабинет.
9. Тауарды сатып алу туралы шарт жобасы маңызды талаптары көрсетіле отырып, оның ішінде техникалық талаптары қоса беріледі.
10. Әлеуетті жеткізуші «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» акционерлік қоғамы Бас директорының 2019 жылғы «15» шілдедегі №95-Ө бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» акционерлік қоғамының тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу рәсімдерін ұйымдастыру және өткізу Қағидаларына (бұдан әрі – Қағидасы) 8-Қосымшаға сәйкес, мынадай мәліметтер мен құжаттарды қамтитын әлеуетті жеткізушінің қолы мен мөрі (бар болса) қойылып бекітілген үлгілік нысанмен тек бір ғана баға ұсынысын береді:
1) әлеуетті жеткізушінің атауы;
2) жеткізілетін Тауар атауы, сипаттамасы және саны;
3) Тауардың бірлігі бағасы және Тауарды жеткізуге байланысты шығыстары қоса қамтылған жалпы бағасы;
4) Тауар үшін құнын көрсете отырып әлеуетті жеткізуші қол қойған техникалық ерекше нұсқама.
ҚРҰБ Қағидасының 200-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, баға ұсыныстарын беру мерзімі өткеннен кейін әлеуетті жеткізуші берген баға ұсынысына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге рұқсат етілмейді.
11. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын беруі өткізілген сатып алу талаптарында және Қағидаларда көзделген талаптарды сақтай отырып, тауар жеткізуді, жұмысты орындауды, қызмет көрсетуді жүзеге асыруға оның келісімен білдіру формасы болып табылады.
12. Әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген баға ұсыныстарын беруді аяқтау уақыты мен датасына дейін мөр басылған конвертпен беріледі.
Әлеуетті жеткізушілер немесе оның уәкілетті өкілдері баға ұсыныстарын өз қолымен бергенде, әлеуетті жеткізушілер немесе оның уәкілетті өкілдері баға ұсыныстарын беру құқына берілген әлеуетті жеткізушінің мүдделерін қорғайтын тұлғаларына жеке басын куәландыратын құжат көшірмесімен сенімхатты беруге тиіс.
13. Әлеуетті жеткізуші баға ұсыныстары бар мөрленген конверттің бет жағында мыналарды көрсетуі керек:
1) әлеуетті жеткізушінің толық атауы мен пошталық (заңды) мекенжайы, БСН/ЖСН;
2) сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген мәліметтерге сәйкесетін тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушы) атауы мен пошталық мекенжайы;
3) қатысу үшін әлеуетті жеткізуші баға ұсыныстарын берген тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу атауы.
14. Шартқа қол қою үшін Жеткізуші мына құжаттардың көшірмесін беруге міндеттенеді:
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін:
1) Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
2) ҚҚС бойынша тіркелу есебіне қойылу туралы куәлік (салық салынатын болса);
3) Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
4) Бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық.
Жеке кәсіпкер үшін:
1) ЖК тіркеу туралы куәлік;
2) Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
3) Жеке куәлігі;
4) ҚҚС бойынша тіркелу есебіне қойылу туралы куәлік (салық салынатын болса).