Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен төбеге ілінетін люстраларды сатып алуды өткізу туралы хабарландырады (Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары бар конверттерді беретін күні мен уақыты: 2018 жылғы «04» желтоқсан 09:00 сағаттан бастап 2018 жылғы «11» желтоқсан , 11 :00 сағатқа дейін)

1. Тапсырыс беруші: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, A25Y5E8, Алматы қ., Қонаев көш., 181, электронды мекенжайы – [email protected] .
Сатып алуды ұйымдастырушы: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, Сатып алу басқармасы, A25Y5E8, Алматы қ., Қонаев көш., 181, тел.: 258-88-21, электронды мекенжайы – [email protected] .
баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен төбеге ілінетін люстраларды сатып алудың өткізілетіндігі туралы хабарландырады және көрсетілген сатып алуға қатысуға шақырады
2. Тауар атауы, құны және қысқаша сипаттамасы:

Лоттар Атауы Тауардың қысқаша сипаттамасы Өлшем бірлігі Саны Бірлігі үшін бағасы, теңгемен (ҚҚС есептемегенде) Сатып алуға бөлінген жалпы сома, теңгемен (ҚҚС есептемегенде)
№ 1 Лот Төбеге ілінетін люстра Төбеге ілінетін люстра, Лофт стилінде ағаш-металлдан жасалған  плафондардың  биіктікті реттейтін аспасымен, жарық көздерінің саны – 5 (бесеу). Шамдары жарықдиодты (LED), шам сауыты шыныдан,    димирлену мүмкіндігі бар, жоғары сапалы шыныдан жасалған қоңыр түсті. Цоколь стандартты – E27, 5 LED-лампа. Патрон – карболит, патронның түсі күңгірт қара. Плафондар саны – 5. Плафон екі бөліктен тұруы тиіс – жоғарғы бөлігі өңделген және табиғи құрылымдық суреттері бар ашық коңыр түсті ағаштан жасалған, ал плафонның екінші бөлігі түсі күңгірт қара металлдан. Плафон диаметрі – 180мм. Металл бөлігінің биіктігі – 35мм. Плафонның жалпы биіктігі – 70 мм. Люстраны төбеге бекіткіш (розетка) өңделген ашық қоңыр түсті және  табиғи құрылымдық бедері бар ағаштан жасалған. Көлемі: бекіту ұзындығы – 800мм., бекіту ені – 80мм., бекіту биіктігі – 30 мм. Шамдарына кепілдік –3 жыл.   Қажетті люстраның материалы мен барлық деталдарының түсі бойынша Тапсырыс берушімен келісілген. Үлгі Тапсырыс берушімен келісу үшін берілуі тиіс. Дана 1 75000,00 75 000,00
№ 2 Лот Төбеге ілінетін люстра Төбеге ілінетін люстра, Лофт стилінде төбеге бекітілетін плафондардың биіктікті реттейтін аспасымен.     Люстра корпусы металлдан жасалуы тиіс, металл түсі – қола түстес ашық, люстра тарелка пішіндес болуы тиіс,  люстра бағыты төменге қарай (еденге), плафон диаметрі – кемінде 15 см., патрон материалы – карболит,  патрон түсі – қола түстес, шамдары  – жарықдиодты (LED), плафон – жоғары сапалы әйнектен жасалуы тиіс, әйнек түсі – Хай-тек стилінде қоңыр түсті.

Цоколь стандартты – E27. Люстра орналасатын алаң диаметрі  кемінде 30 см болуы тиіс.

Барлық деталдары жоғары сапалы материалдардан жасалуы тиіс,  Шамдарына кепілдік – 3 жыл. Қажетті люстраның материалы мен барлық деталдарының түсі бойынша Тапсырыс берушімен келісілген. Үлгі сондай-ақ Тапсырыс берушімен келісу үшін берілуі тиіс.

Дана 3 20 000,00 60 000,00

Тауарды сатып алуға бөлінген жалпы сома – ҚҚС сомасын есептемегенде 135 000,00 (жүз отыз бес мың) теңге 00 тиын.
3. Тауар жеткізу талап етілетін мерзімдер қос Тарап Шартқа қол қойған күннен бастап 15(он бес) күнтізбелік күнді құрайды.
4. Тауар жеткізетін орын – Алматы қаласы, Ермак көшесі, 24.
5. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары бар конверттерді беретін күні мен уақыты: 2018 жылғы «04» желтоқсан 09:00 сағаттан бастап 2018 жылғы «11» желтоқсан , 11 :00 сағатқа дейін.
6. Баға ұсыныстары бар конверттерді ашу күні мен уақыты: 2018 жылғы «11» желтоқсан, 11:30 сағатта.
Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын беретін және оларды ашатын орны – «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, A25Y5E8, Алматы қаласы, Қонаев көш., 181. № 204 кабинет.
7. Жеткізілген Тауар үшін ақы төлеудің талап етілетін тәртібі Шарт талаптарына сәйкес.
8. Сатып алу туралы шарт жобасы маңызды талаптары және техникалық ерекше сипаттамасы көрсетіліп қоса беріледі.
1) Әлеуетті жеткізуші ұсынылған нысан бойынша мына мәліметтерден тұратын әлеуетті жеткізушінің қолымен және мөрімен (бар болған жағдайда) бекітілген тек бір баға ұсынысын бере алады:
• Әлеуетті жеткізушінің атауы;
• Жеткізілетін Тауардың атауы, сипаттамасы мен саны;
• Шыққан елі мен өндіруші зауыт (жұмыстарды, қызметтерді сатып алған кезде толтырылмайды);
• Тауар жеткізуге байланысты шығыстары енген Тауардың бірлігі үшін бағасы мен жалпы бағасы.
2) Әлеуетті жеткізуші желімдеп жабылған баға ұсыныстары бар конверттің бет жағында мыналарды көрсетуі керек:
• әлеуетті жеткізушінің толық атауы мен пошталық (заңды) мекенжайы;
• сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы;
• әлеуетті жеткізуші қатысу үшін баға ұсыныстарын берген тауарды сатып алу атауы.
• Әлеуетті жеткізушілер немесе оның уәкілетті өкілдері баға ұсыныстарын өз қолымен бергенде, әлеуетті жеткізушілер немесе оның уәкілетті өкілдері баға ұсыныстарын беру құқына берілген әлеуетті жеткізушінің мүдделерін қорғайтын тұлғаларына жеке басын куәландыратын құжат көшірмесімен сенімхатты беруге тиіс.
• Баға ұсыныстарын пошта арқылы жібергенде, конверттің беткі жағында қосымша ескертпе болуы тиіс: «2018 жылғы «11» желтоқсан 11сағат30 минутқа дейін ашылмасын».
Шартқа қол қою үшін Жеткізуші мына құжаттардың көшірмесін беруге міндеттенеді:
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін:
• Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
• ҚҚС бойынша тіркелу есебіне қойылу туралы куәлік (салық салынатын болса);
• Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
• Бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық
Жеке кәсіпкер үшін:
• ЖК тіркеу туралы куәлік;
• Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
• Жеке куәлігі;
• ҚҚС бойынша тіркелу есебіне қойылу туралы куәлік (салық салынатын болса).
Жеткізуші тарапынан сатып алу туралы шартқа қол қоюдың талап етілетін мерзімі – 7 жұмыс күні.

Получить документацию

Comments are closed.