Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен тауарларды сатып алу туралы хабарландыру (Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын беруді бастау мерзімі: 2019 жылғы «27» наурыз Астана қ. уақыты бойынша 09 сағат 00 минутта, мына мекенжай бойынша: A25Y5E8, Алматы қаласы, Қонаев көш., 181. № 204 кабинет)
1. Тапсырыс беруші: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, A25Y5E8, Алматы қ., Қонаев көш., 181, электронды мекенжайы – [email protected] .
Сатып алуды ұйымдастырушы: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, Сатып алу басқармасы, A25Y5E8, Алматы қ., Қонаев көш., 181, тел.: 259-94-12, электронды мекенжайы – [email protected]
баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен тауарларды (бұдан әрі – Тауар) сатып алудың өткізілетіндігі туралы хабарландырады және көрсетілген сатып алуға қатысуға шақырады.
2. Сатып алынатын Тауардың атауы, саны, құны және қысқаша сипаттамасы:
Лот № | Тауар атауы | Сатып алынатын Тауардың қысқаша сипаттамасы | Өлшем бірлігі | Саны, көлемі | Бірлігі үшін бағасы, теңгемен (ҚҚС есептемегенде) | Сатып алуға бекітілген жалпы сома, теңгемен (ҚҚС есептемегенде) |
1 | Күпшек мойынтірегін шешуге арналған шешіп алғыш | Күпшектің алдыңғы және артқы мойынтірегін шешуге арналған әмбебап автомобиль шешіп алғышы | Дана | 2,00 | 20 680,42 | 41 360,84 |
2 | CARB дроссель жапқышын тазалауға арналған құрал | CARB дроссель жапқышын тазалауға арналған құрал, аэрозоль баллон кем дегенде 450 мл. | Дана | 48,00 | 516,27 | 24 780,96 |
3 | Балқып кеткен бұрандамаларды шешіп алуға арналған құрал | ВД-40 балқып кеткен бұрандамаларды шешіп алуға арналған құрал, аэрозоль баллон кем дегенде 300 мл. | Дана | 48,00 | 2 268,40 | 108 883,20 |
4 | Дөңгелектерді теңестіруге арналған желімді жүкшелер | Дөңгелектерді теңестіруге арналған желімді жүкшелер |
Орам |
7,00 |
5 046,80 |
35 327,60 |
5 | Тесіктерді жоюға арналған вулканизация баусымы | Тесіктерді жоюға арналған вулканизация баусымы (ширақ). Орамда кем дегенде 50 дана. | Орам | 10,00 | 772,18 | 7 721,80 |
6 | Тесіктерді жоюға арналған вулканизация бізі | Ширақтар үшін тесіктерді жоюға арналған вулканизация бізі | Дана | 3,00 | 1 534,70 | 4 604,10 |
7 | Камерасыз шиналарға арналған шұра (ұшты) | Камерасыз шиналарға арналған шұра (ұшты) (орамда 100 дана) жинақта | Дана | 3,00 | 3 852,00 | 11 556,00 |
8 | Шиналарды үрлеуге арналған пистолет | Максималды қысымы кем дегенде 15 атмосфералы манометрі бар шиналарды үрлеуге арналған пистолет | Дана | 3,00 | 3 682,00 | 11 046,00 |
9 | Дөңгелектерді қайта ауыстыру кезінде майлауға арналған құрал | Дөңгелектерді қайта ауыстыру кезінде майлауға арналған құрал | Килограмм | 5,00 | 1 568,62 | 7 843,10 |
10 | Вулканизация желімі | Құтыдағы вулканизация желімі кем дегенде 1500 грамм | Құты | 2,00 | 7 196,00 | 14 392,00 |
11 | Автомобиль силикон майы | Автомобиль силикон майы, әмбебап, түссіз, спрей, таза салмағы кем дегенде 100 грамм. | Баллон | 48,00 | 1 178,87 | 56 585,76 |
Тауарды сатып алуға бөлінген жалпы сома – ҚҚС сомасын есептемегенде 324 101,36 (үш жүз жиырма төрт мың жүз бір) теңге 36 тиын.
3. Сатып алынатын Тауардың техникалық ерекше нұсқамасы: шарт талаптарына сәйкес (әлеуетті жеткізуші баға ұсыныстарымен бірге сатып алынатын Тауардың қол қойылған техникалық ерекше нұсқамасын беруі қажет).
4. Тауар жеткізілетін орын: шарт талаптарына сәйкес.
5. Тауар жеткізілетін мерзім: шарт талаптарына сәйкес.
6. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын беруді бастау мерзімі: 2019 жылғы «27» наурыз Астана қ. уақыты бойынша 09 сағат 00 минутта, мына мекенжай бойынша: A25Y5E8, Алматы қаласы, Қонаев көш., 181. № 204 кабинет.
7. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын беруді аяқтау мерзімі: 2019 жылғы «05» сәуір Астана қ. уақыты бойынша 09 сағат 30 минутта, мына мекенжай бойынша: A25Y5E8, Алматы қаласы, Қонаев көш., 181. № 204 кабинет.
8. Баға ұсыныстары бар конверттерді ашу күні мен уақыты: 2019 жылғы «05» сәуір Астана қ. уақыты бойынша 10 сағат 00 минутта, мына мекенжай бойынша: A25Y5E8, Алматы қаласы, Қонаев көш., 181. № 204 кабинет.
9. Тауарды сатып алу туралы шарт жобасы маңызды талаптары көрсетіле отырып, оның ішінде техникалық талаптары қоса беріледі.
10. Әлеуетті жеткізуші Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы №192 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің, оның ведомстволарының, оның құрылымына кіретін ұйымдардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді иеленуі қағидаларына (бұдан әрі – ҚРҰБ Қағидасы) 8-Қосымшаға сәйкес, мынадай мәліметтер мен құжаттарды қамтитын әлеуетті жеткізушінің қолы мен мөрі (бар болса) қойылып бекітілген үлгілік нысанмен тек бір ғана баға ұсынысын береді:
1) әлеуетті жеткізушінің атауы және нақты мекенжайы;
2) жеткізілетін Тауар атауы, сипаттамасы және саны;
3) Тауар жеткізілетін орын мен мерзімдері;
4) Тауардың бірлігі бағасы және Тауарды жеткізуге байланысты шығыстары қоса қамтылған жалпы бағасы;
5) Тауар үшін құнын көрсете отырып әлеуетті жеткізуші қол қойған техникалық ерекше нұсқама.
ҚРҰБ Қағидасының 140-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, баға ұсыныстарын беру мерзімі өткеннен кейін әлеуетті жеткізуші берген баға ұсынысына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге рұқсат етілмейді.
11. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын беруі өткізілген сатып алу талаптарында және ҚРҰБ Қағидаларында көзделген талаптарды сақтай отырып, тауар жеткізуді, жұмысты орындауды, қызмет көрсетуді жүзеге асыруға оның келісімен білдіру формасы болып табылады.
12. Әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген баға ұсыныстарын беруді аяқтау уақыты мен датасына дейін мөр басылған конвертпен беріледі.
Әлеуетті жеткізушілер немесе оның уәкілетті өкілдері баға ұсыныстарын өз қолымен бергенде, әлеуетті жеткізушілер немесе оның уәкілетті өкілдері баға ұсыныстарын беру құқына берілген әлеуетті жеткізушінің мүдделерін қорғайтын тұлғаларына жеке басын куәландыратын құжат көшірмесімен сенімхатты беруге тиіс.
13. Әлеуетті жеткізуші баға ұсыныстары бар мөрленген конверттің бет жағында мыналарды көрсетуі керек:
1) әлеуетті жеткізушінің толық атауы мен пошталық (заңды) мекенжайы, БСН/ЖСН;
2) сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген мәліметтерге сәйкесетін тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушы) атауы мен пошталық мекенжайы;
3) қатысу үшін әлеуетті жеткізуші баға ұсыныстарын берген тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу атауы.
14. Шартқа қол қою үшін Жеткізуші мына құжаттардың көшірмесін беруге міндеттенеді:
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін:
1) Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
2) ҚҚС бойынша тіркелу есебіне қойылу туралы куәлік (салық салынатын болса);
3) Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
4) Бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық.
Жеке кәсіпкер үшін:
1) ЖК тіркеу туралы куәлік;
2) Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
3) Жеке куәлігі;
4) ҚҚС бойынша тіркелу есебіне қойылу туралы куәлік (салық салынатын болса).