Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен Тауарлы-материалдық құндылықтарды сатып алудың өткізілетіндігі туралы хабарландырады (Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары бар конверттерді беретін күні мен уақыты: 2018 жылғы «04» 12 9:30 сағаттан бастап 2018 жылғы «11» 12 , 9 :30 сағатқа дейін)

1. Тапсырыс беруші: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, A25Y5E8 (050010), Алматы қ., Қонаев көш., 181, электронды мекенжайы – [email protected] .
Сатып алуды ұйымдастырушы: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, Сатып алу басқармасы, A25Y5E8(050010), Алматы қ., Қонаев көш., 181, тел.: 259-91-81, электронды мекенжайы – [email protected] .
баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен тауарлы-материалдық құндылықтарды сатып алудың өткізілетіндігі туралы хабарландырады және көрсетілген сатып алуға қатысуға шақырады
2. Тауар атауы және қысқаша сипаттамасы:

Лот

Тауар атауы Тауардың қысқаша сипаттамасы Өлшем бірлігі Саны Бірлігі үшін бағасы, ҚҚС есептемегенде (теңгемен) Сатып алуға бөлінген жалпы сома, ҚҚС есептемегенде (теңгемен)
1 2 3 4 5 6 7
1 Касса таспасы Бақылау-кассалық машиналарға арналған чек таспасы. Орамның ені – 57 мм, төлке диаметрі – 12 мм, ұзындығы кемінде 26 м. тығыздығы 50-55 гр/ш.м. орам 104 135,00 14 040,00
2 Жиһаз бұрыштықтары Тік бұрыш астындағы жиһаздың салмақ түсетін немесе қосалқы ағаш элементтеріне арналған бекіткіш детал.

Қалыңдығы 2,5-3 мм болаттан жасалған.

Қосымша қатты қырмен жабдықталған.

Әр тұрғысында 4 тесіктен бар.

Көлемі 40х40 мм

дана 70 130,00 9 100,00
3 Үстелге арналған бұрыштықтар Бұйым қаңқасының жиһаздық бөліктерін жалғастыруға, сөрелерді, үстіңгі тақтайды және басқа да элементтерді жымдастыруға арналған металл бұрыштық,

Қалыңдығы 2,5-3 мм. Көлемі 30х30 мм.

дана 10 25,00 250,00
4 Бұрама шегелер Әмбебап болат бұрама шегелер, айқара тәрізді ойма кілтекті жасырын басты.

Бұранда диаметрі d = 3,5 мм, бұрама шегенің ұзындығы – 4 мм. Қорапта кемінде 100 дана.

қорап 4 800,00 3 200,00
5 Қағазұстағыш Қақпақты әжетхана қағазын ұстағыш.. Корпусының материалы: металл, жабыны никель-хром. Көлемі: ені кемінде 125 мм, тереңдігі кемінде 40 мм, биіктігі кемінде 100 мм. Хром түсті. Монтаждау түрі: қабырғаға. Бекітілу әдісі: бұрама шегелер. дана 20 450,00 9 000,00
6 Вантус Сантехникалық құбырлардағы қоқым-соқымдарды жоюға арналған ағаш тұтқалы вантус дана 14 450,00 6 300,00
7 Қысқа құлып білігі Екіжақты құлыпқа арналған цилиндрлік механизм. Кіріс және бөлмеаралық есіктерге арналған. Цилиндрлік механизмнің ұзындығы 70 мм (35/35). Бұру жұдырықшасының ені кемінде 9 мм. Кілт түрі – бейіндік, материалы – жез, болат. Жинағында 5 кілт. Цилиндрлік  механизм және кілттер дайындаушы кәсіпорынның тауарлық белгісімен таңбалануы тиіс. Бұйым орамы еркін орналасу мүмкіндігін шектеуі және жинақтаушы және бекіткіш деталдың сақталуын қамтамасыз етуі тиіс. дана 20 900,00 18 000,00
8 Ұзын құлып білігі Екіжақты құлыпқа арналған цилиндрлік механизм. Кіріс және бөлмеаралық есіктерге арналған. Цилиндрлік механизмнің ұзындығы 90 мм 45/45). Бұру жұдырықшасының ені кемінде 9 мм. Кілт түрі – бейіндік, материалы – жез, болат. Жинағында 5 кілт. Цилиндрлік механизм және кілттер дайындаушы кәсіпорынның тауарлық белгісімен таңбалануы тиіс. Бұйым орамы еркін орналасу мүмкіндігін шектеуі және жинақтаушы және бекіткіш деталдың сақталуын қамтамасыз етуі тиіс. дана 21 1 200,00 25 200,00
9 Техникалық тұз Көктайғаққа қарсы реагент ретінде пайдаланады. Ыдыс полипропилен қаптарда болуы тиіс. Бір қаптың салмағы 25 кг. кг 200 54,50 10 900,00
10 Сұйық сабынға арналған мөлшерлегіш Бекіту: қабырғаға. Бекіткіш элементтер жинаққа кіреді. Көлемі кемінде 200 мл. Ақ түсті. Корпус материалы: соққыға төзімді пластик. Габариттері: биіктігі кемінде 22 см, ені кемінде 7 см, тереңдігі кемінде 7 см. Мөлшерлегіш тіке формада, сабын деңгейін бақылауға арналған терезе және ағудан сақтайтын болуы тиіс.

Сабынды жіберу түймешігі берік, үнемі қолданғанда түсіп қалмауы тиіс. Орамы: картон қорап.

дана 20 5 350,00 107 000,00
11 Электр фонарь Фонарь жарықдиодты, аккумуляторлық. Тораптан зарядталады.

Ауыстыру үш күйдегі ауыстырғышпен жүргізіледі.

Корпус материалы: екпінге төзімді пластик. Жарықтанудың екі режимі бар: орта, жоғары. Жұмыс ұзақтығы 8-12 сағатқа дейін (ашық режимде). Көлемі: биіктігі 10-15 см, ұзындығы 18-25 см. Ұстап жүруге арналған бауы бар.

дана 6 8 960,00 53 760,00

Тауарды сатып алуға бөлінген жалпы сома – ҚҚС сомасын есептемегенде 256 750,00 (екі жүз елу алты мың жеті жүз елу) теңге 00 тиын.
3. Тауар жеткізетін орын – Алматы қаласы, Ермак көшесі, 24..
4. Тауар жеткізу және орнату талап етілетін мерзімдер қос Тарап Шартқа қол қойған күннен бастап 15(он бес) күнтізбелік күнді құрайды
5. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары бар конверттерді беретін күні мен уақыты: 2018 жылғы «04» 12 9:30 сағаттан бастап 2018 жылғы «11» 12 , 9 :30 сағатқа дейін.
6. Баға ұсыныстары бар конверттерді ашу күні мен уақыты: 2018 жылғы «11» желтоқсан, 10:00 сағатта.
Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын беретін орны – «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, A25Y5E8 (050010), Алматы қаласы, Қонаев көш., 181. № 204 кабинет.
7. Тауар және Қызмет үшін ақы төлеудің талап етілетін тәртібі Шарт талаптарына сәйкес.
8. Сатып алу туралы шарт жобасы маңызды талаптары және техникалық ерекше сипаттамасы көрсетіліп қоса беріледі.
1) Әлеуетті жеткізуші ұсынылған нысан бойынша мына мәліметтерден және құжаттардан тұратын әлеуетті жеткізушінің қолымен және мөрімен (бар болған жағдайда) бекітілген тек бір баға ұсынысын бере алады:
• Әлеуетті жеткізушінің атауы;
• Жеткізілетін Тауардың атауы, сипаттамасы мен саны;
• Шыққан елі мен өндіруші зауыт (жұмыстарды, қызметтерді сатып алған кезде толтырылмайды);
• Тауар жеткізуге байланысты шығыстары енген Тауардың бірлігі үшін бағасы мен жалпы бағасы.
2) Әлеуетті жеткізуші желімдеп жабылған баға ұсыныстары бар конверттің бет жағында мыналарды көрсетуі керек:
• әлеуетті жеткізушінің толық атауы мен пошталық (заңды) мекенжайы;
• сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы;
• әлеуетті жеткізуші қатысу үшін баға ұсыныстарын берген тауарды сатып алу атауы.
Баға ұсыныстарын пошта арқылы жібергенде, конверттің беткі жағында қосымша ескертпе болуы тиіс: «2018 жылғы «11» желтоқсан 10 сағат 00 минутқа дейін ашылмасын».
Әлеуетті жеткізушілер немесе оның уәкілетті өкілдері баға ұсыныстарын өз қолымен бергенде, әлеуетті жеткізушілер немесе оның уәкілетті өкілдері баға ұсыныстарын беру құқына берілген әлеуетті жеткізушінің мүдделерін қорғайтын тұлғаларына жеке басын куәландыратын құжат көшірмесімен сенімхатты беруге тиіс.
Шартқа қол қою үшін Жеткізуші мына құжаттардың көшірмесін беруге міндеттенеді:
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін:
• Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
• ҚҚС бойынша тіркелу есебіне қойылу туралы куәлік (салық салынатын болса);
• Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
• Бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық
Жеке кәсіпкер үшін:
• ЖК тіркеу туралы куәлік;
• Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
• Жеке куәлігі;
• ҚҚС бойынша тіркелу есебіне қойылу туралы куәлік (салық салынатын болса).
Жеткізуші тарапынан сатып алу туралы шартқа қол қоюдың талап етілетін мерзімі – 7 жұмыс күні.

Получить документацию

Comments are closed.