Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен Тауарлық материалдық қорларды сатып алудың өткізілетіндігі туралы хабарландырады (Баға ұсыныстары бар конверттерді әлеуетті жеткізушінің беру күні мен уақыты: 2018 жылғы «1» 11 сағат 9:30 бастап 2018 жылғы «8» 11 сағат 9:30 дейін)

1. Тапсырыс беруші: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, A25Y5E8 (050010), Алматы қ., Қонаев көш., 181, электронды мекенжайы – [email protected]
Сатып алуды ұйымдастырушы: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, Сатып алу басқармасы, A25Y5E8 (050010), Алматы қ., Қонаев көш., 181; тел.: 259-91-81, электронды мекенжайы – [email protected]
баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен тауарлық материалдық қорларды сатып алуды өткізу туралы хабарландырады және көрсетілген сатып алуларға қатысуға шақырады
2. Тауардың атауы және қысқаша сипаттамасы:

Лот Тауар атауы Тауардың қысқаша сипаттамасы Өлш. бірл. Саны ҚҚС есептемегендегі бірлігі үшін бағасы, теңге ҚҚС есептемегендегі сатып алуға бөлінген жалпы сомасы, теңге
1 2 3 4 5 6 7
1 Қар тазалайтын күрек (дюральді) Қар тазалайтын жеңіл дюральді күрек, жұмыс беті: 600 мм. х 600 мм. қаптамасы, сабы бар. Полимерлерден дайындалған, күрек жұмыс бетіне сулы қар жабысып қалмау керек. Сабы сапалы ағаштан, ұзындығы кем дегенде 150 см. Дана 9,00 3 194,00 28 746,00
2 Аспалы құлып Үй-жайлар мен әртүрлі тұрмыстық заттарды кілтеуге арналған.
Материалы: тұтқасы – болат,
корпусы – алюминий қорытпасы
Жабыны – эмаль МЛ-165 сұр, күміс түстес түстерде.
Кем дегенде үш кілтпен жиынтықталған.
Массасы – кем дегенде 525 г
Дана 11,00 1 500,00 16 500,00
3 Шам Жоғарғы қысымдағы доғал сынапты шам ДСЛ түрдегі,  қуаты 250W, кернеуі 220-230V, цоколь Е40. Дана 20,00 1050,00 21 000,00
4 Жылу зеңбірегі

 

Үй-жайларды негізгі немесе қосымша жылу көзі ретінде жылыту үшін, сондай-ақ құрылыс және өңдеу беттерін кептіру үшін электр жылу зеңбірегі. Жұмыс режимі 4,5/9 кВт, масималды тоқ 13,7 А. Ауа бойынша өнімділігі кем дегенде 720 м3/сағ. Ауаны максималды жылыту 35 ºС/сағ. Габариттері (ұ/е/б) кем дегенде 520/280/400 мм. Салмағы 13 кг. Кернеуі 380 В. дана 2,00 51 000,00 102 000,00
5 Жылу зеңбірегі Үй-жайларды негізгі немесе қосымша жылу көзі ретінде жылыту үшін, сондай-ақ құрылыс және өңдеу беттерін кептіру үшін электр жылу зеңбірегі. Жұмыс режимі 3 кВт, масималды тоқ 13,7 А. Ауа бойынша өнімділігі кем дегенде 250 м3/сағ. Ауаны максималды жылыту кем дегенде 35 ºС/сағ. Габариттері (ұ/е/б) кем дегенде 220/210/300 мм. Салмағы 3,2 кг. Кернеуі 220 В. дана 7,00 20 000,00 140 000,00
6 Термометр Сыртқы (көше) ауа температурасын өлшеуге арналған термометр. Термометр корпусы әйнек пен пластиктен жасалған. Габариттік өлшемі: ұзындығы кем дегенде 200 мм, ені кем дегенде 50 мм. Термометрлік сұйықтық метилкарбитол. Өлшеу диапазоны: -50° бастап +50°С дейін. Шкаланың бөліктерінің бағасы, °С: ±1. Бекіткіші бар. дана 12,00 1 000,00 12 000,00
7 Термометр Әкімшілік ғимараттардағы үй-жайлар, тұрғын үй-жайлар, қойма үй-жайлары мен басқа да үй-жайлардың ішкі температурасын өлшеуге арналған термометр. Материалы: пластмасса. Түрі: тұрмыстық. Температураны өлшеу диапазоны,˚С: -20…+50. Габариттік өлшемі: ұзындығы кем дегенде 196 мм, ені кем дегенде 36 мм. Шкаланың бөліктерінің бағасы, °С: ±1. Бекіткіші бар. дана 12,00 1 000,00 12 000,00
8 Техникалық фен Әртүрлі тектегі беттер мен материалдарды ыстық ауамен өңдеуге арналған техникалық фен. Температураны реттеу сатылы. Қатты қызып кетуден қорғаныс. Кернеуі 230 В. Пайдаланылатын қуаты  2000 Вт. Максималды жұмыс температурасы 600 º. Ауаның максималды көлемі 500 литр/мин. Орамы – пластик кейс. Салмағы 0,7 кг. дана 8,00 9 000,00 72 000,00
9 Пирометр Байланыссыз әдіспен материалдар мен заттардың температураларын анықтауға арналған пирометр. Аспап температураны өлшеу мақсатын анықтауға болатын лазерлі көрсеткішпен жасақталған. Температураны өлшеу диапазоны: -50ºС бастап 420ºС дейін. Өлшеу нақтылығы ±1,5 ºС. Мақсатты лазерлі көрсеткіш. Көмескі жарығы бар қарама-қарсы дисплей. Ұзақ уақыт әрекетсіздігі кезінде автоматты өшу функциясы.  Батареяның заряд индикаторы. Габариттері 169мм × 138мм × 53мм, салмағы 270 гр. Қуат көзі: Батарейка 9В (КРОНА) дана 2,00 20 000,00 40 000,00
10 Радиоқадағасы бар сандық метеостанция Әкімшілік, тұрмыстық үй-жайларда пайдалану үшін радиоқадағасы бар сандық метеостанция. Көмескі жарығы бар дисплей. Қабырғаға бекіту. Бөлме температурасын, сыртқы температураны (қашықтық қадағасының көмегімен) өлшеу. Шығарғыш қадағасы: сымсыз (қабылдау радиусы 30 метр), қадаға саны-3. Жиынтықта-1. Бөлме ылғалдылығын өлшеу, сағаттар, күнтізбе, оятқыш, ауа райы, макс/мин температура жадысы. Температура диапазоны -40 +60 °С. Қуат көзі: автономиялық, батареялар түрі ААА, Батареяның заряд индикациясы. Өлшемі кем дегенде 158*80*19 мм, салмағы 1 кг. дана 5,00 30 000,00 150 000,00
11 Сендвич-панель Сэндвич-панель құрылымы — үш буынды. Түрі – қабырғалық. Қалыңдығы 50 мм, биіктігі 2500 мм, ені 1000 мм. Сұр, ақ түсті. Сэндвич-панельдің сыртқы қабаты суық илемделген ыстық мырышпен қапталған болаттан тұрады, қалыңдығы 0.5мм, сәндік полимерлі жабыны немесе OSB тақтасы бар. Жабын қалыңдығы — 25мкм. Ішкі жағы  астарлық қабатпен қорғалған, қалыңдығы 10 мкм. Ішкі қабаты — толтырғыш. Толтырғыш — көбікполистирол. шаршы метр 72,00 8 000,00 576 000,00
12 Жылуға ден қойғыш Экран: 2.4-дюймдік TFT түрлі-түсті дисплей
Инфрақызыл қалыптама тұнықтығы: 60 x 60 нүктелі.
Барлық пикселдер: 3600
Видеокамера тұнықтығы: 0,3 Мега пикселей
Шолу бұрышы: 20 x 20
Минималды анық көрінетін қашықтық: 0.5 м.
Максималды: 3 м.
Температура сезгіштігі: 0.15 С
Түрлі-түсті экраны бар инфрақызыл жылуға ден қойғыш 2.4″
Диапазоны бар өндірістік жылуға ден қойғыш -20С ~ +300С mini SD 4Гб картасы бар.
дана 1,00 495 000,00 495 000,00
13 Кондиционер Мобильді бір блокты кондиционер. Автоматты режимдегі кондиционер жұмысын микропроцессорлық басқару. Орнатылған таймер, 24 сағат ішінде кондиционерді қосу және өшіру уақытымен бағдарламаланған. Үй-жайдағы ылғалдылықтың оптималды деңгейін қолдауға арналған ауаны өздігінен құрғату функциясы. Суықтық бойынша өнімділігі:3516 W. Салқындату режиміндегі пайдаланылатын қуат: 1340 W. Салқындату/жылыту алаңы 35-50 м2. Конденсат саны (I/h) 1,5. Жылу бойынша өнімділігі:2000 W. Жылыту режиміндегі пайдаланылатын қуат:2100 W. Ауа шығысы (m3/h) 450/420/390. Шу деңгейі (dB A) 58/56/52. Кондиционер ұзындығы 500 мм, биіктігі 840 мм, тереңдігі 460 мм, салмағы 46 кг. Кернеуі 220/50 В. дана 2,00 111 000,00 222 000,00
14 Жылытқыш Құрылыстың сыртқы және ішкі жағына қолданылатын қатты тақталы материал. Қалыңдығы 50 мм, ұзындығы 1185 мм, ені 585 мм. Орамдағы тақта саны 7 дана. орам 25,00 6 800,00 170 000,00
15 Карбид Кальций карбиді –  қатты кристалды қара-сұр түсті заттан тұратын бейорганикалық қоспасы. кг. 150,00 260,00 39 000,00

Тауарды сатып алуға бөлінген жалпы сомасы – ҚҚС сомасын есептемегенде 2 096 246,00 (екі миллион тоқсан алты мың екі жүз қырық алты) теңге 00 тиын.
3. Тауарды жеткізу орны: Алматы қаласы, Ермак көшесі, 24;
4. Тауарды жеткізудің және орнатудың талап етілетін мерзімі қос Тарап Шартқа қол қойған күннен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күнді құрайды.
5. Баға ұсыныстары бар конверттерді әлеуетті жеткізушінің беру күні мен уақыты: 2018 жылғы «1» 11 сағат 9:30 бастап 2018 жылғы «8» 11 сағат 9:30 дейін. 6. Баға ұсыныстары бар конверттерді ашу күні мен уақыты: 2018 жылғы «08» 11 сағат 10:00 минут.
Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын жеткізетін орны – «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, A25Y5E8 (050010), Алматы қ., Қонаев көш., 181, №204 кабинет.
7. Тауар мен Қызметке талап етілетін ақы төлеу талаптары Шарт талаптарына сәйкес.
8. Маңызды талаптар мен техникалық ерекше нұсқамасын көрсете отырып сатып алу туралы шарт жобасы қоса жіберіледі.
1) Әлеуетті жеткізуші ұсынылған нысан бойынша мына мәліметтер мен құжаттарды құрауы керек әлеуетті жеткізушінің қолы және мөрімен (ол бар болса) бекітілген тек бір баға ұсынсын береді:
• әлеуетті жеткізушінің атауы;
• жеткізілетін Тауардың атауы, сипаттамасы мен саны;
• Шығарған ел және өндіруші-зауыт (жұмыстар, қызметтерді сатып алу кезінде толтырылмайды);
• құрамына Тауарларды жеткізуге байланысты шығыстары қамтылған Тауардың бірлігі үшін бағасы және жалпы бағасы.
2) Әлеуетті жеткізуші желімдеп жабылған баға ұсыныстары бар конверттің бет жағында мыналарды көрсетуі керек:
• әлеуетті жеткізушінің толық атауы мен пошталық (заңды) мекенжайы;
• сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы;
• әлеуетті жеткізуші баға ұсыныстарын беруге қатысу үшін тауарларды сатып алу атауы.
Баға ұсынысын поштамен жіберген кезде конверттің бет жағында қосымша ескертпе болуы керек: «2018 жылғы «08» қазан «10» сағат «00» минутқа дейін ашпау керек».
Әлеуетті жеткізуші немесе олардың уәкілетті өкілдері баға ұсыныстарын қолма-қол берген жағдайда әлеуетті жеткізушілер немесе олардың уәкілетті өкілдері баға ұсыныстарын беру құқығына әлеуетті жеткізушінің мүддесін білдіретін тұлғалардың сенімхаттарын, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесімен бірге беруі керек.
Шартқа қол қою үшін Жеткізуші мына құжаттардың көшірмесін беруге міндеттеледі:
Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі үшін:
• Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
• ҚҚС бойынша тіркелу есебіне қойылу туралы куәлік (салық салынатын болса);
• Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
• Бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық.
Жеке кәсіпкер үшін:
• ЖК тіркеу туралы куәлік;
• Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
• Жеке куәлігі;
• ҚҚС бойынша тіркелу есебіне қойылу туралы куәлік (салық салынатын болса).
Жеткізуші тарапынан сатып алу туралы шартқа қол қоюдың талап етілетін мерзімі – 7 жұмыс күні.

Получить документацию

Comments are closed.