Тапсырыс беруші: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, 050000, Алматы қ., Панфилов көш., 98, электронды мекенжайы – [email protected]
Сатып алуды ұйымдастырушы: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, Сатып алу басқармасы, 050000, Алматы қ., Панфилов көш., 98: тел: 259-91-81, электронды мекенжайы – [email protected]
баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен ұялы байланыс қызметін сатып алуды өткізу туралы хабарландырады.
Атауы және қосымша ақпарат:
Лот № | Атауы | Қосымша ақпарат | Өлшем бірлігі | Саны | Жеткізу орны |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1 |
Ұялы байланыс |
1. D-28 «Байланыс саласында қызметтерді ұсыну» лицензияны ұсыну. 2. GSM-900, 1800, UMTS/WCDMA стандартты ұялы байланыс қызметін ұсынуға. 3. ЮБАР ұялы нөмірлерді сақтап қалу. 4. Кредиттік және аванстық нөмірлердің тізімі Жеткізушіге Шартқа қол қойғаннан кейін ұсынылады. |
қызмет | 1 | Алматы қ. Панфилов к-сі, 98 |
Сатып алуға белгіленген жалпы сома – ҚҚС есептемегенде 1 296 000,00 (бір миллион екі жүз тоқсан алты мың) теңге 00 тиын.
Қызмет көрсету мерзімі, техникалық сипаттама және ақы төлеу талаптары Шарт талаптарына сәйкес.
Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын жеткізетін орны – «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, 050000, Алматы қ., Панфилов көш., 98, №401 бөлме.
Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары бар конверттерді беру күні мен уақыты:
2016ж. «19» қаңтар сағат 09:00 бастап 2016ж. «26» қаңтар сағат 09:30 дейін
Баға ұсыныстары бар конверттерді ашу күні мен уақыты:
2016ж. «26» қаңтар сағат 10:00.
Сатып алу туралы шарт жобасы және қосымша ақпарат қоса жіберіледі.
1) Әр әлеуетті жеткізуші ұсынылған нысан бойынша мына мәліметтерді құрайтын, тек бір баға ұсынысын бере алады:
• әлеуетті жеткізушінің атауы, заңды және нақты мекенжайы (заңды тұлғалар үшін), патент және жеке куәлігінің (төлқұжат) нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты орны (жеке тұлғалар үшін), банктік деректемелері;
• орындалатын жұмыс атауы;
• жұмысты орындау орны мен мерзімі;
• ҚҚС сомасын есептемегендегі жұмыстың бірлігі үшін бағасы.
2) Әлеуетті жеткізуші желімдеп жабылған баға ұсыныстары бар конверттің бет жағында мыналарды көрсетуі керек:
• әлеуетті жеткізушінің толық атауы мен пошталық мекенжайы
• сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы;
• әлеуетті жеткізуші баға ұсыныстарын беруге қатысу үшін тауарлар, жұмыстар, қызметтерді сатып алу атауы.
Шартқа қол қою үшін Жеткізуші мына құжаттардың көшірмелерін беруге міндеттеледі:
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік үшін:
• Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
• ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қойылғаны туралы куәлік (салық салынатын болса);
• Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
• Бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық
Жеке кәсіпкер үшін:
• ЖК тіркеу туралы куәлік;
• Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
• Жеке куәлігі;
• ҚҚС бойынша тіркелу есебіне қойылғаны туралы куәлік (салық салынатын болса).
Жеткізуші тарапынан сатып алу туралы шартқа қол қоюдың талап етілетін мерзімі – 7 жұмыс күні.