Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен үздіксіз қоректендіру көздеріне арналған қосалқы бөлшектерді сатып алудың өткізілетіндігі туралы хабарландыру (Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары бар конверттерді беру күні мен уақыты: 2015 жылғы «22» қазан сағат 09:00-ден бастап 2015 жылғы «29» қазан сағат 09:30-ға дейін)

Сатып алу туралы хабарландыру

Тапсырыс беруші: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ 050000, Алматы қ., Панфилов көш., 98, электронды мекенжайы – [email protected]
Сатып алуды ұйымдастырушы: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, Сатып алу басқармасы, 050000, Алматы қ., Панфилов көш., 98: тел.: 259-91-80, электронды мекенжайы – [email protected]

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен үздіксіз қоректендіру көздеріне арналған қосалқы бөлшектерді сатып алудың өткізілетіндігі туралы хабарландырады.

Атауы және қосымша ақпараттар:

Лот № Тауар атауы Өлшем бірлігі Саны Тауардың
сипаттамасы
1 Үздіксіз қоректендіру көздеріне арналған вентилятор дана 4 Master Guard 90-NET S-III, Fan Module 10B48250P2
2 Үздіксіз қоректендіру көздеріне арналған конденсатор дана 6 Master Guard 90-NET S-III, Capacitor 77u 525Vac 10H42093P01
3 Үздіксіз қоректендіру көздеріне арналған күштік модуль дана 3 Gamatronic Power + UPS Module 10kVA 3/3CL 2U Height, 3x400VAC/50Hz

Лот бойынша Тауарды сатып алуға бөлінген сома:
Лот №1 «Үздіксіз қоректендіру көздеріне арналған вентилятор» – ҚҚС есептемегенде 501 785,72 теңге;
Лот №2 «Үздіксіз қоректендіру көздеріне арналған конденсатор»  – ҚҚС есептемегенде 803 571,42 теңге;
Лот №3 «Үздіксіз қоректендіру көздеріне арналған күштік  модуль»  – ҚҚС есептемегенде 1 608 401,79 теңге;
Тауар жеткізу орны: Алматы қ., Ермак көш., 24-үй; тел: 2599 – 180.
Тауар жеткізу мерзімі және ақы төлеу тәртібі Шарт талаптарына сәйкес.
Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын жеткізетін орны – «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, 050000, Алматы қ., Панфилов көш., 98, №401 бөлме.
Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары бар конверттерді беру күні мен уақыты:
2015 жылғы  «22» қазан  сағат 09:00-ден бастап 2015 жылғы  «29» қазан  сағат 09:30-ға дейін
Баға ұсыныстары бар конверттерді ашу күні мен уақыты:
2015 жылғы  «29» қазан сағат 10:00-де.
Сатып алу туралы шарт жобасы мен қосымша ақпарат қоса жіберіледі.
1) Әр әлеуетті жеткізуші ұсынылған нысан бойынша мына мәліметтерді құрайтын, тек бір баға ұсынысын бере алады:
•    әлеуетті жеткізушінің атауы, заңды және нақты мекенжайы (заңды тұлғалар үшін), патент және жеке куәлігінің (төлқұжат) нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты орны (жеке тұлғалар үшін), банктік деректемелері;
•    жеткізетін тауар атауы;
•    тауар жеткізу орны мен мерзімі;
•    ҚҚС сомасын есептемегендегі тауар бірлігі үшін бағасы.
2) Әлеуетті жеткізуші желімдеп жабылған баға ұсыныстары бар конверттің бет жағында мыналарды көрсетуі керек:
•    әлеуетті жеткізушінің толық атауы мен пошталық мекенжайы
•    сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы;
•    әлеуетті жеткізуші баға ұсыныстарын беруге қатысу үшін тауарлар, жұмыстар, қызметтерді сатып алу атауы.
Шартқа қол қою үшін Жеткізуші мына құжаттардың көшірмесін беруге міндеттеледі:
Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі үшін:
•    Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
•    ҚҚС бойынша тіркелу есебіне қойылу туралы куәлік (салық салынатын болса);
•    Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
•    Бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық
Жеке кәсіпкер үшін:
•    ЖК тіркеу туралы куәлік;
•    Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
•    Жеке куәлігі;
•    ҚҚС бойынша тіркелу есебіне қойылу туралы куәлік (салық салынатын болса).
Жеткізуші тарапынан сатып алу туралы шартқа қол қоюдың талап етілетін мерзімі – 7 жұмыс күні.

Получить документацию

Comments are closed.