Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен жеңіл автомобильдің шанағын жылтырату бойынша қызметті қайта сатып алуды өткізу туралы хабарландыру (Баға ұсыныстары бар конверттерді ашу күні мен уақыты: « 14» тамыз 2015ж. сағат 10:00.)
Сатып алу туралы хабарландыру
Тапсырыс беруші: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, 050000, Алматы қ., Панфилов көш., 98, электронды мекенжайы – [email protected]
Сатып алуды ұйымдастырушы: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, Сатып алу басқармасы, 050000, Алматы қ., Панфилов көш., 98: тел: 259-91-80, электронды мекенжайы – [email protected]
баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен жеңіл автомобильдің шанағын жылтырату бойынша қызметті қайта сатып алуды өткізу туралы хабарландырады.
Атауы және қосымша ақпарат:
Toyota Land Cruiser-2дана, Lexus LS460-1дана, Lexus GS350-1дана, Toyota Camry-6 дана, барлығы – 10 дана. маркалы жеңіл автомобильдердің шанағын жылтырату.
Шанақтың бетін толығымен арнайы лакты бояу құралдармен өндеу;
Автомобиль әйнегін арнайы құралдармен өндеу;
Автомобиль оптикасын арнайы құралдармен өндеу;
Доңғалақ дискілерін арнайы құралдармен өндеу;
Хромдалған шанақ бөлшектерін арнайы құралдармен өндеу;
Автомобиль шанағының жылтыратуын шағын жарылғандары мен әйнектің жарылғандарын әртүрлі деңгейдегі абразиві бар жылтырату пастасын пайдалана отырып, нано технологиясын қолдана отырып қайтадан қалпына келтіре отырып шанақты жылтырату.
Сатып алуға бекітілген жалпы сома – ҚҚС есептемегенде 175785,00 теңге,
Қызмет көрсету орны – Алматы қ., Ермак к-сі 24, тел.: 259-91-45;
Қызмет көрсету мерзімі және ақы төлеу талаптары Шарт талаптарына сәйкес.
Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын жеткізетін орны – «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, 050000, Алматы қ., Панфилов көш., 98, №401 бөлме.
Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары бар конверттерді беру күні мен уақыты:
«07» тамыз 2015ж. сағат 09:00 бастап « 14» тамыз 2015ж. сағат 09:30 дейін
Баға ұсыныстары бар конверттерді ашу күні мен уақыты:
« 14» тамыз 2015ж. сағат 10:00.
Сатып алу туралы шарт жобасы мен техникалық ерекше сипаттамасы қоса жіберіледі.
1) Әр әлеуетті жеткізуші ұсынылған нысан бойынша мына мәліметтерді құрайтын, тек бір баға ұсынысын бере алады:
• әлеуетті жеткізушінің атауы, заңды және нақты мекенжайы (заңды тұлғалар үшін), патент және жеке куәлігінің (төлқұжат) нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты орны (жеке тұлғалар үшін), банктік деректемелері;
• көрсететін қызмет атауы;
• қызмет көрсету орны мен мерзімі;
• ҚҚС сомасын есептемегендегі бірлігі үшін бағасы.
2) Әлеуетті жеткізуші желімдеп жабылған баға ұсыныстары бар конверттің бет жағында мыналарды көрсетуі керек:
• әлеуетті жеткізушінің толық атауы мен пошталық мекенжайы
• сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы;
• әлеуетті жеткізуші баға ұсыныстарын беруге қатысу үшін тауарлар, жұмыстар, қызметтерді сатып алу атауы.
Шартқа қол қою үшін Жеткізуші мына құжаттардың көшірмелерін беруге міндеттеледі:
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік үшін:
• Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
• ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қойылғаны туралы куәлік (салық салынатын болса);
• Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
• Бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық
Жеке кәсіпкер үшін:
• ЖК тіркеу туралы куәлік;
• Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
• Жеке куәлігі;
• ҚҚС бойынша тіркелу есебіне қойылғаны туралы куәлік (салық салынатын болса).
Жеткізуші тарапынан сатып алу туралы шартқа қол қоюдың талап етілетін мерзімі – 7 жұмыс күні.