Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен әжетхана қағазы мен ауа сергіткішті сатып алуды өткізу туралы хабарландыру (Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын беруді бастау мерзімі: 2019 жылғы «12» қарашада Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша 09 сағат 00 минутта, мына мекенжай бойынша: A25Y5E8, Алматы қаласы, Қонаев көш., 181. № 204 кабинет)
1. Тапсырыс беруші: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, A25Y5E8, Алматы қ., Қонаев көш., 181, электронды мекенжайы – [email protected] .
Сатып алуды ұйымдастырушы: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, Сатып алу басқармасы, A25Y5E8, Алматы қ., Қонаев көш., 181, тел.: 259-91-81, электронды мекенжайы – [email protected], баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен әжетхана қағазы мен ауа сергіткішті (бұдан әрі – Тауар) сатып алудың өткізілетіндігі туралы хабарландырады және көрсетілген сатып алуға қатысуға шақырады.
2. Сатып алынатын Тауардың атауы, саны, құны және қысқаша сипаттамасы:
Лот № | Тауар атауы | Сатып алынатын Тауардың қысқаша сипаттамасы | Өлшем бірлігі | Саны, көлемі | Бірлігі үшін бағасы, теңгемен (ҚҚС есептемегенде) | Сатып алуға бекітілген жалпы сома, теңгемен (ҚҚС есептемегенде) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | Әжетхана қағазы | Кемінде ұзындығы 28 м, ені кемінде 90 мм. Орам салмағы кемінде 85 гр. Екіқабатты, ақ, теспеленген, төлкеде. Құрамы 100% целлюлоза. Полиэтилен пакетке 10 данадан өлшеніп салынған. | Орам | 11 760,00 | 90,00 | 1 058 400,00 |
2 | Ауа сергіткіш | Жуыну, ас, қонақ, жатын бөлмелерінде және кабинеттегі жағымсыз иісті жоюға арналған. Қолмен басқарылатын аэрозольдің сыйымдылығы кемінде 300 мл. Хош иістердің кең түрі. | дана | 35,00 | 510,00 | 17 850,00 |
3. Сатып алынатын Тауардың техникалық ерекше сипаттамасы: шарт талаптарына сәйкес (әлеуетті жеткізуші баға ұсыныстарымен бірге сатып алынатын Тауардың қол қойылған техникалық ерекше сипаттамасын беруі қажет).
4. Тауар жеткізу орны: Шарт талаптарына сәйкес.
5. Тауар жеткізу мерзімі: Шарт талаптарына сәйкес.
6. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын беруді бастау мерзімі: 2019 жылғы «12» қарашада Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша 09 сағат 00 минутта, мына мекенжай бойынша: A25Y5E8, Алматы қаласы, Қонаев көш., 181. № 204 кабинет.
7. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын беруді аяқтау мерзімі: 2019 жылғы «19» қарашада Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша 11 сағат 00 минутта, мына мекенжай бойынша: A25Y5E8, Алматы қаласы, Қонаев көш., 181. № 204 кабинет.
8. Баға ұсыныстары бар конверттерді ашу күні мен уақыты: 2019 жылғы «19» қарашада Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша 12 сағат 00 минутта, мына мекенжай бойынша: A25Y5E8, Алматы қаласы, Қонаев көш., 181. № 204 кабинет.
9. Тауарды сатып алу туралы шарт жобасы маңызды талаптары көрсетіле отырып, оның ішінде техникалық талаптары қоса беріледі.
10. Әлеуетті жеткізуші «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» акционерлік қоғамы Бас директорының 2019 жылғы 15 шілдедегі №95-Ө бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» акционерлік қоғамының тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу рәсімдерін ұйымдастыру және өткізу Қағидаларының (бұдан әрі – Қағида) 8-қосымшасына сай нысан бойынша, әлеуетті жеткізушінің қолымен және мөрімен (бар болса) бекітілген тек бір баға ұсынысын ұсынады, ол келесі мәліметтер мен құжаттарды қамтиды:
1) әлеуетті жеткізушінің атауы;
2) жеткізілетін тауар атауы, сипаттамасы және саны;
3) Тауар жеткізуге байланысты оның шығыстары қоса қамтылған тауардың бірлік бағасы және жалпы бағасы:
4) Әлеуетті жеткізушімен қол қойылған, Тауар үшін құны көрсетілген техникалық ерекше нұсқама.
Қағиданың 200-тармағымен көзделген жағдайды қоспағанда, баға ұсыныстарын беру мерзімі аяқталғаннан кейін әлеуетті жеткізуші ұсынған баға ұсынысына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге жол берілмейді.
11. Әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысын беруі оның өткізілетін сатып алулар мен Қағидалардың талаптарымен көзделген талаптарды сақтай отырып, тауар жеткізуді, жұмысты орындауды, қызметті көрсетуді жүзеге асыруға келісім беру нысаны болып табылады.
12. Әлеуетті жеткізуші баға ұсынысын желімделген конвертте баға ұсынысын сұрату тәсілімен сатып алулар туралы хабарландыруда көрсетілген баға ұсыныстарын берудің аяқталу уақыты мен күніне дейін ұсынады.
Әлеуетті жеткізуші не болмаса олардың уәкілетті өкілдері арнайылап баға ұсыныстарын ұсынған кезде әлеуетті жеткізушілер не болмаса олардың уәкілетті өкілдері баға ұсынысын беру құқығына әлеуетті жеткізушінің мүддесін қорғайтын тұлғаларға жеке басын куәландыратын құжатының көшірмесімен бірге сенімхат ұсынуы тиіс.
13. Баға ұсынысы бар желімделген конверттің сыртқы бетінде әлеуетті жеткізуші:
1) әлеуетті жеткізушінің толық атауын және пошталық (заңды) мекенжайын, БСН/ЖСН;
2) сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген мәліметтерге сәйкес келетін тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) атауын және пошталық мекенжайын;
3) қатысу үшін әлеуетті жеткізуші баға ұсынысын ұсынатын лоттың тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алулардың атауын көрсетеді.
14. Шартқа қол қою үшін Жеткізуші келесі құжаттардың көшірмелерін беруге міндеттеледі:
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік үшін:
• Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
• ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік (егер салық салынатын болса);
• Банктен толық деректемелері көрсетілген анықтама;
• Бірінші басшыны тағайындауға бұйрық.
Жеке кәсіпкер үшін:
• ЖК тіркеу туралы куәлік;
• Банктен толық деректемелері көрсетілген анықтама;
• Жеке куәлік;
• ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік (егер салық салынатын болса).