Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен жылу перделерін Қайта сатып алуды өткізу туралы хабарландырады және көрсетілген сатып алуға қатысуға шақырады (Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары бар конверттерді берген күні мен уақыты: 2018 жылғы «06» қараша 09:00 сағаттан бастап 2018 жылғы «13» қараша, 09:30 сағатқа дейін)

1. Тапсырыс беруші: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, A25Y5E8, Алматы қ., Қонаев көш., 181, электронды мекенжайы – [email protected] .
Сатып алуды ұйымдастырушы: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, Сатып алу басқармасы, A25Y5E8, Алматы қ., Қонаев көш., 181, тел.: 258-88-21, электронды мекенжайы – [email protected] .
баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен жылу перделерін қайта сатып алудың өткізілетіндігі туралы хабарландырады және көрсетілген сатып алуға қатысуға шақырады
2. Тауар атауы, құны және қысқаша сипаттамасы:

Лот тар Атауы Тауардың қысқаша сипаттамасы Өлшем бірлігі Саны Бірлігі үшін бағасы, теңгемен (ҚҚС есептемегенде) Сатып алуға бекітілген жалпы сома, теңгемен (ҚҚС есептемегенде)
№ 1 Лот Жылу пердесі Көлденеңнен орнатылады. Жұмыс режимі: */2.75/5.5 кВт. Кернеуі – 220 В. Ілгіштің максималды биіктігі -2,2 м. Габариттері  (ұ/е/б) кемінде 1090/175/135 мм. Салмағы 12 кг. Эффективті ағындық  ұзындығы 2,5 м. Өнімділігі кемінде  700 м3/с. . Қорғаныс деңгейі- IP20. Шу деңгейі 50 дБ-дан аспайды. дана 1,00 65 000,00 65 000,00
№ 2 Лот Жылу пердесі Көлденеңнен орнатылады. Жұмыс режимі: */1.5/3 кВт. Кернеуі –  220 В.  Ілгіштің максималды биіктігі – 2,2 м.  Габариттері  (ұ/е/б) кемінде 597/120/183 мм. Салмағы  4,5 кг. Эффективті ағындық  ұзындығы 2,2 м. Өнімділігі кемінде  390 м3/с. Қорғаныс деңгейі- IP20. Шу деңгейі 50 дБ-дан аспайды. дана 2,00 28 000,00 56 000,00

3. Тауар жеткізу талап етілетін мерзімдері – қос Тарап Шартқа қол қойған күннен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күн.
4. Тауар жеткізетін орын – Алматы қаласы, Ермак көшесі, 24.
5. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары бар конверттерді берген күні мен уақыты: 2018 жылғы «06» қараша 09:00 сағаттан бастап 2018 жылғы «13» қараша, 09:30 сағатқа дейін.
6. Баға ұсыныстары бар конверттерді ашу күні мен уақыты: 2018 жылғы «13» қараша, 10:00 сағатта. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын беретін және олардың ашылатын орны – «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, A25Y5E8, Алматы қаласы, Қонаев көш., 181. № 204 кабинет.
7. Жеткізілетін Тауар үшін ақы төлеудің талап етілетін тәртібі Шарт талаптарына сәйкес.
8. Сатып алу туралы шарт жобасы Тауардың маңызды талаптары және сипаттамасы көрсетіліп қоса беріледі.
1) Әлеуетті жеткізуші ұсынылған нысан бойынша мына мәліметтер мен құжаттардан тұратын әлеуетті жеткізушінің қолымен және мөрімен (бар болған жағдайда) бекітілген тек бір баға ұсынысын бере алады:
• әлеуетті жеткізушінің атауы;
• Жеткізілетін Тауардың атауы, сипаттамасы және саны;
• Шыққан елі мен өндіруші зауыт (жұмыстарды, қызметтерді сатып алған кезде толтырылмайды);
• Тауар жеткізуге байланысты шығыстары енген Тауардың бірлік бағасы мен жалпы бағасы.
2) Әлеуетті жеткізуші желімдеп жабылған баға ұсыныстары бар конверттің бет жағында мыналарды көрсетуі керек:
• әлеуетті жеткізушінің толық атауы мен пошталық (заңды) мекенжайы;
• сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы;
• әлеуетті жеткізуші қатысу үшін баға ұсыныстарын берген тауарды сатып алу атауы.
• Әлеуетті жеткізушілер немесе оның уәкілетті өкілдері баға ұсыныстарын өз қолымен бергенде, әлеуетті жеткізушілер немесе оның уәкілетті өкілдері баға ұсыныстарын беру құқына берілген әлеуетті жеткізушінің мүдделерін қорғайтын тұлғаларына жеке басын куәландыратын құжат көшірмесімен сенімхатты беруге тиіс.
Баға ұсыныстарын пошта арқылы жібергенде, конверттің беткі жағында қосымша ескертпе болуы тиіс: «2018 жылғы «13» қараша 10 сағат 00 минутқа дейін ашылмасын».
Шартқа қол қою үшін Жеткізуші мына құжаттардың көшірмесін беруге міндеттенеді:
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін:
• Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
• ҚҚС бойынша тіркелу есебіне қойылу туралы куәлік (салық салынатын болса);
• Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
• Бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық
Жеке кәсіпкер үшін:
• ЖК тіркеу туралы куәлік;
• Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
• Жеке куәлігі;
• ҚҚС бойынша тіркелу есебіне қойылу туралы куәлік (салық салынатын болса).
Жеткізуші тарапынан сатып алу туралы шартқа қол қоюдың талап етілетін мерзімі – 7 жұмыс күні.

Получить документацию

Comments are closed.