Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен жылу қуатын есептеу құралын тексеру қызметтерін сатып алу туралы хабарландыру (Баға ұсыныстары бар конверттерді әлеуетті жеткізушінің беру күні мен уақыты: 2019 жылғы 01.02. сағат 10:00 бастап 2019 жылғы 08.02. сағат 10:00 дейін)

1. Тапсырыс беруші: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, A25Y5E8 (050010), Алматы қ., Қонаев көш., 181, электронды мекенжайы – [email protected],
Сатып алуды ұйымдастырушы: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, Сатып алу басқармасы, A25Y5E8 (050010), Алматы қ., Қонаев көш., 181, тел.: 259-91-44, электронды мекенжайы – [email protected]
баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен жылу қуатын есептеу құралын тексеру қызметтерін сатып алуды өткізу туралы хабарландырады және көрсетілген сатып алуларға қатысуға шақырады
2. Қызметтердің атауы және қысқаша сипаттамасы:

Лот Қызметтер атауы Сипаттамасы Өлшем бірлігі Саны ҚҚС есептемегендегі сатып алуға бөлінген жалпы сомасы, теңге Қызметтерді көрсету орны
1 2 3 4 5 6 7
1 Жылу қуатын есептеу құралын тексеру

 

Шартты өткелінің диаметрі 40 мм. KМ-5 жылу қуатын есептеу құралын тексеру

Тапсырыс берушіге тұтынушыдағы жылу қуатын есептеу тораптарын пайдалануға қайталама рұқсат беру актін, тексеру туралы сертификаттарды бере отырып, жылумен жабдықтау ұйымдарында Құрал-жабдықты пайдалануға  рұқсат ала отырып  жинағымен жылу қуатын есептеу құралын демонтаждау, кезеңдік тексеру, баптау, реттеу, монтаждау

Қызмет 1,00 100 000,00 Алматы қаласы,

Әйтеке би көшесі, 67

Қызметтерді сатып алуға бөлінген жалпы сома – ҚҚС сомасын есептемегенде 100 000,00 (жүз мың) теңге 00 тиын.
3. Қызметтерді көрсету орны Шарт талаптарына сәйкес.
4. Қызметтерді көрсетудің талап етілетін мерзімі Шартқа қос Тарап қол қойған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн.
5. Баға ұсыныстары бар конверттерді әлеуетті жеткізушінің беру күні мен уақыты: 2019 жылғы 01.02. сағат 10:00 бастап 2019 жылғы 08.02. сағат 10:00 дейін.
6. Баға ұсыныстары бар конверттерді ашу күні мен уақыты: 2019 жылғы 08.02. сағат 10:30.
Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын беретін және оларды ашатын орны – «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, A25Y5E8 (050010), Алматы қ., Қонаев көш., 181, №204 кабинет.
7. Қызметтер үшін талап етілетін ақы төлеу талаптары Шарт талаптарына сәйкес.
8. Маңызды талаптарын көрсете отырып сатып алу туралы шарт жобасы қоса жіберіледі.
1) Әлеуетті жеткізуші ұсынылған нысан бойынша мына мәліметтерді және құжаттарды қамтитын әлеуетті жеткізушінің қолы және мөрімен (ол бар болса) бекітілген тек бір баға ұсынысын береді:
• әлеуетті жеткізушінің атауы;
• көрсетілетін Қызметтердің атауы, сипаттамасы және саны;
• өндірген ел мен өндіруші зауыт (жұмыстарды, қызметтерді сатып алу кезінде толтырылмайды)
• құрамына Қызметтерді көрсетуге байланысты шығыстары қамтылған Қызметтің бірлік бағасы және жалпы бағасы.
2) Әлеуетті жеткізуші желімдеп жабылған баға ұсыныстары бар конверттің бет жағында мыналарды көрсетуі керек:
• әлеуетті жеткізушінің толық атауы мен пошталық (заңды) мекенжайы;
• сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы;
• әлеуетті жеткізуші баға ұсыныстарын беруге қатысу үшін Қызметтерді сатып алу атауы.
Баға ұсынысын поштамен жіберген кезде конверттің бет жағында қосымша ескертпе болуы керек: «2019 жылғы «08» ақпан 10 сағат 30 минутқа дейін ашпау керек».
Әлеуетті жеткізуші немесе олардың уәкілетті өкілдері баға ұсыныстарын қолма-қол берген жағдайда әлеуетті жеткізушілер немесе олардың уәкілетті өкілдері баға ұсыныстарын беру құқығына әлеуетті жеткізушінің мүддесін білдіретін тұлғалардың сенімхаттарын, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесімен бірге беруі керек.
Шартқа қол қою үшін Жеткізуші мына құжаттардың көшірмесін беруге міндеттеледі:
Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі үшін:
• Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
• ҚҚС бойынша тіркелу есебіне қойылу туралы куәлік (салық салынатын болса);
• Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
• Бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық.
Жеке кәсіпкер үшін:
• ЖК тіркеу туралы куәлік;
• Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
• Жеке куәлігі;
• ҚҚС бойынша тіркелу есебіне қойылу туралы куәлік (салық салынатын болса).
Жеткізуші тарапынан сатып алу туралы шартқа қол қоюдың талап етілетін мерзімі – 7 жұмыс күні.

Получить документацию

Comments are closed.