Балабақша аумағына асфальт төсеу бойынша жұмысты хабарландыруды орналастыру арқылы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды өткізетіндігі туралы хабарландырады және көрсетілген сатып алуға қатысуға шақырады (Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары бар конверттерді беру күні мен уақыты: 2017ж. «02» маусым сағат 09:00 ден бастап 2017ж. «12» маусым сағат 10:00 дейін)

1. Тапсырыс беруші: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, 050000, Алматы қ., Панфилов көш., 98, Қонаев көш.,  181, электронды мекенжайы – [email protected]
Сатып алуды ұйымдастырушы: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, Сатып алу басқармасы 050000, Алматы қ., Панфилов көш., 98, телефон: 259-91-12, электронды мекенжайы – [email protected]
хабарландыруды орналастыру арқылы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен балабақша аумағына асфальт төсеу бойынша жұмысты сатып алуды өткізу туралы хабарландырады және көрсетілген сатып алуға қатысуға шақырады.
2. Жұмыстың атауы және қысқаша сипаттамасы:

Лот№ Жұмыстың атауы Жұмыстың қысқаша сипаттамасы  

Өлшем бірлігі

 

Саны

ҚҚС есептемегенде бірлік үшін бағасы, теңге ҚҚС

есептемегенде

сатып алуға

бөлінген

жалпы

сома, теңге

1 2 3 4 5 6 7
1 Балабақша аумағына асфальт төсеу бойынша жұмыс №26 «Ақмарал» балабақшасы аумағына асфальт төсеу бойынша жұмысты орындау

1. Бордюрды бұзу–4 қ.м.,

2. Бетон төсемді бұзу–1,5 м3.,

3. Қалыңдығы 20 см. – 209 м2 ден. асфальт-бетон төсемдер мен негіздерді бөлшектеу.

4. Ағаштар мен бұталар тамырл ларынан тазалап отырып құм мен топырақтың бетін ашу –94 м2.

5. Құдықтар люктарының қақпақтарын асфальтпен тең көтеру –6 дана.

6. Қалыңдығы 12 см –209 м2. құм-тас қоспадан жасалған бір беттік төсем мен беттерді құру.

7. Ұсақ дәндік тығыз – 452 м2. асфальт-бетон ыстық қоспалардан 5 см төсемді құру.

8. Ұсақ дәндік тығыз – 209 м2. асфальт-бетон ыстық қоспалардан 8 см төсемді құру.

9. Бордюрды орнату–5 қ.м.

10. Қырларды орнату (жаяужол бордюрын) – 236 қ.м.

жұмыс 1 1 787 142,00 1 787 142,00

Жұмысты сатып алуға бөлінген жалпы сома – ҚҚС сомасын есептемегенде 1 787 142,00 (Бір миллион жеті жүз сексен жеті мың жүз қырық екі) теңге 00 тиын.
3. Жұмысты орындау орны – Алматы қ., Бәрібаев 55.
4. Талап етілетін Жұмысты орындау мерзімі Шарт талаптарына сәйкес.
5. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары бар конверттерді беру күні мен уақыты: 2017ж. «02» маусым сағат 09:00 ден бастап 2017ж. «12» маусым сағат 10:00 дейін.
6. Баға ұсыныстары бар конверттерді ашу күні мен уақыты: 2017ж. «12»  маусым сағат 11:00.
Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын жеткізетін орны – «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, 050000, Алматы қ., Қонаев көш.,  181, №204 бөлме.
7. Жұмыс үшін талап етілетін ақы төлеу талаптары Шарт талаптарына сәйкес.
8. Маңызды талаптарды көрсете отырып сатып алу туралы шарт жобасы және техникалық ерекше нұсқама қоса жіберіледі.
1) Әр әлеуетті жеткізуші ұсынылған нысан бойынша мына мәліметтерді құрайтын, тек бір баға ұсынысын бере алады:
• әлеуетті жеткізушінің атауы, заңды және нақты мекенжайы (заңды тұлғалар үшін), патент және жеке куәлігінің (төлқұжат) нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты орны (жеке тұлғалар үшін), банктік деректемелері;
• орындалатын Жұмыс атауы, сипаттамасы және саны;
• Жұмысты орындау орны мен мерзімі;
• Бірлік үшін бағасы және Жұмысты орындауға байланысты шығындар кіретін Жұмыстың жалпы бағасы.
2) Әлеуетті жеткізуші желімдеп жабылған баға ұсыныстары бар конверттің бет жағында мыналарды көрсетуі керек:
• әлеуетті жеткізушінің толық атауы мен пошталық (заңды) мекенжайы
• сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы;
• әлеуетті жеткізуші баға ұсыныстарын беруге қатысу үшін тауарды сатып алу атауы.
Баға ұсынысты поштамен жіберген сәтте, конверттің бетінде: «2017 жылғы  «12» маусым сағат 11:00 минутқа дейін ашпау керек» деген қосымша белгі болу керек.
Баға ұсыныстарды әлеуетті жеткізушілер немесе уәкілетті өкілдер қолма-қол ұсыну кезінде әлеуетті жеткізушілерде немесе уәкілетті өкілдерінде өзінде жеке басын куәландыратын куәліктің көшірмесі бар баға ұсынысын ұсынуға құқығын беретін әлеуетті жеткізушінің мүддесін қорғайтын тұлғаларда сенімхат болу керек.
Шартқа қол қою үшін Жеткізуші мына құжаттардың көшірмелерін беруге міндеттеледі:
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік үшін:
• Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
• ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қойылғаны туралы куәлік (салық салынатын болса);
• Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
• Бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық
Жеке кәсіпкер үшін:
• ЖК тіркеу туралы куәлік;
• Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
• Жеке куәлігі;
• ҚҚС бойынша тіркелу есебіне қойылғаны туралы куәлік (салық салынатын болса).
Жеткізуші тарапынан сатып алу туралы шартқа қол қоюдың талап етілетін мерзімі – 7 жұмыс күні.

Получить документацию

Comments are closed.