Электр жабдығына (Көктем-3/21, Қонаев, 181, Бәрібаев, 55, Сүйінбай, 89) профилактикалық сынақтар жүргізу қызметтерін сатып алу жөніндегі тендер талаптары бар тендердің өткізілетіндігі туралы хабарландыру (Тендер өтінімдерін берудің соңғы мерзімі қоса алғанда 2019 жылғы «8» қараша 10 сағат 00 минутқа дейін)
Сатып алуды ұйымдастырушы, «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» акционерлік қоғамының сатып алу басқармасы арқылы, A25Y5E8 (050010), Алматы қаласы, Қонаев көшесі, 181, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ-дағы БСН: 110340003611, ЖСК: KZ39125KZT1001305542, БСК: NBRKKZKX, БЕк 16, шот валютасы: KZT, электронды мекенжай – [email protected], тел. 8 727 2599 181, ішкі тел. 3749, электр жабдығына (Көктем-3/21, Қонаев, 181, Бәрібаев, 55, Сүйінбай, 89) профилактикалық сынақтар жүргізу қызметтерін (бұдан әрі – Қызметтер) тендер тәсілімен сатып алудың өткізілетіндігі туралы хабарлайды.
Тендер талаптары:
1. Сатып алынатын Қызметтердің атауы, олардың көлемі және Қызметтерді сатып алуға бөлінген сома ҚҚС сомасын есептемегенде 983 247,00 (тоғыз жүз сексен үш мың екі жүз қырық жеті) теңге 00 тиынды құрайды, соның ішінде:
Лот № |
Атауы | Өлшем бірлігі | Саны, көлемі | Сатып алуға бөлінген сома (теңге, ҚҚС-сыз) |
1 | Электр жабдығына (Көктем-3/21, Қонаев, 181, Бәрібаев, 55, Сүйінбай, 89) профилактикалық сынақтар жүргізу | Қызмет | 1 | 983 247,00 (тоғыз жүз сексен үш мың екі жүз қырық жеті) теңге 00 тиын |
2. Сатып алынатын Қызметке техникалық ерекше нұсқама осы Тендер талаптарына 1-қосымшаға сәйкес 1 (бір) бетте.
3. Маңызды талаптары көрсетілген 8 (сегіз) беттік сатып алу туралы шарт жобасы осы Тендер талаптарының 2-қосымшасына сәйкес.
4. Қызметті көрсету орны: Шарт талаптарына сәйкес.
5. Қызметті көрсетуге талап етілетін мерзім: Шарт талаптарына сәйкес.
Тендер өтінімін беру тәртібі Қағиданың 4-параграфында көзделген. Конвертпен бекітілген тендер өтінімдерін әлеуетті жеткізуші немесе оның уәкілетті өкілдері сатып алуды ұйымдастырушыға қолма-қол немесе тапсырыс бойынша жасалған пошта байланысымен A25Y5E8 (050010), Алматы қаласы, Медеу ауданы, Қонаев көшесі, 181, № 204 кабинет мекенжайына береді (жібереді).
Қызметті сатып алуға бөлінген соманың 1 (бір) пайызы мөлшеріндегі тендерге қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз ету Қағиданың 10-Қосымшасына сәйкес үлгі нысан бойынша банктік кепілдік немесе Тапсырыс берушінің мына банктік шотына: «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ-дағы БСН: 110340003611, ЖСК: KZ39125KZT1001305542, БСК: NBRKKZKX, шот валютасы: KZT орналасқан кепілді ақшалай жарнаны енгізгендігін растайтын төлем құжаты түрінде енгізіледі.
Тендер өтінімдерін қамтамасыз етпейтін барлық тендер өтінімдерін тендер комиссиясы Қағида талаптарына сәйкес келмейтін ретінде қабылдамайды.
6. Тендер өтінімдерін берудің соңғы мерзімі 2019 жылғы «8» қараша қоса алғанда 10 сағат 00 минутқа дейін.
7. Тендер өтінімдері A25Y5E8 (050010), Алматы қаласы, Медеу ауданы, Қонаев көшесі 181, № 100 кабинет мекенжайында 2019 жылғы «8» қараша 11 сағат 00 минутта ашылады.
8. Тендер талаптарын түсіндіру қажеттілігі болғанда, әлеуетті жеткізушілер 2019 жылғы «1» қараша «10» сағат «00» минуттан кешіктірмей жазбаша сұратуымен сатып алуды ұйымдастырушыға жүгінеді.
Әлеуетті жеткізушілердің сұратуларын сатып алуды ұйымдастырушының мына деректемелері бойынша жіберу қажет: Қазақстан Республикасы, A25Y5E8 (050010), Алматы қаласы, Медеу ауданы, Қонаев көшесі, 181, Сатып алу басқармасы, 204 каб., электронды мекенжайы – [email protected], тел. 8 (727) 259 91 81.
9. Сатып алуды ұйымдастырушы сұратуды алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде:
тендер талаптарын түсіндіру мәтінін тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) https://cma-nbrk.kz. интернет-ресурсында жариялайды;
сұрату кімнен келіп түскенін көрсетпестен электронды пошта бойынша тендер талаптарына кіру рұқсатын алған әлеуетті жеткізушілерге тендер талаптарын түсіндіру мәтінін жібереді.
10. Сатып алуды ұйымдастырушы 2019 жылғы «4» қараша «18» сағат 30 минуттан кеш емес мерзімде өзінің бастамасымен немесе әлеуетті жеткізушінің сұратуына жауап ретінде тендер талаптарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді.
Сатып алуды ұйымдастырушы тендер талаптарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешімдер қабылданған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кеш емес мерзімде тендер талаптарына енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар мәтінін Тапсырыс берушінің https://cma-nbrk.kz. интернет-ресурсына орналастырады.
Тендер өтінімдерін берудің соңғы мерзімі кем дегенде 5 (бес) күнтізбелік күнге ұзартылады.
11. Тендерге қатысуға ниет білдірген әлеуетті жеткізуші Қызметті сатып алуды өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде Қағиданың 72 және (немесе) 75-тармақтарында көзделген құжаттарды береді.
Әлеуетті жеткізушінің тендер өтінімі Қағидада көзделген талаптарға сәйкес ресімделуі тиіс.
Қосымша ақпараттарды мына телефон бойынша алуға болады:
тел. 8 727 2599 181, ішкі тел. 3749.
Тендер комиссиясының хатшысы: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» акционерлік қоғамы сатып алу басқармасының бас маманы – Молышев Талгат Максатович.
_________________________________________________________________________________________________________________________________________
1 «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» акционерлік қоғамы Бас директорының 2019 жылғы 15 шілдедегі №95-Ө бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» акционерлік қоғамының тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу рәсімдерін ұйымдастыру және өткізу Қағидалары (бұдан әрі – Қағида)
Получить документацию Протокол вскрытия Протокол предварительного допуска Протокол допуска