Газды өртсөндіргіштерге техникалық қызмет көрсету бойынша қызметтерді (Қонаев, 181) баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды өткізу туралы хабарландыру (Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын беруді аяқтау мерзімі: 2020 жылғы «03» ақпан Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша «10» сағат «30» минутта, мына мекенжай бойынша: A25Y5E8, Алматы қаласы, Қонаев көш., 181. № 204 кабинет)
1. Тапсырыс беруші: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, 050010, Алматы қ., Қонаев көш., 181, электронды мекенжайы – [email protected] .
Сатып алуды ұйымдастырушы: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, Сатып алу басқармасы, 050010, Алматы қ., Қонаев көш., 181, тел.: 259-91-81, электронды мекенжайы – [email protected], [email protected].
баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен газды өртсөндіргіштерге техникалық қызмет көрсету бойынша қызметтерді (Қонаев, 181)
сатып алудың өткізілетіндігі туралы хабарландырады және көрсетілген сатып алуға қатысуға шақырады
2. Қызмет атауы және қысқаша сипаттамасы:
Лот № | Қызмет атауы | Қызметтің қысқаша сипаттамасы | Өлшем бірлігі | Саны | ҚҚС есептемегендегі сатып алуға бөлінген жалпы сома, теңгемен | Қызмет көрсету орны |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | Газды өртсөндіргіштерге техникалық қызмет көрсету бойынша қызмет (Қонаев, 181) | 1. Алматы қаласы, Қонаев көшесі, 181 мекенжайында орналасқан «Медеу» пайдалану учаскесі серверлігіндегі АСПТ-200 бақылау блогы бар автоматты газды өртсөндіргішті орнатпасына техникалық қызмет көрсету. Қазақстан Республикасының ІІМ 2016 жылғы 29 қарашадағы №1111 «Ғимараттарды, үй-жайларды және құрылыстарды автоматты өртсөндіргіш жүйелерімен және автоматты өрт дабылдамасымен жабдықтау, өрт кезінде адамдарды хабардар ету және көшіруді басқару бойынша талаптар» бұйрығымен бекітілген Техникалық регламенттерге сәйкес. Орындау кезеңі – апта сайын. 2. ТҚ қабылдау кезінде газды өрт сөндіргіштің жұмысқа қабілеттілігін тексеру, оның ішінде: – бақылау-қабылдау панелдерінің жұмысқа қабілеттілігін тексеру (қажет болған жағдайда, қолайсыздықтарды жоюды жүргізу); – баллондарда өрт сөндіргіш құрамдардың барлығын тексеру (қажет болған жағдайда жүйенің техникалық жай-күйі актін ресімдей отырып қайта толтыруды жүргізу); – бақылау және қосылыстар қадағаларында жарамсыздық табылған жағдайда ауыстыру; – кезекші персоналды оқыту және нұсқаулықтарды құрастыру. Орындау кезеңі – жылына 1 рет (Шартты жасағаннан кейін). 3. Қосылыстар жай-күйін, жүйемен басқарудың бақылау блоктарын көзбен бақылау, шаңнан, өндірістік кір-қоңнан тазарту Орындау кезеңі – апта сайын. 4. Кедергіні өлшеу және аспаптардың жерсіндірілгенін тексеру; Орындау кезеңі – апта сайын. 5. Электр тізбектерінің оңашалану кедергісін өлшеу Орындау кезеңі – апта сайын. 6. Баллондардағы өрт сөндіру затының сақталғанын тексеру, деталдар мен тораптардың тұтастығын тексеру. Орындау кезеңі – тоқсан сайын |
қызмет | 1 | 321 000,00 | Алматы қаласы, Қонаев көшесі, 181 |
3. Сатып алынатын Тауардың техникалық ерекше нұсқамасы: шарт талаптарына сәйкес (әлеуетті жеткізуші баға ұсыныстарымен бірге сатып алынатын Қызметті қол қойылған техникалық ерекше нұсқамасын беруі қажет).
3. Қызметтерді көрсету орны – Шарт талаптарына сәйкес.
4. Қызметтерді көрсету мерзім – Шарт талаптарына сәйкес.
5. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын беруді бастау мерзімі: 2020 жылғы «27» қаңтар Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша 09 сағат 00 минутта, мына мекенжай бойынша: A25Y5E8, Алматы қаласы, Қонаев көш., 181. № 204 кабинет.
6. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын беруді аяқтау мерзімі: 2020 жылғы «03» ақпан Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша «10» сағат «30» минутта, мына мекенжай бойынша: A25Y5E8, Алматы қаласы, Қонаев көш., 181. № 204 кабинет.
7. Баға ұсыныстары бар конверттерді ашу күні мен уақыты: 2020 жылғы «03» ақпан Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша «11» сағат «00» минутта, мына мекенжай бойынша: A25Y5E8, Алматы қаласы, Қонаев көш., 181. № 204 кабинет.
8. Маңызды талаптарын көрсете отырып сатып алу туралы шарт жобасы қоса беріледі.
9. Әлеуетті жеткізуші «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» акционерлік қоғамы Бас директорының 2019 жылғы 15 шілдедегі №95-Ө бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» акционерлік қоғамының тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу рәсімдерін ұйымдастыру және өткізу Қағидаларының (бұдан әрі – Қағида) 8-Қосымшасына сәйкес, мынадай мәліметтер мен құжаттарды қамтитын әлеуетті жеткізушінің қолы мен мөрі (бар болса) қойылып бекітілген үлгілік нысанмен тек бір ғана баға ұсынысын береді:
1) әлеуетті жеткізушінің атауы;
2) көрсетілетін Қызметтің атауы, сипаттамасы және саны;
3) Қызмет көрсетуге байланысты шығыстары қоса есептелген Қызмет бірлігі үшін бағасы және жалпы бағасы.
4) Қызмет құны көрсетілген әлеуетті жеткізуші қол қойған техникалық ерекше нұсқама.
Қағидалардың 200-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, баға ұсыныстарын беру мерзімі өткеннен кейін әлеуетті жеткізуші берген баға ұсынысына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге рұқсат етілмейді.
10. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын беруі өткізілген сатып алу талаптарында және Қағидаларда көзделген талаптарды сақтай отырып, тауар жеткізуді, жұмысты орындауды, қызмет көрсетуді жүзеге асыруға оның келісімен білдіру формасы болып табылады.
11. Әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген баға ұсыныстарын беруді аяқтау уақыты мен датасына дейін мөр басылған конвертпен беріледі.
Әлеуетті жеткізушілер немесе оның уәкілетті өкілдері баға ұсыныстарын өз қолымен бергенде, әлеуетті жеткізушілер немесе оның уәкілетті өкілдері баға ұсыныстарын беру құқына берілген әлеуетті жеткізушінің мүдделерін қорғайтын тұлғаларына жеке басын куәландыратын құжат көшірмесімен сенімхатты беруге тиіс.
13. Әлеуетті жеткізуші баға ұсыныстары бар мөрленген конверттің бет жағында мыналарды көрсетуі керек:
1) әлеуетті жеткізушінің толық атауы мен пошталық (заңды) мекенжайы, БСН/ЖСН;
2) сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген мәліметтерге сәйкесетін тапсырыс берушінің мекенжайы (сатып алуды ұйымдастырушы)атауы мен пошталық;
3) қатысу үшін әлеуетті жеткізуші баға ұсыныстарын берген тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу атауы.
14. Шартқа қол қою үшін Жеткізуші мына құжаттардың көшірмелерін беруге міндеттенеді:
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін:
• Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
• ҚҚС бойынша тіркелу есебіне қойылу туралы куәлік (салық салынатын болса);
• Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
• Бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық
Жеке кәсіпкер үшін:
• ЖК тіркеу туралы куәлік;
• Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
• Жеке куәлігі;
• ҚҚС бойынша тіркелу есебіне қойылу туралы куәлік (салық салынатын болса).