Хабарландыруды орналастыру арқылы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен ағаш құрылымдарды өртке қарсы өңдеу қызмет көрсету бойынша жұмыстарды сатып алу туралы хабарландыру (Баға ұсыныстары бар конверттерді әлеуетті жеткізушінің беру күні мен уақыты: 2016 жылғы «_19_» мамыр сағат 09:00-ден бастап 2016 жылғы «26» мамыр сағат 09:30-ға дейін)
1. Тапсырыс беруші/Сатып алуды ұйымдастырушы: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ 050000, Алматы қ., Панфилов көш., 98, электронды мекенжайы – [email protected]. Телефон: 2599 144
хабарландыруды орналастыру арқылы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен ағаш құрылымдарды өртке қарсы өңдеу бойынша қызметтерді сатып алуды өткізу туралы хабарландырады және көрсетілген сатып алуларға қатысуға шақырады
2. Қызметтердің атауы және қысқаша сипаттамасы:
Лот № | Қызметтер атауы | Қызметтердің қысқаша сипаттамасы | Өлшем бірлігі | Саны | ҚҚС есептемегендегі бірлігі үшін бағасы, теңге | ҚҚС есептемегендегі сатып алуға бөлінген жалпы сома, теңге |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 |
Ағаш құрылымдарды өртке қарсы өңдеу бойынша қызметтер | Жаздық тұрғын үй-жайлар шатырының ағаш құрылымын өртке қарсы өңдеу. Жалпы ауданы – 2 100 ш.м. |
қызмет |
1 |
157 290,00 |
157 290,00 |
2 |
Ағаш құрылымдарды өртке қарсы өңдеу бойынша қызметтер | Өндірістік ғимараттың шатырының және қоймалық үй-жай мен мұрағаттағы сөрелердің, стеллаждардың ағаш құрылымын өртке қарсы өңдеу. Жалпы ауданы – 5 000 ш.м. |
қызмет |
1 |
224 700,00 |
224 700,00 |
Қызметтерді сатып алуға бөлінген жалпы сома – ҚҚС сомасын есептемегенде 381 990,00 (үш жүз сексен бір мың тоғыз жүз тоқсан) теңге 00 тиын.
3. Қызметтерді көрсету орны: №1 лот бойынша – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің «Банковец» демалыс аймағы (Қапшағай су қоймасының қалалық демалыс аймағы – 110 км. Алматы-Талдықорған автотрассасы);
№2 лот бойынша – Алматы қаласы, Ермак көшесі, 24 (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің автобазасы).
4. Шарт талаптарына сәйкес Қызметтерді көрсетудің талап етілетін мерзімі.
5. Баға ұсыныстары бар конверттерді әлеуетті жеткізушінің беру күні мен уақыты: 2016 жылғы «_19_» мамыр сағат 09:00-ден бастап 2016 жылғы «26» мамыр сағат 09:30-ға дейін.
6. Баға ұсыныстары бар конверттерді ашу күні мен уақыты: 2016 жылғы «26» мамыр сағат 10:00-де.
Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын жеткізетін орны – «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, 050000, Алматы қ., Панфилов көш., 98, №401 кабинет.
7. Қызметтер үшін талап етілетін ақы төлеу талаптары Шарт талаптарына сәйкес.
8. Маңызды талаптарды көрсете отырып сатып алу туралы шарт жобасы қоса жіберіледі.
1) Әлеуетті жеткізуші ұсынылған нысан бойынша мына мәліметтерді және құжаттарды құрауы керек әлеуетті жеткізушінің қолы және мөрімен (ол бар болса) бекітілген тек бір баға ұсынсын береді:
• әлеуетті жеткізушінің атауы, заңды және нақты мекенжайы (заңды тұлғалар үшін), патент және жеке куәлігінің (төлқұжатының) нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты орны (жеке тұлғалар үшін), банктік деректемелері;
• көрсетілетін Қызметтердің атауы, сипаттамасы және саны;
• Қызметті көрсету орны мен мерзімі;
• құрамына Қызметтерді көрсетуге байланысты шығыстары қамтылған Қызметтің бірлік бағасы және жалпы бағасы.
2) Әлеуетті жеткізуші желімдеп жабылған баға ұсыныстары бар конверттің бет жағында мыналарды көрсетуі керек:
• әлеуетті жеткізушінің толық атауы мен пошталық (заңды) мекенжайы;
• сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы;
• әлеуетті жеткізуші баға ұсыныстарын беруге қатысу үшін Қызметтерді сатып алу атауы.
Әлеуетті жеткізушінің өкілі баға ұсыныстары бар конвертті ұсынған жағдайда өзімен бірге жеке куәлігінің көшірмесі, оның ішінде сенімхаты болуы керек.
Шартқа қол қою үшін Жеткізуші мына құжаттардың көшірмесін беруге міндеттеледі:
Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі үшін:
• Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
• ҚҚС бойынша тіркелу есебіне қойылу туралы куәлік (салық салынатын болса);
• Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
• Бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық
Жеке кәсіпкер үшін:
• ЖК тіркеу туралы куәлік;
• Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
• Жеке куәлігі;
• ҚҚС бойынша тіркелу есебіне қойылу туралы куәлік (салық салынатын болса).
Жеткізуші тарапынан сатып алу туралы шартқа қол қоюдың талап етілетін мерзімі – 7 жұмыс күн.