1. Тапсырыс беруші: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ 050000, Алматы қ., Панфилов көш., 98, электронды мекенжайы – [email protected]
Сатып алуды ұйымдастырушы: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, Сатып алу басқармасы, 050000, Алматы қ., Панфилов көш., 98: тел.: 259-91-81, электронды мекенжайы – [email protected]
хабарландыруды орналастыру арқылы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен алкоголь талдағышты тексеру бойынша жұмыстарды қайта сатып алудың өткізілетіндігі туралы хабарландырады және көрсетілген сатып алуға қатысуға шақырады
2. Жұмыс атауы және қысқаша сипаттамасы:
Лот № | Жұмыс атауы | Сипаттамасы | Өлшем бірлігі | Саны | ҚҚС есептемегендегі сатып алуға бөлінген жалпы сомасы, теңге | Жұмыстарды орындау орны |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | Алкоголь талдағышты тексеру |
Тексеріс туралы куәлікті бере отырып немесе құрал-жабдықтың жарамсыздығы туралы хабарлап алкоголь талдағышын осы құрал-жабдыққа қажетті техникалық талаптарға сәйкестігін тексеру.
Куәліктің қолданылу мерзімі тексеру жүргізілген күннен бастап кем дегенде 6 (алты) ай. Құрал-жабдықты тексеру саны – 2. Құрал-жабдықтың түрі «Алкотест–203». |
Жұмыс | 1 | 18 900,00 | Алматы қаласы, Ермак көшесі, 24 |
Жұмыстарды сатып алуға бекітілген жалпы сомасы – ҚҚС сомасын есептемегенде 18 900,00 (он сегіз мың тоғыз жүз) теңге 00 тиын.
3. Жұмысты орындайтын орын Шарт талаптарына сәйкес.
4. Жұмысты орындаудың талап етілетін мерзімі Шарт талаптарына сәйкес.
5. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары бар конверттерді беру күні мен уақыты: 2017 жылғы «05» 05 сағат 9:30 бастап 2017 жылғы «16» 05 сағат 9:30 дейін.
6. Баға ұсыныстары бар конверттерді ашу күні мен уақыты: 2017 жылғы «16» мамыр сағат 10:00 -де.
Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын жеткізетін орны – «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, 050000, Алматы қ., Панфилов көш., 98, №401 кабинет.
7. Жұмыс үшін ақы төлеудің талап етілетін тәртібі Шарт талаптарына сәйкес.
8. Маңызды талаптарды көрсете отырып сатып алу туралы шарт жобасы қоса жіберіледі.
1) Әлеуетті жеткізуші ұсынылған нысан бойынша мына мәліметтер мен құжаттардан тұратын әлеуетті жеткізушінің қолымен және мөрімен (бар болған жағдайда) бекітілген тек бір баға ұсынысын бере алады:
• әлеуетті жеткізушінің атауы, заңды және нақты мекенжайы (заңды тұлғалар үшін), патент және жеке куәлігінің (төлқұжат) нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты орны (жеке тұлғалар үшін), банктік деректемелері;
• орындалатын Жұмыс атауы, сипаттамасы мен саны;
• Жұмысты орындау орны мен мерзімі;
• Жұмысты орындауға байланысты шығыстары қоса есептелген Жұмыстың бірлігі үшін бағасы және жалпы бағасы.
2) Әлеуетті жеткізуші желімдеп жабылған баға ұсыныстары бар конверттің бет жағында мыналарды көрсетуі керек:
• әлеуетті жеткізушінің толық атауы мен пошталық (заңды) мекенжайы;
• сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы;
• әлеуетті жеткізуші қатысу үшін баға ұсыныстарын беретін Жұмысты сатып алу атауы.
Баға ұсынысын поштамен жіберген кезде конверттің бет жағында қосымша ескертпе болуы керек: 2017 жылғы «16» мамыр «10» сағат «00» минутқа дейін ашпау керек.
Әлеуетті жеткізуші немесе олардың уәкілетті өкілдері баға ұсыныстарын қолма-қол берген жағдайда әлеуетті жеткізушілер немесе олардың уәкілетті өкілдері баға ұсыныстарын беру құқығына әлеуетті жеткізушінің мүддесін білдіретін тұлғалардың сенімхаттарын, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесімен бірге беруі керек.
Шартқа қол қою үшін Жеткізуші мына құжаттардың көшірмесін беруге міндеттенеді:
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін:
• Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
• ҚҚС бойынша тіркелу есебіне қойылу туралы куәлік (салық салынатын болса);
• Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
• Бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық.
Жеке кәсіпкер үшін:
• ЖК тіркеу туралы куәлік;
• Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
• Жеке куәлігі;
• ҚҚС бойынша тіркелу есебіне қойылу туралы куәлік (салық салынатын болса).
Жеткізуші тарапынан сатып алу туралы шартқа қол қоюдың талап етілетін мерзімі – 7 жұмыс күні.