1. Тапсырыс беруші: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, A25Y5E8 (050010), Алматы қ., Қонаев көш., 181, электронды мекенжайы – [email protected].
Сатып алуды ұйымдастырушы: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, Сатып алу басқармасы, A25Y5E8 (050010), Алматы қ., Қонаев көш., 181, тел.: 259-91-81, электронды мекенжайы – [email protected].
хабарландыруды орналастыру арқылы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен апаттық автомобильді жөндеу бойынша жұмыстарды қайта сатып алудың өткізілетіндігі туралы хабарландырады және көрсетілген сатып алуға қатысуға шақырады
2. Жұмыс атауы және қысқаша сипаттамасы:
Лот № | Жұмыс атауы | Жұмыстың қысқаша сипаты | Өлшем бірлігі | Саны | ҚҚС есептемегендегі бірлігі үшін бағасы, теңге | ҚҚС есептемегендегі сатып алуға бөлінген жалпы сома, теңге |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | Апаттық автомобильді жөндеу бойынша жұмыстар | 1. «Toyota Corolla» маркалы – 1 бірлік., 2008 жылы шыққан. VIN Codes – JTNBV58E90J022091 апаттық автомобильді жөндеу бойынша жұмыстар 2. Апаттық автомобильді жөндеу бойынша мамандандырылған сервис орталығына қойылатын талаптар: • Жұмыстар автомашина өндірушінің барлық талаптарына сәйкес, Алматы қаласында орындалуы тиіс; • Орындалған Жұмысқа жұмысты орындаған және орындалған жұмыстар актісіне қол қойған күннен бастап 1(бір) жыл ішінде кепілдігі болуы тиіс; • Жұмыстар «TOYOTA» маркалы – 1 бірлік. (2008 ж.ш.) автомашина өндірушінің барлық талаптарына сәйкес, орындалуы тиіс. 3. «Toyota Corolla» маркалы – 1 бірлік., 2008 жылы шыққан апаттық автомобильді жөндеу бойынша жұмыстар көлемі мен ауыстырылатын қосалқы бөлшектер атауы Жөндеу жұмыстары: – автомобильді бөлшектеу-жинау; – алдыңғы оң жақ, сол жақ қанаты, ауыстыру; – алдыңғы бампер, ауыстыру; – алдыңғы оң жақ, сол жақ фара, ауыстыру; – алдыңғы сол жақ есік, ауыстыру; – алдыңғы сол жақ, оң жақ амортизатор тағаны, ауыстыру; – алдыңғы арқалық, ауыстыру; – алдыңғы сол жақ, оң жақ бұрылу құлағы, ауыстыру; – радиатор жақтауы, жөндеу; – сол жақ табалдырық, жөндеу; – ойманың қисықтығы, кемшілігін жою; – геометрия, реттеу; – кондиционерді жөндеу және толтыру. Бояу: – алдыңғы бампер; – алдыңғы оң жақ, сол жақ қанат; – алдыңғы сол жақ есік; – сол жақ табалдырық; – радиатор жақтауы; – артқы бампер; – шарт талаптарына сәйкес басқа да жұмыс түрлері. Ауыстырылатын бөлшектер тізбесі: – алдыңғы бампер; – алдыңғы оң жақ, сол жақ бамперінің нығайтқышы; – оң жақ, сол жақ бамперінің торы; – радиатор торының планкасы; – алдыңғы оң жақ, сол жақ фара; – бампердің нығыздағышы; – радиатор қорғанышы; – алдыңғы оң жақ топшы асты; – сол жақ жуғы бүріккіші; – сол жақ жуғы жетегі; – жалғастырғыш тетіктер- 2 дана; – ауа өткізгіш; – алдыңғы таған жапсырмасы; – доңғалақ дискісі; – алдыңғы сол жақ, оң жақ қанат; – бекіткіш; – шашыратқыш; – алдыңғы сол жақ есік; – кондиционердің түтігі; – кондиционер радиаторы; – алдыңғы сол жақ амортизатор; – алдыңғы сол жақ шетмойыны; – алдыңғы сол жақ, оң жақ иін; – тежегіш құбыршек; – алдыңғы сол жақ АBS қадағасы; – стабилизатор тағаны; – меңгерік ұштығы 2 дана; – жақтауша; – алдыңғы оң жақ амортизатор; – ІЖҚ қорғанысы. Шығыс материалдары: – хладагент, фреон; – сылақ құрамы мен материалдар. Автомобильді шұғыл жөндеу үшін Жеткізушіде құрал-жабдық, саймандар мен шығыс материалдар болуы қажет. Барлық жөндеу жұмыстарын мемлекеттік стандарттарға сәйкесетін техникалық құрал-жабдықтарды пайдалана отырып орындау. Сервис орталығы өзіне мыналарды қамтуы тиіс: – автомобильдерді қабылдау посты; – ақаулар мен зақымдалулар посты; – авто жұмыс қондырғысы; – бояу камерасы; – кептіру камерасы; – автожуу посты. |
Жұмыс | 1 | 677 911,60 | 677 911,60 |
Жұмысты сатып алуға бөлінген жалпы сома – ҚҚС сомасын есептемегенде 677 911, 60 (алты жүз жетпіс жеті мың тоғыз жүз он бір) теңге 60 тиын.
3. Жұмысты орындау орны: Шартта көрсетілген мекенжайлар бойынша.
4. Жұмысты орындаудың талап етілетін мерзімдері Шарт талаптарына сәйкес.
5. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары бар конверттерді берген күні мен уақыты: 2018 жылғы «27» маусым сағат 09:00-ден бастап 2018 жылғы «4» шілде, сағат 10:00-ге дейін.
6. Баға ұсыныстары бар конверттерді ашу күні мен уақыты: 2018 жылғы «4» шілде, 11:00 сағатта.
Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын беретін орны – «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, A25Y5E8 (050010), Алматы қаласы, Қонаев көш., 181. № 204 кабинет.
7. Жұмыс үшін ақы төлеудің талап етілетін тәртібі Шарт талаптарына сәйкес.
8. Сатып алу туралы шарт жобасы маңызды талаптарын көрсетіліп қоса беріледі.
1) Әлеуетті жеткізуші ұсынылған нысан бойынша мына мәліметтер мен құжаттардан тұратын әлеуетті жеткізушінің қолымен және мөрімен (бар болған жағдайда) бекітілген тек бір баға ұсынысын бере алады:
• әлеуетті жеткізушінің атауы, заңды және нақты мекенжайы (заңды тұлғалар үшін), патент және жеке куәлігінің (төлқұжат) нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты орны (жеке тұлғалар үшін), банктік деректемелері;
• орындалатын Жұмыс атауы, сипаттамасы және саны;
• Жұмыс орындалатын орын мен мерзімі;
• Жұмыс бірлігінің бағасы мен Жұмысты орындауға байланысты оның шығыстары қоса қамтылған жалпы бағасы.
2) Әлеуетті жеткізуші желімдеп жабылған баға ұсыныстары бар конверттің бет жағында мыналарды көрсетуі керек:
• әлеуетті жеткізушінің толық атауы мен пошталық (заңды) мекенжайы;
• сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы;
• әлеуетті жеткізуші қатысу үшін баға ұсыныстарын берген сатып алынатын Жұмыстың атауы.
Әлеуетті жеткізушілер немесе оның уәкілетті өкілдері баға ұсыныстарын өз қолымен бергенде, әлеуетті жеткізушілер немесе оның уәкілетті өкілдері баға ұсыныстарын беру құқына берілген әлеуетті жеткізушінің мүдделерін қорғайтын тұлғаларына жеке басын куәландыратын құжат көшірмесімен сенімхатты беруге тиіс.
Баға ұсыныстарын пошта арқылы жібергенде, конверттің беткі жағында қосымша ескертпе болуы тиіс: «2018 жылғы «4» шілде 11 сағат 00 минутқа дейін ашылмасын».
Шартқа қол қою үшін Жеткізуші мына құжаттардың көшірмесін беруге міндеттенеді:
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін:
• Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
• ҚҚС бойынша тіркелу есебіне қойылу туралы куәлік (салық салынатын болса);
• Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
• Бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық.
Жеке кәсіпкер үшін:
• ЖК тіркеу туралы куәлік;
• Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
• Жеке куәлігі;
• ҚҚС бойынша тіркелу есебіне қойылу туралы куәлік (салық салынатын болса).
Жеткізуші тарапынан сатып алу туралы шартқа қол қоюдың талап етілетін мерзімі – 7 жұмыс күні.