1. Тапсырыс беруші: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, A25Y5E8 (050010), Алматы қ., Қонаев көш., 181, электронды мекенжайы – [email protected]
Сатып алуды ұйымдастырушы: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, Сатып алу басқармасы A25Y5E8 (050010), Алматы қ., Қонаев көш., 181, телефон: 259-91-81, электронды мекенжайы – [email protected]
хабарландыруды орналастыру арқылы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен қар тазалау құрал-жабдығын қайта сатып алуды өткізу туралы хабарландырады және көрсетілген сатып алуға қатысуға шақырады.
2. Тауардың атауы, құны және қысқаша сипаттамасы:
Лот № | Тауар атауы | Тауардың қысқаша сипаттамасы | Өлшем бірлігі | Саны | ҚҚС есептемегенде бірлік үшін бағасы, теңге | ҚҚС есептемегенде сатып алуға бөлінген жалпы сома, теңге |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | Қар тазалау құрал-жабдығы | Қар тазалау құрал-жабдығы қатты беті бар және қардың қалыңдығы кемінде 50 см болатын тегіс беттерде қар тазалауға арналған. Бензин, стартерді арқылы іске қосылады, өзі қозғалатын, қозғалтқыштың қуаты – кемінде 6,5 л.с., 4-қадамдық. Қапсыра ұстаудың ені – кемінде 60 см., Қапсыра ұстаудың биіктігі– кемінде 50 см. Қарды лақтыруға арналған науа. Фаралардың және жылдамдықтың кемінде екі алдыңғы және бір артқы беріліс болу керек. | Дана | 2 | 204 814,00 | 409 628,00 |
Тауар сатып алуға бөлінген жалпы сома – ҚҚС сомасын есептемегенде 409 628,00 (төрт жүз тоғыз мың алты жүз жиырма сегіз) теңге 00 тиын.
3. Тауар жеткізу орны – Алматы қ., Ермак к-сі, 24.
4. Талап етілетін Тауар жеткізу мерзімі: 15 күнтізбелік күн.
5. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары бар конверттерді беру күні мен уақыты: 2017 ж. «16» қараша сағат 09:00 ден бастап 2017ж. «23» қараша сағат 10:00 дейін.
6. Баға ұсыныстары бар конверттерді ашу күні мен уақыты: 2017ж. «23» қараша сағат 11:30.
Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын жеткізетін орны – «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, A25Y5E8(050010), Алматы қ., Қонаев көш., 181, №204 бөлме.
7. Тауар үшін талап етілетін ақы төлеу талаптары Шарт талаптарына сәйкес.
8. Маңызды талаптарды көрсете отырып сатып алу туралы шарт жобасы және Тауардың сипаттамасы қоса жіберіледі.
1) Әр әлеуетті жеткізуші ұсынылған нысан бойынша мына мәліметтерді құрайтын, тек бір баға ұсынысын бере алады:
• әлеуетті жеткізушінің атауы, заңды және нақты мекенжайы (заңды тұлғалар үшін), патент және жеке куәлігінің (төлқұжат) нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты орны (жеке тұлғалар үшін), банктік деректемелері;
• жеткізілетін Тауар атауы, сипаттамасы және саны;
• Тауар жеткізу орны мен мерзімі;
• Бірлік үшін бағасы және Тауар жеткізуге байланысты шығындар кіретін Тауардың жалпы бағасы.
2) Әлеуетті жеткізуші желімдеп жабылған баға ұсыныстары бар конверттің бет жағында мыналарды көрсетуі керек:
• әлеуетті жеткізушінің толық атауы мен пошталық (заңды) мекенжайы
• сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы;
• әлеуетті жеткізуші баға ұсыныстарын беруге қатысу үшін тауарды сатып алу атауы.
Баға ұсыныстарды әлеуетті жеткізушілер немесе уәкілетті өкілдер қолма-қол ұсыну кезінде әлеуетті жеткізушілерде немесе уәкілетті өкілдерінде өзінде жеке басын куәландыратын куәліктің көшірмесі бар баға ұсынысын ұсынуға құқығын беретін әлеуетті жеткізушінің мүддесін қорғайтын тұлғаларда сенімхат болу керек.
Баға ұсынысты поштамен жіберген сәтте, конверттің бетінде: «2017 жылғы «23» қараша сағат 11:30 минутқа дейін ашпау керек» деген қосымша белгі болу керек.
Шартқа қол қою үшін Жеткізуші мына құжаттардың көшірмелерін беруге міндеттеледі:
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік үшін:
• Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
• ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қойылғаны туралы куәлік (салық салынатын болса);
• Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
• Бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық
Жеке кәсіпкер үшін:
• ЖК тіркеу туралы куәлік;
• Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
• Жеке куәлігі;
• ҚҚС бойынша тіркелу есебіне қойылғаны туралы куәлік (салық салынатын болса).
Жеткізуші тарапынан сатып алу туралы шартқа қол қоюдың талап етілетін мерзімі – 7 жұмыс күні.