Хабарландыруды орналастыру арқылы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен асхана сауда-технологиялық құрал-жабдықтарына техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды сатып алу туралы хабарландыру (Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары бар конверттерді берген күні мен уақыты: 2016 жылғы «06» сәуірде сағат 9:00-ден бастап 2016 жылғы «13» сәуірде сағат 9:30-ға дейін)
1. Тапсырыс беруші: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ 050000, Алматы қ., Панфилов көш., 98, электронды мекенжайы – [email protected]
Сатып алуды ұйымдастырушы: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, Сатып алу басқармасы, 050000, Алматы қ., Панфилов көш., 98: тел.: 259-91-44, электронды мекенжайы – [email protected]
Хабарландыруды орналастыру арқылы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен асхананың сауда-технологиялық құрал-жабдықтарына техникалық қызмет көрсету бойынша жұмысты сатып алудың өткізілетіндігі туралы хабарландырады және көрсетілген сатып алуға қатысуға шақырады
2. Жұмыс атауы және қысқаша сипаттамасы:
Лот № |
Жұмыс атауы |
Жұмыстың қысқаша сипаты |
Өлшем бірлігі |
Саны |
ҚҚС есептемегендегі бірлігі үшін бағасы, тенге | ҚҚС есептемегендегі сатып алуға бөлінген жалпы сома, тенге |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 |
Асхананың сауда-технологиялық құрал-жабдықтарына техникалық қызмет көрсету (Алматы қ., «3-Көктем» шағынауданы, 21-үй) |
1-ші тағамға арналған мармиттік желі – 5 дана. 2-ші тағамға арналған мармиттік желі – 2 дана. XF-700 мұздатқыш ларь – 1 дана. ХПЭ-500 Қуыру шкафы (3-секциялы кондитерлік өнімдерді пісіруге арналған)– 2 дана. 100 л. CP 100/E электр қазаны – 1 дана. MOD-8 Картопаршығышы – 1 дана. Шайқағыш машина – 1 дана. Тоңазытқыш – 2 дана. MOD 25/S қамырилейтін машинасы – 1 дана. C4EF электрплитасы – 3 дана. 4-комфорлы духовкалы электрплита – 2 дана. Қуыру шкафы бар 4 конфорлы электроплита – 1 дана. СВТN-1,5м салқындатқыш үстелі – 1 дана. K F7E электртабасы– 1 дана. BRE электртабасы – 1 дана. Тоңазытқыш камера – 1 дана. IFI PESARO Тоңазытқыш сөресі – 2 дана. “Ропсодия” R 1520 M Тоңазытқыш шкафы (азық-түлік сақтауға арналған)– 1 дана. 1.12 МВМ 140N2 тоңазытқыш шкафы – 3 дана. FE20электр қуырма ыдысы – 1 дана. Еттартқыш – 1 дана. |
жұмыс |
1 |
158 250,00 |
158 250,00 |
2 |
Асхананың сауда-технологиялық құрал-жабдықтарына техникалық қызмет көрсету (Алматы қ., Әйтеке би көш., 67-үй) |
Тарату мармиттік желісі (тағамды тарату кезінде температураны ұстап тұру үшін) – 1 дана. Тоңазытқыш шкаф (0-ден + 6 С дейін) – 1 дана. 4-конфорлы духовкалы электрплита – 2 дана. Тоңазытқыш –1 дана. |
жұмыс |
1 |
74 250,00 |
74 250,00 |
3 |
Асхананың сауда-технологиялық құрал-жабдықтарына техникалық қызмет көрсету (Алматы қ., Панфилов көш., 98-үй) |
Ыстық сусындарға арналған сөре – 1 дана. ПВВ (ПХЗ)-70 салқындатқыш сөре – 1 дана. 1-тағамды жылытуға арналған ПМЭС-70-2 электрмармиті – 1 дана. 2-тағамды жылытуға арналған ПМЭС-70-60 электрмармиті – 1 дана. ШХК-800М ( 0 +ден +17 дейін, 0-ден 13-ке дейін)тоңазытқыш шкафы – 1 дана. МПУ-700 ыдыс жуатын машинасы – 1 дана. Тоңазытқыш шкаф (0 –ден +6С дейін) – 1 дана. МВ-25 Шайқау машинасы – 1 дана. 4 конфорлы духовкалы электрплита – 2 дана. Far тоңазытқыш агрегаты – 1 дана. Қуыру шкафы (наубайшылық) – 1 дана. СЭСМ-02 Электр табасы – 1 дана. МИМ-300 электреттартқышы – 1 дана. Тоңазытқыш – 2 дана. ” Бирюса” тоңазытқышы – 1 дана. |
жұмыс |
1 |
158 250,00 |
158 250,00 |
3. Асхананың сауда-технологиялық құрал-жабдықтарына техникалық қызмет көрсету жөніндегі ерекше нұсқама
1. Құрал-жабдықтардың құрамдас бөліктерінің тексеру сәтіндегі жұмыс қабілеттілігі мен жинақтарын тоқсан сайынғы тексеру.
2. Бұзылған құрал-жабдықтарды оған жөндеу жүргізу үшін диагностикалау.
3. Құрал жабдықтардың қауіпсіздік техникасы қағидаларына сәйкестігін сырттай қарап тексеру
4. Қорғаныс жерсіндірудің бекітілу сенімділігі мен механикалық зақымдалуларының болмауын тексеру (нөлдеу).
5. Электраппаратуралар, автоматика құралдарын қарап тексеру, сымжелілерінің салбырап қалуын жою, қажет болған жағдайда электрбайланыс жалғастырғыштарды созу, тазалау немесе ауыстыру.
6. Жарық дабылдамасы бұзылыстарын жою.
7. Қорғаныс қаптамасының бүтіндігін тексеру, бекіту және бөгеттеудің дұрыстығын бағалау.
8. Асхана қызметкерлерін олардың құрал-жабдықты пайдалану қағидаларын бұзған кезінде қажет болғанда қосымша нұсқаулықтан өткізу.
9. Тоңазытқыш құрал-жабдықтарына арналған міндетті жұмыстар:
9.1. Компрессорды қорғау құралдарының жұмыс қабілеттіктерін тексеру. Микропроцессорлар баптауларын тексеру;
9.2. Желдеткіш және конденсатор қалақшаларының тазалығын тексеру, қажет болғанда тазалау.
9.3. Резіңке тығыздамалар күйін тексеру;
9.4. Конденсаттың ағызу құбырын шаю, қажет болғанда тазалау;
9.5. Салқындатқыш аумақтың ішкі бетін тексеру;
9.6. Компрессор картеріндегі май деңгейін тексеру;
9.7. Тоңазытқыш агрегат және электрқозғалтқыш арқандарының тартылысын және бекітілуінің созылуын тексеру;
9.8. Хладагенттің азаюы бар-жоқтығын тексеру. Құбыржелілерінің бұранда жалғастырғыштарының созылуын тексеру;
9.9. Термостаттар, дабыл арматурасы, есіктер, буландырғыш тұғырықтарының бекітілуін тексеру, қажет болғанда тығыздағыш прфильдерді ауыстыру;
9.10. Тоңазытқыш қондырғының автоматты және температуралық жұмыс режимін салқындатқыш аумағында тексеру, буландырғыштың және еріген суды төгу жүйесін тексеру. Қажет болғанда жібіту режимін реттеу.
10. Тоңазытқыш құрал-жабдықтарға арналған қажеттілігіне қарай орындалатын жұмыстар:
10.1 РҚ, ТРВ, термостатты талап етілетін жұмыс режиміне байланысты реттеу;
10.2. құрал-жабдықтың есігі мен перделерінің бірқалыпты орнының алмасуы мен жанасу тығыздығын реттеу, ілгешек торабын, ілмешек бұрамасын, есік тұтқасын қатайтып бұрау;
10.3 сервистік клапан болса жүйені хладагентпен және маймен толтыру;
10.4 Тоңазытқыш қондырғы жүйесін кептіру үшін технологиялық сүзгіні орнату.
11. Сауда-технологиялық құрал-жабдықтарға арналған міндетті жұмыстар:
11.1. Құрал-жабдықтар қорғаныс құралдарының жұмысқабілеттілігін тексеру;
11.2. Зауыттық нұсқаулықтарға сәйкес жұмыс режимінде құрал-жабдық жұмысын тексеру;
11.3. Электрплиталардағы электрсымдары мен конфоркаларының жерсіндірілуінің дұрыстығын тексеру;
11.4. Алмалы-салмалы тораптар мен механизмдер сенімділігін тексеру, қажет болғанда тығыздамалы нығыздағыш пен мойынтіректерді ауыстыру;
11.5. ЖҚҚ, соленоидтық клапандарының қыздырғыш элементтерін және деңгей көрсеткіштік құралдарын тексеру, қажет болғанда қақтан тазалау;
11.6. Пакеттік қайта қосқыштардың күйін түрлі жұмыс режиміне келтіру нақтылығын тексеру.
11.7. Жетек арқандардың тартылысын тексеру, қажет болғанда тарту.
11.8. Пышақтар мен пышақты торлардың қайралу сапасын тексеру, қажет болса қайрау;
11.9. Редукторлардағы майлану деңгейін тексеру және редукциялық клапандарды реттеу;
11.10. Сақтандырғыш клапандарды қажет болған жағдайда қақтан тазалау және тексеру,
11.11. Термостаттар, дабылдық арматура, есіктердің беріктігін тексеру және қажет болғанда қаптау, тарту.
11.12. Құйылмалы құрылғылар жұмыстарын тексеру. Құйылмалы механизмнің жұмысқабілеттілігін тексеру.
11.13. Сына тәрізді арқандардың қаптамасы, сабы, тартылу қоршауының дұрыстығын тексеру;
11.14. Жұмыс органдарының бұдырлы беткі қалпын тексеру және жақын уақыттағы ағымдық жөндеу кезінде ауыстыруға жататын дисктерді анықтау;
11.15 .Жуу және шайыну душтары бастарындағы резіңкелі тығыздама күйін тексеру, душ бүріккіші арқылы судың өтпелілігін бақылау, қажет болғанда тазалау.
12. Құрал-жабдықтарда бұзылыс туындауы себептерін анықтау, Шарт талаптарына сәйкес шығыс материалдарын, қосалқы бөлшектерді ауыстыра отырып, оның жұмысқабілеттілігін қалпына келтіру.
13. Тоқсан сайынғы техникалық қызмет көрсету нәтижелері бойынша құрал-жабдықтар жұмысын және оның техникалық жағдайын жақсарту жөнінде жазбаша ұсынымдарды беру, заманауиландыру және ауыстыру.
4. Жұмысты орындайтын орын: Алматы қ., «3-Көктем»ш/а., 21-үй; Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67-үй, Алматы қаласы, Панфилов көшесі, 98-үй.
5. Жұмысты орындаудың талап етілетін мерзімі Шарт талаптарына сәйкес.
6. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары бар конверттерді берген күні мен уақыты:
2016 жылғы «06» сәуірде сағат 9:00-ден бастап 2016 жылғы «13» сәуірде сағат 9:30-ға дейін.
7. Баға ұсыныстары бар конверттерді ашу күні мен уақыты:
2016 жылғы «13» сәуірде сағат 10:00-де.
Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын жеткізетін орны – «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, 050000, Алматы қ., Панфилов көш., 98, №401 бөлме.
8. Жұмыс үшін ақы төлеудің талап етілетін тәртібі Шарт талаптарына сәйкес.
9. Сатып алу туралы шарт жобасы маңызды талаптарымен және техникалық сипаттамасымен қоса беріледі.
1) Әлеуетті жеткізуші ұсынылған нысан бойынша мына мәліметтер мен құжаттардан тұратын әлеуетті жеткізушінің қолымен және мөрімен (бар болған жағдайда) бекітілген тек бір баға ұсынысын бере алады:
• әлеуетті жеткізушінің атауы, заңды және нақты мекенжайы (заңды тұлғалар үшін), патент және жеке куәлігінің (төлқұжат) нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты орны (жеке тұлғалар үшін), банктік деректемелері;
• орындалатын Жұмыс атауы, сипаттамасы мен саны;
• Жұмысты орындау орны мен мерзімі;
• Жұмысты орындауға байланысты шығыстары қоса есептелген Жұмыстың бірлігі үшін бағасы және жалпы бағасы.
2) Әлеуетті жеткізуші желімдеп жабылған баға ұсыныстары бар конверттің бет жағында мыналарды көрсетуі керек:
• әлеуетті жеткізушінің толық атауы мен пошталық (заңды) мекенжайы;
• сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы;
• әлеуетті жеткізуші баға ұсыныстарын беруге қатысу үшін Жұмысты сатып алу атауы.
Өзімен бірге жеке куәлігінің көшірмесі, баға ұсыныстары бар конвертті әлеуетті жеткізушінің өкілі берген жағдайда, онымен қоса сенімхат болуы керек.
Шартқа қол қою үшін Жеткізуші мына құжаттардың көшірмесін беруге міндеттеледі:
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін:
• Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
• ҚҚС бойынша тіркелу есебіне қойылу туралы куәлік (салық салынатын болса);
• Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
• Бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық
Жеке кәсіпкер үшін:
• ЖК тіркеу туралы куәлік;
• Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
• Жеке куәлігі;
• ҚҚС бойынша тіркелу есебіне қойылу туралы куәлік (салық салынатын болса).
Жеткізуші тарапынан сатып алу туралы шартқа қол қоюдың талап етілетін мерзімі – 7 жұмыс күні.