Хабарландыруды орналастыру арқылы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен қатты қалдықтарға арналған контейнерлерді, сантехникалық бұйымдар мен электр бұйымдарды сатып алу туралы хабарландыру (Баға ұсыныстары бар конверттерді әлеуетті жеткізушінің беру күні мен уақыты: 2018 жылғы 02.08. сағат 10:00 бастап 2018 жылғы 09.08. сағат 10:00 дейін)

1. Тапсырыс беруші: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, A25Y5E8 (050010), Алматы қ., Қонаев көш., 181, электронды мекенжайы – [email protected]
Сатып алуды ұйымдастырушы: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, Сатып алу басқармасы, A25Y5E8 (050010), Алматы қ., Қонаев көш., 181; тел.: 259-91-44, электронды мекенжайы – [email protected]
хабарландыруды орналастыру арқылы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен қатты қалдықтарға арналған контейнерлерді, сантехникалық бұйымдар мен электр бұйымдарды сатып алуды өткізу туралы хабарландырады және көрсетілген сатып алуларға қатысуға шақырады.
2. Тауардың атауы және қысқаша сипаттамасы:

Лот Тауар атауы Тауардың қысқаша сипаттамасы Өлш. бірл. Саны ҚҚС есептемегендегі бірлігі үшін бағасы, теңге ҚҚС есептемегендегі сатып алуға бөлінген жалпы сомасы, теңге
1 2 3 4 5 6 7
1 Қатты қалдықтарға арналған контейнерлер Контейнер қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға және уақытша сақтауға арналған. Контейнердың корпусының қалыңдығы 2 мм. металл төсемнен жасалған. Корпустың үстіңгі жағында 40*20*1,5 мм. профильді құбырдан жасалған жақтауша бар.

Қақпағы мен доңғалағы бар контейнер. Контейнердің түсі – сұр. Контейнердің габариттік көлемі: 125*85*100 см. Контейнердің сыйымдылығы – 1,1 ш. м. Салмағы – 75 кг.

Қолданысқа енген күннен бастап 12 айға кепілдігі болу керек.

Дана 4,00 87 000,00 348 000,00
2  

Электр қуатын есептегіш

Электр қуатын есептегіш. Үш фазалы көптарифті  тікелей қосылатын  СА4-Э720 ТХ Р PLC IP П RS,  NI- Кодты  Электронды есептегіш  0,4 kV күштік торап бойынша мәліметтерді беру кіріктірілген PLC-модемімен бірге  ауыспалы токтың үш фазалы төрт сымды тораптарда электрлік белсенді қуаттарды есептеуге арналған.

PLC Функциялары қашықтағы режимде есептегіштерден мәліметтерді оқуға қолданылады.  Есептегіштің  есептегіштерден мәліметтерді оқуға  және  есептегіштің өлшемдерін жергілікті орнатуға қолданылатын ИК-порты бар.  Есептегіш жүктемені басқаратын релемен жабдықталған, ол берілген шектеулермен жүктемені басқаруға мүмкіндік береді, ал қажет болған жағдайларда  жүктемені тораптан ажыратады.

Дана 3,00 62 000,00 186 000,00
3 Уақыт релесі РВ-235, 220В –тық реле сағаттық механизмі бар  уақыт релесі.  Уақыт релесі  уақыттың реттелетін ұсталымын алуға арналған  қосалқы элементі  ретіндегі ауыспалы оперативтік  токтағы (РВ200 сериялары) релелік қорғаныс сызба нұсқасында пайдалануға арналған.

Қоршаған орта ауасының жұмыс температурасының  диапазоны минус 30-дан плюс 55 °С-ке дейін  УХЛ4  орындау үшін және  О4 орындауға арналған  минус 10 –нан  плюс 55 °С-ға дейін.  17516.1-90 МЕМСТ бойынша  М39 механикалық орындау тобы, бұл жағдайда реле 3g жылдамдығымен көп реттік соққы әсеріне шыдамды болуы тиіс,  соққы ұзақтығы  2-ден   20 мс-ге дейін; 14255-69 МЕМСТ бойынша реле жабынының қорғаныс деңгейі – IP40,  сыртқы сым желілерді  жалғастыруға арналған байланыс қысымы  – IP00

Дана 2,00 30 000,00 60 000,00
4 Д 20-полипропилен  құбыры Д-20мм полипропилен құбыры, PN10, қысымы 10 атмосфераға дейін, жылу тасымалдағыштың температурасы 45 градус. Ұзындығы кемінде 4 метр. Қума метр 28,00 300,00 8 400,00
5 Д 25-полипропилен  құбыры Д-25мм полипропилен құбыры, PN10, қысымы 10 атмосфераға дейін, жылу тасымалдағыштың температурасы 45 градус. Ұзындығы кемінде 4 метр. Қума метр 28,00 500,00 14 000,00
6 Д 32-полипропилен  құбыры Д-32мм полипропилен құбыры, PN10, қысымы 10 атмосфераға дейін, жылу тасымалдағыштың температурасы 45 градус. Ұзындығы кемінде 4 метр Қума метр 16,00 680,00 10 880,00
7 Д 20-полипропилен  жалғастырғыштары Д-20мм полипропилен жалғастырғыштары, PN10, қысымы 10 атмосфераға дейін, жылу тасымалдағыштың температурасы 45 градус. дана 15,00 300,00 4 500,00
8 Д 25-полипропилен  жалғастырғыштары Д-25мм полипропилен жалғастырғыштары, PN10, қысымы 10 атмосфераға дейін, жылу тасымалдағыштың температурасы 45 градус. дана 15,00 300,00 4 500,00
9 Д 32-полипропилен  жалғастырғыштары Д-32 мм полипропилен жалғастырғыштары, PN10, қысымы 10 атмосфераға дейін, жылу тасымалдағыштың температурасы 45 градус. дана 10,00 300,00 3 000,00

Тауарды сатып алуға бөлінген жалпы сомасы – ҚҚС сомасын есептемегенде 639 280,00 (алты жүз отыз тоғыз мың екі жүз сексен) теңге 00 тиын.
3. Тауарды жеткізу орны: Алматы қаласы, Ермак көшесі, 24, телефон: 2599412;
4. Тауарды жеткізудің талап етілетін мерзімі Шарт талаптарына сәйкес.
5. Баға ұсыныстары бар конверттерді әлеуетті жеткізушінің беру күні мен уақыты: 2018 жылғы 02.08. сағат 10:00 бастап 2018 жылғы 09.08. сағат 10:00 дейін.
6. Баға ұсыныстары бар конверттерді ашу күні мен уақыты: 2018 жылғы 09.08. сағат 10:30 минут.
Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын жеткізетін орны – «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, A25Y5E8 (050010), Алматы қ., Қонаев көш., 181, №204 кабинет.
7. Тауарға талап етілетін ақы төлеу талаптары Шарт талаптарына сәйкес.
8. Маңызды талаптар мен техникалық ерекше нұсқамасын көрсете отырып сатып алу туралы шарт жобасы қоса жіберіледі.
1) Әлеуетті жеткізуші ұсынылған нысан бойынша мына мәліметтерді және құжаттарды құрауы керек әлеуетті жеткізушінің қолы және мөрімен (ол бар болса) бекітілген тек бір баға ұсынсын береді:
• әлеуетті жеткізушінің атауы, заңды және нақты мекенжайы (заңды тұлғалар үшін), патент және жеке куәлігінің (төлқұжатының) нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты орны (жеке тұлғалар үшін), банктік деректемелері;
• жеткізілген Тауардың атауы, сипаттамасы және саны;
• Тауарды жеткізудің орны мен мерзімі;
• құрамына Тауарларды жеткізуге байланысты шығыстары қамтылған Тауардың бірлігі үшін бағасы және жалпы бағасы.
2) Әлеуетті жеткізуші желімдеп жабылған баға ұсыныстары бар конверттің бет жағында мыналарды көрсетуі керек:
• әлеуетті жеткізушінің толық атауы мен пошталық (заңды) мекенжайы;
• сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы;
• әлеуетті жеткізуші баға ұсыныстарын беруге қатысу үшін тауарларды сатып алу атауы.
Баға ұсынысын поштамен жіберген кезде конверттің бет жағында қосымша ескертпе болуы керек: «2018 жылғы 09 тамыз  «10» сағат «30» минутқа дейін ашпау керек».
Әлеуетті жеткізуші немесе олардың уәкілетті өкілдері баға ұсыныстарын қолма-қол берген жағдайда әлеуетті жеткізушілер немесе олардың уәкілетті өкілдері баға ұсыныстарын беру құқығына әлеуетті жеткізушінің мүддесін білдіретін тұлғалардың сенімхаттарын, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесімен бірге беруі керек.
Шартқа қол қою үшін Жеткізуші мына құжаттардың көшірмесін беруге міндеттеледі:
Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі үшін:
• Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
• ҚҚС бойынша тіркелу есебіне қойылу туралы куәлік (салық салынатын болса);
• Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
• Бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық.
Жеке кәсіпкер үшін:
• ЖК тіркеу туралы куәлік;
• Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
• Жеке куәлігі;
• ҚҚС бойынша тіркелу есебіне қойылу туралы куәлік (салық салынатын болса).
Жеткізуші тарапынан сатып алу туралы шартқа қол қоюдың талап етілетін мерзімі – 7 жұмыс күні.

Получить документацию

Comments are closed.