Хабарландыруды орналастыру арқылы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен балабақшаға арналған құмды сатып алуды өткізу туралы хабарландыру (Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары бар конверттерді беру күні мен уақыты: 2016ж. «03» мамыр сағат 09:00 ден бастап 2016ж. «12» мамыр сағат 09:30 дейін)
1. Тапсырыс беруші: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, 050000, Алматы қ., Панфилов көш., 98, электронды мекенжайы – [email protected],
Сатып алуды ұйымдастырушы: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, 050000, Алматы қ., Панфилов көш., 98, телефон: 259-94-12, электронды мекенжайы – [email protected],
хабарландыруды орналастыру арқылы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен балабақшаға арналған құмды сатып алуды өткізу туралы хабарландырады және көрсетілген сатып алуға қатысуға шақырады.
2. Тауардың атауы және қысқаша сипаттамасы:
Лот № | Тауар атауы | Тауардың қысқаша сипаттамасы | Өлшем бірлігі | Саны | ҚҚС есептемегенде бірлік үшін бағасы, теңге | ҚҚС есептемегенде сатып алуға бөлінген жалпы сома, теңге |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | Құм | Барқан, ұсақ, таза, балалар құммен ойнайтын жерге арналған | тонна | 5 | 8 600,00 | 43 000,00 |
3. Тауар жеткізу орны – Алматы қ., Ермак к-сі, 24, телефон: 294 25 73.
4. Талап етілетін Тауар жеткізу мерзімі Шарт талаптарына сәйкес.
5. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары бар конверттерді беру күні мен уақыты:
2016ж. «03» мамыр сағат 09:00 ден бастап 2016ж. «12» мамыр сағат 09:30 дейін
6. Баға ұсыныстары бар конверттерді ашу күні мен уақыты:
2016ж. «12» мамыр сағат 10:00.
Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын жеткізетін орны – «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, 050000, Алматы қ., Панфилов көш., 98, №401 бөлме.
7. Тауар үшін талап етілетін ақы төлеу талаптары Шарт талаптарына сәйкес
8. Маңызды талаптарды көрсете отырып сатып алу туралы шарт жобасы және техникалық ерекше нұсқама қоса жіберіледі.
1) Әр әлеуетті жеткізуші ұсынылған нысан бойынша мына мәліметтерді құрайтын, тек бір баға ұсынысын бере алады:
• әлеуетті жеткізушінің атауы, заңды және нақты мекенжайы (заңды тұлғалар үшін), патент және жеке куәлігінің (төлқұжат) нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты орны (жеке тұлғалар үшін), банктік деректемелері;
• көрсетілетін Қызмет атауы, сипаттамасы және саны;
• Қызмет көрсету орны мен мерзімі;
• Бірлік үшін бағасы және Қызмет көрсетуге байланысты шығындар кіретін Қызметтің жалпы бағасы.
2) Әлеуетті жеткізуші желімдеп жабылған баға ұсыныстары бар конверттің бет жағында мыналарды көрсетуі керек:
• әлеуетті жеткізушінің толық атауы мен пошталық мекенжайы
• сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы;
• әлеуетті жеткізуші баға ұсыныстарын беруге қатысу үшін қызметтерді сатып алу атауы.
Өзінде жеке басын куәландыратын куәлік болу керек, ал әлеуетті жеткізуші баға ұсыныстары бар конвертті берген жағдайда оның ішінде сенімхат болу керек.
Шартқа қол қою үшін Жеткізуші мына құжаттардың көшірмелерін беруге міндеттеледі:
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік үшін:
• Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
• ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қойылғаны туралы куәлік (салық салынатын болса);
• Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
• Бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық
Жеке кәсіпкер үшін:
• ЖК тіркеу туралы куәлік;
• Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
• Жеке куәлігі;
• ҚҚС бойынша тіркелу есебіне қойылғаны туралы куәлік (салық салынатын болса).
Жеткізуші тарапынан сатып алу туралы шартқа қол қоюдың талап етілетін мерзімі – 7 жұмыс күні.