1. Тапсырыс беруші/ Сатып алуды ұйымдастырушы «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, 050000, Алматы қ., Панфилов көш., 98, электронды мекенжайы – [email protected] , тел.: 2599 181.
Хабарландыруды орналастыру арқылы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен дәрі қобдишаларды сатып алудың өткізілетіндігі туралы хабарландырады және көрсетілген сатып алуға қатысуға шақырады
2. Тауар атауы және қысқаша сипаттамасы:
Лот № |
Тауар атауы |
Сипаттамасы |
Өлшем бірлігі |
Саны |
ҚҚС есептеме-гендегі бірлігі үшін бағасы, теңгемен | ҚҚС есептеме-гендегі сатып алуға бөлінген жалпы сома, теңгемен |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 |
Дәрі қобдишасы |
Автомобиль дәрі қобдишасы. Пластик ыдыстағы медициналық әмбебап дәрі қобдишасы. Барлық салынған медициналық тағайындалған дәрілік құралдар мен бұйымдар ҚР ДМ 2014 жылғы 2 шілдедегі №368 бұйрығымен бекітілген тізімге сай болуы және Қазақстан Республикасында тіркелуі тиіс. Барлық медициналық құралдар мен дәрі-дәрмектердің жарамдылық мерзімі кемінде 12 (он екі) ай болуы тиіс. Медициналық әмбебап дәрі қобдишасына салынатындардың тізімі: 1) Сутегі тотығы 3% (1 құты); 2) бинт – дәке 5 м х 10 см (стерильді) – 1 дана; 3) бинт – дәке 5 м х 10 см (стерильденбеген) – 1 дана; 4) дәке-бинт 7 м х 14 см (стерильденбеген) – 1 дана; 5) медициналық дәке сулықтар (стерильді) – 1 дана; 6) таңу пакеті (стерильді) – 1 дана; 7) медициналық гигроскопиялық мақта (стерильді) – 50 г. (1 дана); 8) қан тоқтататын жгут – 1 дана; 9) бактерицидті лейкопластырь – 5 дана; 10) медициналық лейкопластырь – 1 дана; 11) № 1, 3, 6 иілмелі түтік тәрізді бинттер – 1 данадан; 12) стерильденбеген медициналық қолғаптар – 1 жұп; 13) мұқал басты қайшы – 1 дана. |
дана |
130 |
1 786,00 |
232 180,00 |
2 |
Дәрі қобдишасы |
Қызметкерлерге алғашқы жәрдем көрсетуге арналған дәрі қобдишасы. Бұл медициналық дәрі қобдишасы ҚР ДМ 2015 жылғы 22 мамырдағы №380 бұйрығына сәйкесуі тиіс және кеңселерде, кабинеттерде, кішігірім ұйымдарда пайдалануға арналған. Құрамы 10-15 адамға дейінгі ұжымға есептелінген. Барлық медициналық құралдар мен дәрі-дәрмектердің жарамдылық мерзімі кемінде 12 (он екі) ай болуы тиіс. Медициналық дәрі қобдишасына мына жағдайларда қолданылатын құралдар кіреді: – жүрек аумағы ауырғанда; – есінен тану кезінде (коллапсе); – қабынуға қарсы, ауруды басатын құрал; – аллергиялық реакция белгілерінде; – уланғанда; – зақымданғанда (соғып алу, сыну, буыны таю, күю), жарақатта; – жарақат мен сыдырған теріне жууға арналған сырттай қолданатын дезинфекциялайтын құрал; – таңу және қосалқы құралдар. Алғашқы жәрдем көрсетуге аралған дәрі қобдишасының құрамы: 1) Стерильденген бинт – 2 дана; 2) Стерильденбеген бинт – 2 дана; 3) Мақта -1 қорап: 4) №7-8 стерильденген қолғаптар (6 жұп); 5) Лейкопластырь -1 қорап; 6) Жгут – 1 дана; 7) 70% этил спирті – 1 құты; 8) Алмұрт (шырышты шығаруға арналған) – 1 дана; 9) Стерильденген қалақша (ауыз қуысын ашуға арналған) – 1 дана; 10) Амбу қапшығы – 1 дана; 11) Тонометр – 1 дана; 12) Фонендоскоп – 1 дана; 13) Валидол 0,06 грамм – 1 қорап; 14) Нитроглицерин 0,005 – 1 қорап; 15) Аммиак ерітіндісі 10% – 1 құты; 16) Эпинефрин – 1 қорап; 17) Йод ерітіндісі 5% – 1 құты. |
дана |
20 |
11 607,00 |
232 140,00 |
3. Тауарды сатып алуға бөлінген жалпы сома – ҚҚС есептемегенде 464 320,00 (төрт жүз алпыс төрт мың үш жүз жиырма) теңге 00 тиын.
4. Тауар жеткізетін орын – Алматы қаласы, Ермак көшесі, 24-үй. Телефон: 2599 181.
5. Тауар жеткізудің талап етілетін мерзімі Шарт талаптарына сәйкес.
6. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары бар конверттерді берген күні мен уақыты: 2016 жылғы «14» шілде сағат 9:00-ден бастап 2016 жылғы «21» шілде сағат 9:30-ға дейін.
7. Баға ұсыныстары бар конверттерді ашу күні мен уақыты: 2016 жылғы «21» шілде сағат 10:00-де.
Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын жеткізетін орны – «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, 050000, Алматы қ., Панфилов көш., 98, №401 бөлме.
8. Тауар үшін ақы төлеудің талап етілетін тәртібі Шарт талаптарына сәйкес.
9. Сатып алу туралы шарт жобасы маңызды талаптарымен қоса беріледі.
1) Әлеуетті жеткізуші ұсынылған нысан бойынша мына мәліметтер мен құжаттардан тұратын әлеуетті жеткізушінің қолымен және мөрімен (бар болған жағдайда) бекітілген тек бір баға ұсынысын бере алады:
• әлеуетті жеткізушінің атауы, заңды және нақты мекенжайы (заңды тұлғалар үшін), патент және жеке куәлігінің (төлқұжат) нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты орны (жеке тұлғалар үшін), банктік деректемелері;
• жеткізілетін Тауар атауы, сипаттамасы мен саны;
• Тауар жеткізу орны мен мерзімі;
• Тауар жеткізуге байланысты шығыстары қоса есептелген Тауар бірлігі үшін бағасы және жалпы бағасы.
2) Әлеуетті жеткізуші желімдеп жабылған баға ұсыныстары бар конверттің бет жағында мыналарды көрсетуі керек:
• әлеуетті жеткізушінің толық атауы мен пошталық (заңды) мекенжайы;
• сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы;
• әлеуетті жеткізуші баға ұсыныстарын беруге қатысу үшін Тауарды сатып алу атауы.
Әлеуетті жеткізушілер немесе оның уәкілетті өкілдері баға ұсыныстарын өз қолымен бергенде, әлеуетті жеткізушілер немесе оның уәкілетті өкілдері баға ұсыныстарын беру құқымен әлеуетті жеткізушінің мүдделерін қорғайтын тұлғаларына жеке басын куәландыратын құжат көшірмесімен сенімхатты беруге тиіс.
Шартқа қол қою үшін Жеткізуші мына құжаттардың көшірмесін беруге міндеттеледі:
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін:
• Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
• ҚҚС бойынша тіркелу есебіне қойылу туралы куәлік (салық салынатын болса);
• Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
• Бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық
Жеке кәсіпкер үшін:
• ЖК тіркеу туралы куәлік;
• Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
• Жеке куәлігі;
• ҚҚС бойынша тіркелу есебіне қойылу туралы куәлік (салық салынатын болса).
Жеткізуші тарапынан сатып алу туралы шартқа қол қоюдың талап етілетін мерзімі – 7 жұмыс күні.