1. Тапсырыс беруші: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, 050000, Алматы қ., Панфилов көш., 98, электронды мекенжайы – [email protected]
Сатып алуды ұйымдастырушы: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, Сатып алу басқармасы, 050000, Алматы қ., Панфилов көш., 98: тел: 259-91-44, электронды мекенжайы – [email protected]
баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен делегацияларды қабылдау бойынша қызметтерді сатып алуды өткізу туралы хабарландырады және көрсетілген сатып алуларға қатысуға шақырады.
2. Қызмет атауы және қысқаша сипаттамасы
Лот № |
Қызмет атауы |
Қызметтің қысқаша сипаттамасы |
Өлшем бірлігі |
Саны |
ҚҚС есептемегенде бірлік үшін бағасы, тенге | ҚҚС есептемегенде сатып алуға бөлінген жалпы сома, теңге |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | Делегацияларды қабылдау бойынша қызметтер | Шарт жобасының 1-Қосымшасына сәйкес өтінім бойынша Шартқа қол қойған күннен бастап 2017 жылғы 31 желтоқсанға дейін азық-түлік өнімдері мен минералды суды жеткізу. | Бір қызмет | 1 | 2 440 000,00 | 2 440 000,00 |
Қызмет сатып алуға бекітілген жалпы сома – ҚҚС сомасын есептемегенде 2 440 000,00 (екі миллион төрт жүз қырық мың) теңге 00 тиын.
3. Қызмет көрсету орны – Алматы қ., Бәрібаев көш.,55, телефон: 2599180;
4. Талап етілетін қызмет көрсету мерзімі Шарт талаптарына сәйкес.
5. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары бар конверттерді беру күні мен уақыты: 09.01.2017 жылғы сағат 10:00 бастап 16.01. 2017жылғы сағат 10:00 дейін
6. Баға ұсыныстары бар конверттерді ашу күні мен уақыты: 16.01. 2017ж. сағат 10:30.
Әлеуетті жеткізушілер баға ұсыныстарды ұсыну жері – «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, 050000, Алматы қ., Панфилов көш., 98, №401 кабинет.
7. Қызметтер үшін талап етілетін ақы төлеу жағдайлары Шарт талаптарына сәйкес.
8. Маңызды талаптары мен техникалық сипаттамасы көрсетілген сатып алу туралы шарт жобасы қоса жіберіледі.
1) Әр әлеуетті жеткізуші ұсынылған нысан бойынша мына мәліметтерді құрайтын, тек бір баға ұсынысын бере алады:
• әлеуетті жеткізушінің атауы, заңды және нақты мекенжайы (заңды тұлғалар үшін), патент және жеке куәлігінің (төлқұжат) нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты орны (жеке тұлғалар үшін), банктік деректемелері;
• орындалатын жұмыс атауы;
• жұмысты орындау орны мен мерзімі;
• ҚҚС сомасын есептемегендегі жұмыстың бірлігі үшін бағасы.
2) Әлеуетті жеткізуші желімдеп жабылған баға ұсыныстары бар конверттің бет жағында мыналарды көрсетуі керек:
• әлеуетті жеткізушінің толық атауы мен пошталық (заңды) мекенжайы
• сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы;
• әлеуетті жеткізуші баға ұсыныстарын беруге қатысу үшін тауарлар, жұмыстар, қызметтерді сатып алу атауы.
Баға ұсынысты поштамен жіберген сәтте, конверттің бетінде: «2017 жылғы «16» қантар 10 сағат 30 минутқа дейін ашпау керек» деген қосымша белгі болу керек.
Баға ұсыныстарды әлеуетті жеткізушілер немесе уәкілетті өкілдер қолма-қол ұсыну кезінде әлеуетті жеткізушілерде немесе уәкілетті өкілдерінде өзінде жеке басын куәландыратын куәліктің көшірмесі бар баға ұсынысын ұсынуға құқығын беретін әлеуетті жеткізушінің мүддесін қорғайтын тұлғаларда сенімхат болу керек.
Шартқа қол қою үшін Жеткізуші мына құжаттардың көшірмелерін беруге міндеттеледі:
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік үшін:
• Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
• ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қойылғаны туралы куәлік (салық салынатын болса);
• Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
• Бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық
Жеке кәсіпкер үшін:
• ЖК тіркеу туралы куәлік;
• Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
• Жеке куәлігі;
• ҚҚС бойынша тіркелу есебіне қойылғаны туралы куәлік (салық салынатын болса).
Жеткізуші тарапынан сатып алу туралы шартқа қол қоюдың талап етілетін мерзімі – 7 жұмыс күні.