1. Тапсырыс беруші: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, 050000, Алматы қ., Панфилов көш., 98, электронды мекенжайы – [email protected],
Сатып алуды ұйымдастырушы: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, Сатып алу басқармасы, 050000, Алматы қ., Панфилов көш., 98, телефон: 259-91-44, электронды мекенжайы – [email protected],
хабарландыруды орналастыру арқылы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен электр бұйымдарды, үй-жайларды күтуге арналған материалдарды және басқа да материалдарды қайталама сатып алуды өткізу туралы хабарландырады және көрсетілген сатып алуға қатысуға шақырады.
2. Тауардың атауы және қысқаша сипаттамасы:
Лот № |
Тауар атауы |
Тауардың қысқаша сипаттамасы |
Өлшем бірлігі |
Саны | ҚҚС есептемегенде бірлік үшін бағасы, теңге | ҚҚС есептемегенде сатып алуға бөлінген жалпы сома, теңге |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 | Шам | Галоген шамы (қуаттылығы – 150W, кернеуі 220-230V, ұзындығы 78мм, цоколь түрі R7S,) Суық сәулелі | Дана | 20 | 180,00 | 3 600,00 |
2 | Кәріз жалғастырғышы | ПВХ, диаметрі 50мм | Дана | 2 | 84,82 | 169,64 |
3 | Клипсалар | Кәріз құбырларға арналған клипсалар диаметрі 50мм | Дана | 10 | 49,11 | 491,10 |
4 | Кәріз бұрғышы | кәріз ПВХ, диаметрі 50 мм | Дана | 10 | 89,29 | 892,90 |
5 | Кәріз үштемесі | ПВХ, диаметрі 50/50мм | Дана | 1 | 133,92 | 133,92 |
6 | Еден үстілік фанкойлдар | Кеңсе үй-жайларға арналған еден үстілік фанкойл. түсі – ақ, енгізілген басқару пульті, аз шулы, қабы пластик, ұзақ қызмет ететін жуғыш сүзгісі, тиімді жайлы жағдай үшін 3- жылдам желдеткіші, екі құбырлы жақтық бұрғыш (солғы, оңғы) суық бойынша өндірісі (кВт)-3,97/3,58/3,15 жылу өндірісі (кВт)-8,85/7,61/6,55 , қоректену кернеуі (Ph/V/Hz)-1/230/50 | Дана | 11 | 166 000,00 | 1 826 000,00 |
7 | Еден үстілік фанкойлдар | Кеңсе үй-жайларға арналған еден үстілік фанкойл. түсі – ақ, енгізілген басқару пульті, аз шулы, қабы пластик, ұзақ қызмет ететін жуғыш сүзгісі, тиімді жайлы жағдай үшін 3- жылдам желдеткіші, екі құбырлы жақтық бұрғыш (солғы, оңғы) суық бойынша өндірісі (кВт)-4,85/4,52/3,72 жылу өндірісі (кВт)-10,28/9,05/7,71 , қоректену кернеуі (Ph/V/Hz)-1/230/50 | Дана | 10 | 171 000,00 | 1 710 000,00 |
8 | Қозғалыс көрсеткіші | Қозғалыс көрсеткіші (анықтау бұрышы 360°, қуаттандыру кернеуі 220-240V, Қоректендіру желісінің жиілік 50Hz. Анықтау аралығы: Макс.7м Уақыт аралығы: Мин.5сек. ~ Макс.5мин. Жарықтылығы: < 10Люкс Түсі: ақ. |
Дана | 12 | 3 400,00 | 40 800,00 |
9 | Диспенсер | Z бүктелген төсемді қағаз диспенсері. Түсі: ақ. Корпусы пластик | дана | 20 | 3 000,00 | 60 000,00 |
10 | Электр өткізбейтін кілемше | Мөлшері: 750*750 мм. кем емес Резеңкелі, оюланған. МЕМСТ талаптарына сәйкес 4997-75 «Электр өткізбейтін резеңкелі кілемше». | дана | 7 | 3 300,00 | 23 100,00 |
11 | Техникалық тұз | Тайғанақта қарсы реагент ретінде қолданылады, полипропилен қаптарға оралған, 25кг кем емес | килограмм | 400 | 44,00 | 17 600,00 |
12 | Киім ауыстыратын жерге арналған кілемшелер | Едендік, тайғаққа қарсы, жарақаттануға қауіпсіз төсем. Суға төзімді түсі: Тапсырыс берушімен ақылдаса отырып. Мөлшері 800 мм *1000 мм* 10 мм кем емес |
дана | 15 | 1 300,00 | 19 500,00 |
Товар сатып алуға бөлінген жалпы сома – ҚҚС сомасын есептемегенде 3 702 287,56 (үш миллион жеті жүз екі мың екі жүз сексен жеті ) теңге 56 тиын.
3. Тауар жеткізу орны – Алматы қ., Ермак к-сі, 24.
4. Талап етілетін Тауар жеткізу мерзімі Шарт талаптарына сәйкес.
5. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары бар конверттерді беру күні мен уақыты:
2016ж. «26» тамыз сағат 09:00 ден бастап 2016ж. «5» қыркүйек сағат 09:30 дейін.
6. Баға ұсыныстары бар конверттерді ашу күні мен уақыты: 2016ж. «5» қыркүйек сағат 10:00.
Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын жеткізетін орны – «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, 050000, Алматы қ., Панфилов көш., 98, №401 бөлме.
7. Тауар үшін талап етілетін ақы төлеу талаптары Шарт талаптарына сәйкес.
8. Маңызды талаптарды көрсете отырып сатып алу туралы шарт жобасы және техникалық ерекше нұсқама қоса жіберіледі.
1) Әр әлеуетті жеткізуші ұсынылған нысан бойынша мына мәліметтерді құрайтын, тек бір баға ұсынысын бере алады:
• әлеуетті жеткізушінің атауы, заңды және нақты мекенжайы (заңды тұлғалар үшін), патент және жеке куәлігінің (төлқұжат) нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты орны (жеке тұлғалар үшін), банктік деректемелері;
• жеткізілетін Тауар атауы, сипаттамасы және саны;
• Тауар жеткізу орны мен мерзімі;
• Бірлік үшін бағасы және Тауар жеткізуге байланысты шығындар кіретін Тауардың жалпы бағасы.
2) Әлеуетті жеткізуші желімдеп жабылған баға ұсыныстары бар конверттің бет жағында мыналарды көрсетуі керек:
• әлеуетті жеткізушінің толық атауы мен пошталық мекенжайы
• сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы;
• әлеуетті жеткізуші баға ұсыныстарын беруге қатысу үшін қызметтерді сатып алу атауы.
Баға ұсынысты поштамен жіберген сәтте, конверттің бетінде: «2016 жылғы «5» қыркүйек 10 сағат 00 минутқа дейін ашпау керек» деген қосымша белгі болу керек.
Баға ұсыныстарды әлеуетті жеткізушілер немесе уәкілетті өкілдер қолма-қол ұсыну кезінде әлеуетті жеткізушілерде немесе уәкілетті өкілдерінде өзінде жеке басын куәландыратын куәліктің көшірмесі бар баға ұсынысын ұсынуға құқығын беретін әлеуетті жеткізушінің мүддесін қорғайтын тұлғаларда сенімхат болу керек.
Шартқа қол қою үшін Жеткізуші мына құжаттардың көшірмелерін беруге міндеттеледі:
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік үшін:
• Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
• ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қойылғаны туралы куәлік (салық салынатын болса);
• Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
• Бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық
Жеке кәсіпкер үшін:
• ЖК тіркеу туралы куәлік;
• Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
• Жеке куәлігі;
• ҚҚС бойынша тіркелу есебіне қойылғаны туралы куәлік (салық салынатын болса).
Жеткізуші тарапынан сатып алу туралы шартқа қол қоюдың талап етілетін мерзімі – 7 жұмыс күні.