1. Тапсырыс беруші: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, A25Y5E8 (050010), Алматы қ., Қонаев көш., 181, электронды мекенжайы – [email protected].
Сатып алуды ұйымдастырушы: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, Сатып алу басқармасы A25Y5E8 (050010), Алматы қ., Қонаев көш., 181, телефон: 259-91-81, электронды мекенжайы – [email protected].
хабарландыруды орналастыру арқылы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен есіктің құлыбын сатып алуды өткізу туралы хабарландырады және көрсетілген сатып алуға қатысуға шақырады
2. Тауардың атауы және қысқаша сипаттамасы:
Лот № | Тауар атауы | Тауардың қысқаша сипаттамасы | Өлшем бірлігі | Саны | ҚҚС есептемегенде бірлік үшін бағасы, теңге | ҚҚС есептемегенде сатып алуға бөлінген жалпы сома, теңге |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | Есіктің кішкентай құлыбы | Розеткаға басу тұтқаларын орнату мүмкіндігі бар ойып орнатылған құлыптар. Құлыптың корпусы болаттан жасалған, ілмегі никельденген реверсті, енсіз жұқа тік тақтайша – никельденген болат. Құлып мөлшері – 13х7х1,4 см, орта аралығы – 50 мм, толығымен 2 аналымға жабылады. Құлып құпиялықтың 2-ші кластан төмен болмау керек. Жиынтығында кемінде 4 құлып. | дана | 4,0 | 1 300,00 | 5 200,00 |
2 | Есіктің үлкен құлыбы | Розеткаға басу тұтқаларын орнату мүмкіндігі бар ойып орнатылған құлыптар. Құлыптың корпусы болаттан жасалған, ілмегі никельденген реверсті, енсіз жұқа тік тақтайша – никельденген болат. Құлып мөлшері – 16,5х7х1,4 см, орта аралығы – 50 мм, толығымен 2 аналымға жабылады. Құлып құпиялықтың 2-ші кластан төмен болмау керек. Жиынтығында кемінде 4 құлып. | дана | 4,0 | 1 500,00 | 6 000,00 |
Тауарды сатып алуға бөлінген жалпы сома – ҚҚС сомасын есептемегенде – 11 200,00 (он бір мың екі жүз) теңге 00 тиын.
3. Тауар жеткізу орны – Алматы қ., Ермак к-сі, 24.
4. Талап етілетін Тауар жеткізу мерзімі: Шарт талаптарына сәйкес.
5. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары бар конверттерді беру күні мен уақыты:
2018 ж. 18 сәуір сағат 09:00 ден бастап 2018 ж. 25 сәуір сағат 10:00 дейін.
6. Баға ұсыныстары бар конверттерді ашу күні мен уақыты: 2018 ж. 25 сәуір сағат 11:00.
Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын жеткізетін орны – «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, A25Y5E8 (050010), Алматы қ., Қонаев көш., 181, №204 бөлме.
7. Тауар үшін талап етілетін ақы төлеу талаптары Шарт талаптарына сәйкес.
8. Маңызды талаптарды көрсете отырып сатып алу туралы шарт жобасы және техникалық сипаттамасы қоса жіберіледі.
1) Әр әлеуетті жеткізуші ұсынылған нысан бойынша мына мәліметтерді құрайтын, тек бір баға ұсынысын бере алады:
• әлеуетті жеткізушінің атауы, заңды және нақты мекенжайы (заңды тұлғалар үшін), патент және жеке куәлігінің (төлқұжат) нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты орны (жеке тұлғалар үшін), банктік деректемелері;
• жеткізілетін Тауар атауы, сипаттамасы және саны;
• Тауар жеткізу орны мен мерзімі;
• Бірлік үшін бағасы және Тауар жеткізуге байланысты шығындар кіретін Тауардың жалпы бағасы.
2) Әлеуетті жеткізуші желімдеп жабылған баға ұсыныстары бар конверттің бет жағында мыналарды көрсетуі керек:
• әлеуетті жеткізушінің толық атауы мен пошталық (заңды) мекенжайы
• сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы;
• әлеуетті жеткізуші баға ұсыныстарын беруге қатысу үшін тауарды сатып алу атауы.
Баға ұсыныстарды әлеуетті жеткізушілер немесе уәкілетті өкілдер қолма-қол ұсыну кезінде әлеуетті жеткізушілерде немесе уәкілетті өкілдерінде өзінде жеке басын куәландыратын куәліктің көшірмесі бар баға ұсынысын ұсынуға құқығын беретін әлеуетті жеткізушінің мүддесін қорғайтын тұлғаларда сенімхат болу керек.
Баға ұсынысты поштамен жіберген сәтте, конверттің бетінде: «2018 жылғы 25 сәуір 11 сағат 00 минутқа дейін ашпау керек» деген қосымша белгі болу керек.
Шартқа қол қою үшін Жеткізуші мына құжаттардың көшірмелерін беруге міндеттеледі:
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік үшін:
• Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
• ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қойылғаны туралы куәлік (салық салынатын болса);
• Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
• Бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық.
Жеке кәсіпкер үшін:
• ЖК тіркеу туралы куәлік;
• Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
• Жеке куәлігі;
• ҚҚС бойынша тіркелу есебіне қойылғаны туралы куәлік (салық салынатын болса).
Жеткізуші тарапынан сатып алу туралы шартқа қол қоюдың талап етілетін мерзімі – 7 жұмыс күні.