1. Тапсырыс беруші: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, 050000, Алматы қ., Панфилов көш., 98, электронды мекенжайы – [email protected],
Сатып алуды ұйымдастырушы: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, 050000, Алматы қ., Панфилов көш., 98, телефон: 259-94-12, электронды мекенжайы – [email protected],
хабарландыруды орналастыру арқылы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен ГАЗ-51 негізінде автокөтергіштердің гидравликалық көтергіш механизмдерді жөндеу бойынша жұмыстарды сатып алуды өткізу туралы хабарландырады және көрсетілген сатып алуға қатысуға шақырады.
2. Жұмыс атауы және қысқаша сипаттамасы:
Лоттар № |
Жұмыс атауы |
Жұмыстың қысқаша сипаттамасы |
Өлшем бірлігі |
Саны |
ҚҚС есептеме- генде бірлік үшін бағасы, теңге | ҚҚС есептеме-генде, сатып алуға бөлінген жалпы сома теңге |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 |
ГАЗ-51 негізінде автокөтергіштердің гидравликалық көтергіш механизмдерді жөндеу |
Мекенжайы: Алматы қ., Ермак к-сі, 24 1) айырықтардың көтергіш гидравликалық цилиндр штогын жөндеу (қайтақұру) (диаметр 70 мм, ұзындығы 2100 мм) – 2 дана 2) айырықтардың көтергішінің гидравликалық цилиндрін қайтақұру– 2 дана 3) Еңкею бұрышының көлденең мачтаның гидравликалық цилиндр штогын жөндеу (қайта құру )– 2 дана 4) Еңкею көлденең бұрышының еңкею мачтаның гидравликалық цилиндр штогын жөндеу – 2 дана 5) Жаңа деңгейде гидроцилиндрлердің ресурсын қамтамасыз ете отырып қосылу жерлерде технологиялық саңлауларды жарыстарды, сынықтарды, топ басулар,ойықтарды, тесіктерді, және басқа да түрлі ақауларды жою арқылы гидрожүйенің жұмыс істеу қабілетін қалпына келтіру. 6) Барлық резеңке техникалық бұйымдарды және көтеру және жүктердің орнын ауыстыру кезінде жұмыс цилиндрлерден сұйықтықтардың және ауаның ағып кетуіне жол бермейтін айырық көтергіштері гидрожүйелерінің қозғалатын қосылу жерлерінің сәйкес жұмыс сұйықтықтарын ауыстыру (тығыздағыштарды, майлылықтарды, манжет пен басқаларды). 7) Статикалық және динамикалық салмақтары күшімен гидравликалық көтергіш механизмдердің техникалық сынақтан өткізу ; 8) Гидравликалық көтергіш механизмдердің техникалық сынақтар нәтижелерін сынақтардың техникалық куәландыру Актісімен ресімделсін. |
жұмыс |
1 |
350 000,00 |
350 000,00 |
3.Жұмысты орындау орны – Алматы қ., Ермак к-сі, 24.
4. Талап етілетін Жұмысты орындау мерзімі Шарт талаптарына сәйкес.
5. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары бар конверттерді беру күні мен уақыты:
2016ж. «10» маусым сағат 09:00 ден бастап 2016ж. «17» маусым сағат 09:30 дейін
6. Баға ұсыныстары бар конверттерді ашу күні мен уақыты:
2016ж. «17» маусым сағат 10:00.
Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын жеткізетін орны – «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, 050000, Алматы қ., Панфилов көш., 98, №401 бөлме.
7. Тауар үшін талап етілетін ақы төлеу талаптары Шарт талаптарына сәйкес
8. Маңызды талаптарды көрсете отырып сатып алу туралы шарт жобасы және техникалық ерекше нұсқама қоса жіберіледі.
1) Әр әлеуетті жеткізуші ұсынылған нысан бойынша мына мәліметтерді құрайтын, тек бір баға ұсынысын бере алады:
• әлеуетті жеткізушінің атауы, заңды және нақты мекенжайы (заңды тұлғалар үшін), патент және жеке куәлігінің (төлқұжат) нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты орны (жеке тұлғалар үшін), банктік деректемелері;
• көрсетілетін Қызмет атауы, сипаттамасы және саны;
• Қызмет көрсету орны мен мерзімі;
• Бірлік үшін бағасы және Қызмет көрсетуге байланысты шығындар кіретін Қызметтің жалпы бағасы.
2) Әлеуетті жеткізуші желімдеп жабылған баға ұсыныстары бар конверттің бет жағында мыналарды көрсетуі керек:
• әлеуетті жеткізушінің толық атауы мен пошталық мекенжайы
• сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы;
• әлеуетті жеткізуші баға ұсыныстарын беруге қатысу үшін қызметтерді сатып алу атауы.
Өзінде жеке басын куәландыратын куәлік көшірмесі болу керек, ал әлеуетті жеткізуші баға ұсыныстары бар конвертті берген жағдайда оның ішінде сенімхат болу керек.
Шартқа қол қою үшін Жеткізуші мына құжаттардың көшірмелерін беруге міндеттеледі:
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік үшін:
• Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
• ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қойылғаны туралы куәлік (салық салынатын болса);
• Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
• Бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық
Жеке кәсіпкер үшін:
• ЖК тіркеу туралы куәлік;
• Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
• Жеке куәлігі;
• ҚҚС бойынша тіркелу есебіне қойылғаны туралы куәлік (салық салынатын болса).
Жеткізуші тарапынан сатып алу туралы шартқа қол қоюдың талап етілетін мерзімі – 7 жұмыс күні.