Хабарландыруды орналастыру арқылы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен инженерлік торапқа техникалық қызмет көрсету және күту және қоқысты шығару бойынша қызметтерді сатып алуды өткізу туралы хабарландырады (Баға ұсыныстары бар конверттерді әлеуетті жеткізушінің беру күні мен уақыты: 2018 жылғы «13» ақпан 09: 00 сағат бастап 2018 жылғы «20» ақпан «10» «30»сағатқа дейін)
1. Тапсырыс беруші: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ 050010, Алматы қ., Қонаев көш., 181, электронды мекенжайы – [email protected]
Сатып алуды ұйымдастырушы: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, Сатып алу басқармасы, 050010, Алматы қ., Қонаев көш., 181; тел.: 259-91-44, электронды мекенжайы – [email protected]
хабарландыруды орналастыру арқылы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен инженерлік торапқа техникалық қызмет көрсету және күту және қоқысты шығару бойынша қызметтерді сатып алуды өткізу туралы хабарландырады және көрсетілген сатып алуларға қатысуға шақырады
2. Қызметтердің атауы және қысқаша сипаттамасы:
Лот № |
Қызметтер атауы |
Қызметтердің қысқаша сипаттамасы |
Өлшем бірлігі |
Саны |
ҚҚС есептемегендегі бірлік бағасы, теңге | Сатып алуға бөлінген жалпы сома, ҚҚС есептемегенде, теңге |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | Инженерлік торапқа техникалық қызмет көрсету және күту | Үй-жайдың жалпы ауданы – 6 543,1 ш.м. – жалпы инженерлік жүйеге техникалық қызмет көрсету (электрмен жабдықтау тораптары, жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау, канализациялар, сорғы, өрт сөндірудің су тартқышы, сплинкерлік өрт сөндірудің жүйесі, құралдар, жабдықтар мен өлшеуіш құралдар); – жалпы инженер тораптарын, құралдар мен жабдықтарды апаттық жөндеу. |
қызмет | 1 | 4 778 160,00 | 4 778 160,00 |
2 | Қоқысты шығару | Әкімшілік ғимараттың жалпы ауданы – 6 543,1 ш.м. «Tengiz Towers» тұрғын үй кешенінің күзетілетін аумағында орналасқан контейнерлерден қоқысты тиеуге арналған арнайы автокөлікпен (мусоровозбен) қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау мен шығару. |
қызмет | 1 | 212 353,00 | 212 353,00 |
Қызметтерді сатып алуға бекітілген жалпы сома – ҚҚС сомасын есептемегенде 4 990 513,00 (төрт миллион тоғыз жүз тоқсан мың бес жүз он үш) теңге 00 тиын.
3. Қызметтерді көрсету орны –Шартқа сәйкес;
4. Қызметтерді көрсетудің талап етілетін мерзімі Шарт талаптарына сәйкес.
5. Баға ұсыныстары бар конверттерді әлеуетті жеткізушінің беру күні мен уақыты: 2018 жылғы «13» ақпан 09: 00 сағат бастап 2018 жылғы «20» ақпан «10» «30»сағатқа дейін.
6. Баға ұсыныстары бар конверттерді ашу күні мен уақыты: 2018 жылғы «20» ақпан «11» сағат: «00» м.
Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын жеткізетін орны – «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, 050010, Алматы қ., Қонаев көш., 181, №204 кабинет.
7. Қызметтер үшін талап етілетін ақы төлеу талаптары Шарт талаптарына сәйкес.
8. Маңызды талаптарын көрсете отырып сатып алу туралы шарт жобасы және техникалық ерекше нұсқамасы қоса жіберіледі.
1) Әлеуетті жеткізуші ұсынылған нысан бойынша мына мәліметтерді және құжаттарды құрауы керек әлеуетті жеткізушінің қолы және мөрімен (ол бар болса) бекітілген тек бір баға ұсынсын береді:
• әлеуетті жеткізушінің атауы, заңды және нақты мекенжайы (заңды тұлғалар үшін), патент және жеке куәлігінің (төлқұжатының) нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты орны (жеке тұлғалар үшін), банктік деректемелері;
• көрсетілетін Қызметтердің атауы;
• Қызметті көрсету орны мен мерзімі;
• ҚҚС сомасын есептемегенде Қызметтің бірлік бағасы.
2) Әлеуетті жеткізуші желімдеп жабылған баға ұсыныстары бар конверттің бет жағында мыналарды көрсетуі керек:
• әлеуетті жеткізушінің толық атауы мен пошталық (заңды) мекенжайы;
• сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы;
• әлеуетті жеткізуші баға ұсыныстарын беруге қатысу үшін тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу атауы.
Баға ұсынысын поштамен жіберген кезде конверттің бет жағында қосымша ескертпе болуы керек: «2018 жылғы «20» ақпан «11» сағат «00» минутқа дейін ашпау керек».
Әлеуетті жеткізуші немесе олардың уәкілетті өкілдері баға ұсыныстарын қолма-қол берген жағдайда әлеуетті жеткізушілер немесе олардың уәкілетті өкілдері баға ұсыныстарын беру құқығына әлеуетті жеткізушінің мүддесін білдіретін тұлғалардың сенімхаттарын, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесімен бірге беруі керек.
Шартқа қол қою үшін Жеткізуші мына құжаттардың көшірмесін беруге міндеттеледі:
Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі үшін:
• Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
• ҚҚС бойынша тіркелу есебіне қойылу туралы куәлік (салық салынатын болса);
• Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
• Бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық.
Жеке кәсіпкер үшін:
• ЖК тіркеу туралы куәлік;
• Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
• Жеке куәлігі;
• ҚҚС бойынша тіркелу есебіне қойылу туралы куәлік (салық салынатын болса).
Жеткізуші тарапынан сатып алу туралы шартқа қол қоюдың талап етілетін мерзімі – 7 жұмыс күн.