1. Тапсырыс беруші: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, A25Y5E8 (050010), Алматы қ., Қонаев көш., 181, электронды мекенжайы – [email protected] .
Сатып алуды ұйымдастырушы: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, Сатып алу басқармасы, A25Y5E8 (050010), Алматы қ., Қонаев көш., 181, тел.: 2 59 91 44, электронды мекенжайы – [email protected] .
хабарландыруды орналастыру арқылы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен Ішкі өртке қарсы су құбыры жүйесін жөндеу және автоматты өртсөндіргіш жүйесін іске қосу-реттеу бойынша жұмыстарды сатып алудың өткізілетіндігі туралы хабарландырады және көрсетілген сатып алуға қатысуға шақырады
2. Жұмыс атауы және қысқаша сипаттамасы:
Лот № | Жұмыс атауы | Жұмыстың сипаттамасы | Өлшем бірлігі | Саны | ҚҚС есептеме-гендегі сатып алуға бөлінген жалпы сома, теңгемен | Жұмысты орындау орны |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | Ішкі өртке қарсы су құбыры жүйесін жөндеу және автоматты өртсөндіргіш жүйесін іске қосу-реттеу бойынша жұмыстар |
Ішкі өртке қарсы су құбыры жүйесін жөндеу және автоматты өртсөндіргіш жүйесін іске қосу-реттеу бойынша жұмыстар:
1. Электржетекті бұрғыш бекітпе. Дискілік бұрғыш болат бекітпе, корпусы алюминий анодталған құймадан жасалған QT электржетекпен жиынтықталады,. Жетектің бейсинхронды қозғалтқышы (F сыныпты), бұрамдықты берілісі, соңғы және мезеттік ажыратқыштары, қолмен реттелетін дублері бар. Қыздырғыш элемент конденсаттан қорғауға арналған. Сондай-ақ электржетек өз-өзінен бұғатталу және күйін индикациялау функцияларымен жабдықталған. Электржетекті дискілік бекітпелер тек жинақпен беріледі. Қорғаныс деңгейі IP67, жұмыс режимі S2-10 мин. Қоршаған орта температурасында пайдалану -20… +60 °С. 2. Сорғымен басқару шкафын заманауиландыру. 3. Ысырмамен басқару шкафтарының коммутациясы. 4. Электржетекті ысырманы орнату. 5. Фланцаралық ысырманы орнату. 6. Өрт крандары баспа түймесін тексеру. 7. Автоматты өртсөндіргіш жүйесін іске қосу-реттеу. |
жұмыс | 1 | 424 572,00 | Алматы қаласы, Достық даңғылы, 136 |
Жұмысты сатып алуға бөлінген жалпы сома – ҚҚС сомасын есептемегенде 424 572,00 (төрт жүз жиырма төрт мың бес жүз жетпіс екі) теңге 00 тиын.
3. Жұмыс орындалатын орын – Алматы қаласы, Достық даңғылы, 136.
4. Жұмысты орындау талап етілетін мерзімдер, тізбесі Шарт талаптарына сәйкес.
5. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары бар конверттерді берген күні мен уақыты: 2018 жылғы 14.09., сағат 09:30-ден бастап 2018 жылғы 21.09., сағат 09:30 дейін.
6. Баға ұсыныстары бар конверттерді ашу күні мен уақыты: 2018 жылғы 21.09., 10:00 сағатта.
Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын беретін орны – «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, A25Y5E8 (050010), Алматы қаласы, Қонаев көш., 181. № 204 кабинет.
7. Жұмыс үшін ақы төлеудің талап етілетін тәртібі Шарт талаптарына сәйкес.
8. Сатып алу туралы шарт жобасы маңызды талаптарымен және техникалық ерекше нұсқамасымен қоса беріледі.
1) Әлеуетті жеткізуші ұсынылған нысан бойынша мына мәліметтер мен құжаттардан тұратын әлеуетті жеткізушінің қолымен және мөрімен (бар болған жағдайда) бекітілген тек бір баға ұсынысын бере алады:
• әлеуетті жеткізушінің атауы, заңды және нақты мекенжайы (заңды тұлғалар үшін), патент және жеке куәлігінің (төлқұжат) нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты орны (жеке тұлғалар үшін), банктік деректемелері;
• орындалатын Жұмыс атауы, сипаттамасы және саны;
• Жұмыс орындалатын орын мен мерзімі;
• Жұмыс бірлігінің бағасы мен Жұмысты орындауға байланысты оның шығыстары қоса қамтылған жалпы бағасы.
2) Әлеуетті жеткізуші желімдеп жабылған баға ұсыныстары бар конверттің бет жағында мыналарды көрсетуі керек:
• әлеуетті жеткізушінің толық атауы мен пошталық (заңды) мекенжайы;
• сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы;
• әлеуетті жеткізуші қатысу үшін баға ұсыныстарын берген тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу атауы.
Баға ұсыныстарын пошта арқылы жібергенде, конверттің беткі жағында қосымша ескертпе болуы тиіс: «2018 жылғы «21» қыркүйек 10 сағат 00 минутқа дейін ашылмасын».
Әлеуетті жеткізушілер немесе оның уәкілетті өкілдері баға ұсыныстарын өз қолымен бергенде, әлеуетті жеткізушілер немесе оның уәкілетті өкілдері баға ұсыныстарын беру құқына берілген әлеуетті жеткізушінің мүдделерін қорғайтын тұлғаларына жеке басын куәландыратын құжат көшірмесімен сенімхатты беруге тиіс.
Шартқа қол қою үшін Жеткізуші мына құжаттардың көшірмесін беруге міндеттенеді:
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін:
• Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
• ҚҚС бойынша тіркелу есебіне қойылу туралы куәлік (салық салынатын болса);
• Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
• Бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық
Жеке кәсіпкер үшін:
• ЖК тіркеу туралы куәлік;
• Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
• Жеке куәлігі;
• ҚҚС бойынша тіркелу есебіне қойылу туралы куәлік (салық салынатын болса).
Жеткізуші тарапынан сатып алу туралы шартқа қол қоюдың талап етілетін мерзімі – 7 жұмыс күні.