1. Тапсырыс беруші: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, 050010, Алматы қ., Қонаев көш., 181, электронды мекенжайы – [email protected]
Сатып алуды ұйымдастырушы: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, Сатып алу басқармасы, 050010, Алматы қ., Қонаев көш., 181, тел.: 259-91-44, электронды мекенжайы – [email protected]
хабарландыруды орналастыру арқылы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен көше орындығын сатып алудың өткізілетіндігі туралы хабарландырады және көрсетілген сатып алуға қатысуға шақырады
2. Тауар атауы және қысқаша сипаттамасы:
Лот № | Тауар атауы | Тауардың қысқаша сипаттамасы | Өлшем бірлігі | Саны | ҚҚС есептемегендегі бірлігі үшін бағасы, теңгемен | ҚҚС есептемегендегі сатып алуға бөлінген жалпы сома, теңгемен |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
№1 Лот | Көше орындығы | Өнім: құрамалы – жиылмалы . Көлемі: ұзындығы – 1800мм, отырғыштың ені – 450мм, отырғыштың биіктігі – 480мм, арқасымен ұзындығы – 900мм. Төбе қалқасы: полигаль 8мм. Қаңқасы: болат тіректер. Материалы: профиль құбыры 1,5мм. Тіректер тот басуға қарсы өңделу керек. Отырғыш: ағаш діңгектер. Өнімде мынандай материалдар пайдалану керек: «В» санатты қылқанды ағаш. Отырғыштың (діңгек)өрттен биологиялық қорғанысты арзанқол материалмен өңделеді + жоғары сапалы температуралардың қатты төмендеуіне төзімді лак, сұйық сілті ерітінді әсеріне төзімді. Діңгектің тіректерге бекітілуі бұрамаларда (ойғыштар). | Дана | 1,00 | 80 400,00 | 80 400,00 |
Тауарды сатып алуға бөлінген жалпы сома – ҚҚС сомасын есептемегенде 80 400,00 (сексен мың төрт жүз) теңге 00 тиын.
3. Тауар жеткізу орны – Алматы қ., Ермак көшесі, 24
4. Тауар жеткізудің талап етілетін мерзімдер Шарт талаптарына сәйкес.
5. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары бар конверттерді берген күні мен уақыты: 2018 жылғы 25.05., сағат 10:00-ден бастап 2018 жылғы 01.06., сағатқа 10:00 дейін.
6. Баға ұсыныстары бар конверттерді ашу күні мен уақыты: 2018 жылғы 01.06., 10:30 сағатта.
Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын беретін орны – «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, A25Y5E8 (050010), Алматы қаласы, Қонаев көш., 181. № 204 кабинет.
7. Тауар үшін ақы төлеудің талап етілетін тәртібі Шарт талаптарына сәйкес.
8. Сатып алу туралы шарт жобасы маңызды талаптарымен және техникалық ерекше нұсқамасымен қоса беріледі.
1) Әлеуетті жеткізуші ұсынылған нысан бойынша мына мәліметтер мен құжаттардан тұратын әлеуетті жеткізушінің қолымен және мөрімен (бар болған жағдайда) бекітілген тек бір баға ұсынысын бере алады:
• әлеуетті жеткізушінің атауы, заңды және нақты мекенжайы (заңды тұлғалар үшін), патент және жеке куәлігінің (төлқұжат) нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты орны (жеке тұлғалар үшін), банктік деректемелері;
• жеткізілетін Тауар атауы, сипаттамасы және саны;
• Тауар жеткізетін орын мен мерзімі;
• Тауар бірлігінің бағасы мен Тауар жеткізуге байланысты оның шығыстары қоса қамтылған жалпы бағасы.
2) Әлеуетті жеткізуші желімдеп жабылған баға ұсыныстары бар конверттің бет жағында мыналарды көрсетуі керек:
• әлеуетті жеткізушінің толық атауы мен пошталық (заңды) мекенжайы;
• сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы;
• әлеуетті жеткізуші қатысу үшін баға ұсыныстарын берген тауарларды сатып алу атауы.
Баға ұсыныстарын пошта арқылы жібергенде, конверттің беткі жағында қосымша ескертпе болуы тиіс: «2018 жылғы «01» маусым 10 сағат 30 минутқа дейін ашылмасын».
Әлеуетті жеткізушілер немесе оның уәкілетті өкілдері баға ұсыныстарын өз қолымен бергенде, әлеуетті жеткізушілер немесе оның уәкілетті өкілдері баға ұсыныстарын беру құқына берілген әлеуетті жеткізушінің мүдделерін қорғайтын тұлғаларына жеке басын куәландыратын құжат көшірмесімен сенімхатты беруге тиіс.
Шартқа қол қою үшін Жеткізуші мына құжаттардың көшірмесін беруге міндеттенеді:
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін:
• Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
• ҚҚС бойынша тіркелу есебіне қойылу туралы куәлік (салық салынатын болса);
• Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
• Бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық
Жеке кәсіпкер үшін:
• ЖК тіркеу туралы куәлік;
• Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
• Жеке куәлігі;
• ҚҚС бойынша тіркелу есебіне қойылу туралы куәлік (салық салынатын болса).
Жеткізуші тарапынан сатып алу туралы шартқа қол қоюдың талап етілетін мерзімі – 7 жұмыс күні.