Хабарландыруды орналастыру арқылы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен күзет-өрт дабылдамасын жөндеу бойынша жұмыстарды сатып алуды өткізу туралы хабарландырады (Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары бар конверттерді беру күні мен уақыты: 2018 жылғы «10» мамыр сағат 09:00 бастап 2018 жылғы «17» мамыр сағат 10:00 дейін)
1. Тапсырыс беруші: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, A25Y5E8 (050010), Алматы қ., Қонаев көш., 181, электронды мекенжайы – [email protected].
Сатып алуды ұйымдастырушы: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, Сатып алу басқармасы, A25Y5E8 (050010), Алматы қ., Қонаев көш., 181, тел: 259-91-81, электронды мекенжайы – [email protected]
баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен күзет-өрт дабылдамасын жөндеу бойынша жұмыстарды сатып алуды өткізу туралы хабарландырады және көрсетілген сатып алуларға қатысуға шақырады
2. Жұмыс атауы және қысқаша сипаттамасы:
Лот № | Жұмыс атауы | Жұмыстың қысқаша сипаттамасы | Өлшем бірлігі | Саны | ҚҚС есептемегенде бірлігі үшін бағасы, теңге | ҚҚС есептемегенде сатып алуға бөлінген жалпы сома, теңге |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 |
Күзет-өрт дабылдамасын жөндеу
(8-ші көше) |
Түйіндер мен бөлшектерді ауыстыра отырып күзет-өрт дабылдамасын құрастыра отырып жөндеу бойынша жұмыстар, оның ішінде: 1. Қабылдау-бақылаушы құрылғы – 2 дана; 2. Қуаттандыру блогы 12В 2 А/с – 15 дана; 3. Аккумулятор батареясы 12В 7А/с – 17 дана; 4. Түтiнді өрт хабарлағышы – 105 дана; 5. Қолмен түтiнді өрт хабарлағышы – 13 дана; 6. Сәулелі табло – 13 дана; 7. Стробоскопы бар дабылдама сиренасы – 14 дана; 8. Күзет хабарлағышы – 12 дана; 9. Өртке төзімді күш кабелі – 400 м.; 10. Өрттенуге жол бермейтін КӨД құрастыру үшін – 800 м.; 11. Кабель каналы 20х10 мм – 400 м.; 12. ПВХ Ø16 мм гофра құбыры – 1300 м.; 13. ПЭ – 610 м. жасалған қабаты бар сыртта төсеу үшін FTP кабельдер; 14.Күзету жүйелеріне арналған дабылдама кабелі – 300 м. |
Жұмыс | 1 | 1 690 000,00 | 1 690 000,00 |
Жұмыс сатып алуға бекітілген жалпы сома – ҚҚС сомасын есептемегенде – 1 690 000,00 (бір миллион алты жүз тоқсан мың) теңге 00 тиын.
3. Жұмысты орындау орны: Шартта көрсетілген мекенжай бойынша.
4. Талап етілетін Жұмысты орындау мерзімі Шарт талаптарына сәйкес.
5. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары бар конверттерді беру күні мен уақыты: 2018 жылғы «10» мамыр сағат 09:00 бастап 2018 жылғы «17» мамыр сағат 10:00 дейін.
6. Баға ұсыныстары бар конверттерді ашу күні мен уақыты: 2018ж. «17» мамыр сағат 11:00.
Әлеуетті жеткізушілер баға ұсыныстарды ұсыну жері – «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, A25Y5E8 (050010), Алматы қ., Қонаев көш., 181, №204 кабинет.
7. Жұмыс үшін талап етілетін ақы төлеу жағдайлары Шарт талаптарына сәйкес.
8. Маңызды талаптары көрсетілген сатып алу туралы шарт жобасы қоса жіберіледі.
1) Әр әлеуетті жеткізуші ұсынылған нысан бойынша мына мәліметтерді құрайтын, тек бір баға ұсынысын бере алады:
• әлеуетті жеткізушінің атауы, заңды және нақты мекенжайы (заңды тұлғалар үшін), патент және жеке куәлігінің (төлқұжат) нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты орны (жеке тұлғалар үшін), банктік деректемелері;
• көрсететін Жұмыс атауы, сипаттамасы және саны;
• Жұмысты орындау орны мен мерзімі;
• Жұмыс бірлігі үшін бағасы және жалпы бағасы Жұмысты көрсетуге байланысты шығындарды қосқанда.
2) Әлеуетті жеткізуші желімдеп жабылған баға ұсыныстары бар конверттің бет жағында мыналарды көрсетуі керек:
• әлеуетті жеткізушінің толық атауы мен пошталық (заңды) мекенжайы
• сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы;
• әлеуетті жеткізуші баға ұсыныстарын беруге қатысу үшін жұмыстарды сатып алу атауы.
Баға ұсыныстарды әлеуетті жеткізушілер немесе уәкілетті өкілдер қолма-қол ұсыну кезінде әлеуетті жеткізушілерде немесе уәкілетті өкілдерінде өзінде жеке басын куәландыратын куәліктің көшірмесі бар баға ұсынысын ұсынуға құқығын беретін әлеуетті жеткізушінің мүддесін қорғайтын тұлғаларда сенімхат болу керек.
Баға ұсынысты поштамен жіберген сәтте, конверттің бетінде: «2018 жылғы «17» мамыр 11 сағат 00 минутқа дейін ашпау керек» деген қосымша белгі болу керек.
Шартқа қол қою үшін Жеткізуші мына құжаттардың көшірмелерін беруге міндеттеледі:
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік үшін:
• Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
• ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қойылғаны туралы куәлік (салық салынатын болса);
• Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
• Бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық.
Жеке кәсіпкер үшін:
• ЖК тіркеу туралы куәлік;
• Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
• Жеке куәлігі;
• ҚҚС бойынша тіркелу есебіне қойылғаны туралы куәлік (салық салынатын болса).
Жеткізуші тарапынан сатып алу туралы шартқа қол қоюдың талап етілетін мерзімі – 7 жұмыс күні.