Хабарландыруды орналастыру арқылы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен картридждерді сатып алудың өткізілетіндігі туралы хабарландырады (Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары бар конверттерді берген күні мен уақыты: 2016 жылғы «24» 08, 9 сағаттан бастап 2016 жылғы «1» 09, 9:30 сағатқа дейін)
1. Тапсырыс беруші: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, 050000, Алматы қ., Панфилов көш., 98, электронды мекенжайы – [email protected] .
Сатып алуды ұйымдастырушы: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, Сатып алу басқармасы, 050000, Алматы қ., Панфилов көш., 98, тел.: 2599 144, электронды мекенжайы – [email protected]
хабарландыруды орналастыру арқылы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен картридждерді сатып алудың өткізілетіндігі туралы хабарландырады және көрсетілген сатып алуға қатысуға шақырады
2. Тауар атауы және қысқаша сипаттамасы:
Лот № |
Тауар атауы |
Тауардың қысқаша сипаттамасы |
Өлшем бірлігі |
Саны |
ҚҚС есептеме-гендегі бірлігі үшін бағасы, теңгемен | ҚҚС есептеме-гендегі сатып алуға бөлінген жалпы сома, теңгемен |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 |
Картридж |
1. Көпфункциялы принтер өндірушінің жаңа, қайта өңделмеген, қайтадан толтырылмаған, HP PRO M225dn көпфункциялы принтерге арналған «CF283A» маркалы ТҮПНҰСҚА картриджі; 2. Картридж орамында – ашу жолағы сыртына жапсырма жапсырылған, қораптағы (орамындағы) және картридждегі QR-коды, сериялық нөмірі, кодтары алғашқы бес таңбамен сәйкесуі тиіс. 3. Картридж сондай-ақ пластик герметикалық пакетке орамдалуы тиіс (ішкі орам) 4. Өндірілген күні 2015 жылдан бұрынғы болмауы тиіс. 5. Кепілдігі -1 жыл; 6. Жеткізу мерзімі: 30 күнтізбелік күн |
дана |
15 |
19 847,13 |
297 706,95 |
Тауарды сатып алуға бөлінген жалпы сома – ҚҚС сомасын есептемегенде 297 706, 95 (екі жүз тоқсан жеті мың жеті жүз алты) теңге 95 тиын.
3. Тауар жеткізетін орын – Алматы қаласы, Ермак көшесі, 24-үй.
4. Тауар жеткізудің талап етілетін мерзімі Шарт талаптарына сәйкес.
5. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары бар конверттерді берген күні мен уақыты: 2016 жылғы «24» 08, 9 сағаттан бастап 2016 жылғы «1» 09, 9:30 сағатқа дейін.
6. Баға ұсыныстары бар конверттерді ашу күні мен уақыты: 2016 жылғы «1» 09, 10 сағатта.
Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын жеткізетін орны – «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, 050000, Алматы қ., Панфилов көш., 98, №401 кабинет.
7. Тауар үшін ақы төлеудің талап етілетін тәртібі Шарт талаптарына сәйкес.
8. Сатып алу туралы шарт жобасы маңызды талаптарымен қоса беріледі.
1) Әлеуетті жеткізуші ұсынылған нысан бойынша мына мәліметтер мен құжаттардан тұратын әлеуетті жеткізушінің қолымен және мөрімен (бар болған жағдайда) бекітілген тек бір баға ұсынысын бере алады:
• әлеуетті жеткізушінің атауы, заңды және нақты мекенжайы (заңды тұлғалар үшін), патент және жеке куәлігінің (төлқұжат) нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты орны (жеке тұлғалар үшін), банктік деректемелері;
• жеткізілетін Тауар атауы, сипаттамасы мен саны;
• Тауар жеткізу орны мен мерзімі;
• Тауар жеткізуге байланысты шығыстары қоса есептелген Тауар бірлігі үшін бағасы және жалпы бағасы.
2) Әлеуетті жеткізуші желімдеп жабылған баға ұсыныстары бар конверттің бет жағында мыналарды көрсетуі керек:
• әлеуетті жеткізушінің толық атауы мен пошталық (заңды) мекенжайы;
• сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы;
• әлеуетті жеткізуші баға ұсыныстарын беруге қатысу үшін Тауарды сатып алу атауы.
Баға ұсыныстарын пошта арқылы жібергенде, конверттің беткі жағында қосымша ескертпе болуы тиіс: «2016 жылғы 01 09, 10сағат 00 минутқа дейін ашылмасын».
Әлеуетті жеткізушілер немесе оның уәкілетті өкілдері баға ұсыныстарын өз қолымен бергенде, әлеуетті жеткізушілер немесе оның уәкілетті өкілдері баға ұсыныстарын беру құқымен әлеуетті жеткізушінің мүдделерін қорғайтын тұлғаларына жеке басын куәландыратын құжат көшірмесімен сенімхатты беруге тиіс.
Шартқа қол қою үшін Жеткізуші мына құжаттардың көшірмесін беруге міндеттенеді:
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін:
• Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
• ҚҚС бойынша тіркелу есебіне қойылу туралы куәлік (салық салынатын болса);
• Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
• Бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық
Жеке кәсіпкер үшін:
• ЖК тіркеу туралы куәлік;
• Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
• Жеке куәлігі;
• ҚҚС бойынша тіркелу есебіне қойылу туралы куәлік (салық салынатын болса).
Жеткізуші тарапынан сатып алу туралы шартқа қол қоюдың талап етілетін мерзімі – 7 жұмыс күні.