Хабарландыруды орналастыру арқылы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен әкімшілік ғимарат қасбетін ағымдық жөндеу бойынша жұмысты сатып алудың өткізілетіндігі туралы хабарландырады (Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары бар конверттерді беретін күні мен уақыты: 2017 жылғы «01»тамыз, 09 сағат: 00минуттан бастап 2017 жылғы «08»тамыз, 10 сағат: 30 минутқа дейін)

1. Тапсырыс беруші:  «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, заңды мекенжайы: 050010, Алматы қ., Қонаев көш., 181, электронды мекенжайы – [email protected] .
2. Сатып алуды ұйымдастырушы:  «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ,  Сатып алу басқармасы, 050010, Алматы қ., Қонаев көш., 181, тел.: 259-91-44, электронды мекенжайы – [email protected] .
хабарландыруды орналастыру арқылы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен әкімшілік ғимарат қасбетін ағымдық жөндеу бойынша жұмысты сатып алудың өткізілетіндігі туралы хабарландырады және көрсетілген сатып алуға қатысуға шақырады
3. Жұмыстың атауы және қысқаша сипаттамасы:

 

Лот

 

Жұмыс атауы

 

Жұмыстың қысқаша сипаттамасы

Өлшем бірлігі Саны ҚҚС есептемегендегі бірлігі үшін бағасы, теңгемен ҚҚС есептемегендегі сатып алуға бөлінген жалпы сома, теңгемен
1 2 3 4 5 6 7
1 Әкімшілік ғимарат қасбетін ағымдық жөндеу (Алматы қаласы, Қонаев көшесі, 181) Қасбетті сырттай әрлеу. Сылақ және сәндік әрі учаскелерін қалпына келтіру. Қасбетті тазалау, тегістеу және бояу. Әкімшілік үй іргетасын бояу.
Металл терезе торларын бояу. Су ағызу науаларын нығайтып бекіту.  Қыздырғыш кабельді құру, іске қосу-реттеу
Жұмыс 1  4 038 592,86 4 038 592,86

Жұмысты сатып алуға бөлінген жалпы сома – ҚҚС сомасын есептемегенде 4 038 592,86 (төрт миллион отыз сегіз мың бес жүз тоқсан екі) теңге 86 тиын.
4. Жұмыс орындалатын орын – Алматы қаласы, Қонаев көшесі, 181
5. Жұмысты орындау талап етілетін  мерзімдер: Шарт талаптарына сәйкес.
6. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары бар конверттерді беретін  күні мен уақыты:
2017 жылғы  «01»тамыз,  09 сағат: 00минуттан бастап  2017 жылғы  «08»тамыз,  10 сағат: 30 минутқа дейін.
7. Баға ұсыныстары бар конверттерді ашатын күн және уақыт:
2017 жылғы  «08» тамыз, 11 сағат: 00 минутта.
Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын беретін орны – «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, 050010, Алматы қ., Қонаев көш., 181, №204 кабинет.
8. Жұмысқа ақы төлеудің  талап етілетін тәртіптері  Шарт талаптарына сәйкес.
9. Сатып алу туралы шарт жобасы маңызды талаптары көрсетіліп қоса беріледі.
1) Әлеуетті жеткізуші ұсынылған үлгі-нысан бойынша мына мәліметтер мен құжаттардан тұратын әлеуетті жеткізушінің қолымен және мөрімен (бар болған жағдайда) бекітілген тек бір баға ұсынысын бере алады:
• әлеуетті жеткізушінің атауы, заңды және нақты мекенжайы (заңды тұлғалар үшін), патент және жеке куәлігінің (төлқұжат) нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты орны (жеке тұлғалар үшін), банктік деректемелері;
• орындалатын Жұмыс атауы;
• Жұмыс орындалатын орын мен мерзім;
• ҚҚС сомасын есептемегендегі Тауар бірлігі үшін баға.
2) Әлеуетті жеткізуші желімдеп жабылған баға ұсыныстары бар конверттің бет жағында мыналарды көрсетуі керек:
• әлеуетті жеткізушінің толық атауы мен пошталық (заңды) мекенжайы;
• сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы;
• әлеуетті жеткізуші қатысу үшін баға ұсынысын берген тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу атауы.
Баға ұсыныстарын пошта арқылы жібергенде, конверттің беткі жағында қосымша ескертпе болуы  тиіс: «2017 жылғы «08» тамыз, 11 сағат 00 минутқа дейін ашылмасын».
Әлеуетті жеткізушілер немесе оның уәкілетті өкілдері баға ұсыныстарын қолма-қол  бергенде, әлеуетті жеткізушілер немесе оның уәкілетті өкілдері әлеуетті жеткізушінің мүдделерін қорғайтын тұлғаларына баға ұсыныстарын беру құқына берілген сенімхатты жеке басын куәландыратын құжат көшірмесімен бірге  беруі тиіс.
Шартқа қол қою үшін Жеткізуші мына құжаттардың көшірмесін беруге міндеттенеді:
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін:
• Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
• ҚҚС бойынша тіркелу есебіне қойылу туралы куәлік (салық салынатын болса);
• Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
• Бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық
Жеке кәсіпкер үшін:
• ЖК тіркеу туралы куәлік;
• Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
•    Жеке куәлігі;
•    ҚҚС бойынша тіркелу есебіне қойылу туралы куәлік (салық салынатын болса).
Жеткізуші тарапынан сатып алу туралы шартқа қол қоюдың талап етілетін мерзімі – 7 жұмыс күні.

Получить документацию

Comments are closed.