Хабарландыруды орналастыру арқылы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен кір жиһазды қайта қалпына келтіру бойынша жұмыстарды сатып алуды өткізу туралы хабарландырады (Баға ұсыныстары бар конверттерді әлеуетті жеткізушінің беру күні мен уақыты: 2018 жылғы «18» қыркүйек сағат 09:00 бастап 2018 жылғы «25» қыркүйек сағат 10:30 дейін)

1. Тапсырыс беруші: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, А25Y5E8 (050010), Алматы қ., Қонаев көш., 181, электронды мекенжайы – [email protected]
Сатып алуды ұйымдастырушы: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, Сатып алу басқармасы, А25Y5E8 (050010), Алматы қ., Қонаев көш., 181; тел.: 259-91-44, электронды мекенжайы – [email protected]
хабарландыруды орналастыру арқылы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен жиһазды қайта қалпына келтіру бойынша жұмыстарды
сатып алуды өткізу туралы хабарландырады және көрсетілген сатып алуларға қатысуға шақырады
2. Жұмыстардың атауы және қысқаша сипаттамасы:

Лот Жұмыстар атауы Сипаттамасы Өлшем бірлігі Саны ҚҚС есептеме-гендегі бағасы, теңге ҚҚС есептеме-гендегі сатып алуға бөлінген жалпы сомасы, теңге
1 2 3 4 5 6 7
1 Жиһазды қайта қалпына келтіру бойынша жұмыстар -Жиһаз жиынтығын тасып шығару/жеткізу;
-жиһазды бөлшектеу және жинау;
-бекітіліп қосылатын жерлерін бекіту;
-зақымдалған жерлерді ажарлату;
-механикалық зақымданулары бар жерерді тегістеу;
-ескі лак бояулы жабынды кетіру;
-бояу жағу (тонировка);
-2 рет лак жағу;
-боялған беттерді жылтыратып өңдеу;
Жиһаз жиынтығының жалпы саны: 15 бірлік.
1 жиынтықта: 1  асүй үстелі мен 4 орындық.
Үстел көлемі: Ені 800мм; Ұзындығы 1370мм; Биіктігі 750мм; Үстелдің үстіңгі тақтайының ені 20мм.
Орындық көлемі: Арқалығын қосқандағы биіктігі 1020мм;
Ені 450мм; Ұзындығы 400мм; Еденнен бастап отырғышқа дейінгі биіктігі 450мм. Материалы – ағаш.
Кепілдік мерзімі кезеңінде Жеткізуші Тапсырыс берушінің өтінімі бойынша қалпына келтірілген жиһазға қосымша кепілдіктен кейінгі қызмет көрсетеді (беттерді ысып жылтырату, кетіктерді, механикалық зақымдануларды жою, беттерді лактау).
жұмыс 1 825 000,00 825 000,00

Жұмыстарды сатып алуға бөлінген жалпы сома – ҚҚС сомасын есептемегенде 825 000,00 (сегіз жүз жиырма бес мың) теңге 00 тиын.
3. Жұмыстарды орындау орны – Шартқа сәйкес;
4. Жұмыстарды орындаудың талап етілетін мерзімі Шарт талаптарына сәйкес.
5. Баға ұсыныстары бар конверттерді әлеуетті жеткізушінің беру күні мен уақыты: 2018 жылғы «18» қыркүйек сағат 09:00 бастап 2018 жылғы «25» қыркүйек сағат 10:30 дейін.
6. Баға ұсыныстары бар конверттерді ашу күні мен уақыты: 2018 жылғы «25» қыркүйек сағат 11:00.
Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын жеткізетін орны – «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, А25Y5E8 (050010), Алматы қ., Қонаев көш., 181, №204 кабинет.
7. Жұмыстар үшін талап етілетін ақы төлеу талаптары Шарт талаптарына сәйкес.
8. Маңызды талаптарды көрсете отырып сатып алу туралы шарт жобасы қоса жіберіледі.
1) Әлеуетті жеткізуші ұсынылған нысан бойынша мына мәліметтер мен құжаттардан тұратын әлеуетті жеткізушінің қолымен және мөрімен (бар болған жағдайда) бекітілген тек бір баға ұсынысын бере алады:
• әлеуетті жеткізушінің атауы, заңды және нақты мекенжайы (заңды тұлғалар үшін), патент және жеке куәлігінің (төлқұжат) нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты орны (жеке тұлғалар үшін), банктік деректемелері;
• жеткізілетін тауар/ көрсетілетін қызмет/орындалатын Жұмыс  атауы;
• жеткізілетін тауар/ көрсетілетін қызмет/орындалатын Жұмысты орындау орны мен мерзімі;
• ҚҚС сомасын есептемегенде тауар/қызмет/жұмыс бірлігі үшін бағасы.
2) Әлеуетті жеткізуші желімдеп жабылған баға ұсыныстары бар конверттің бет жағында мыналарды көрсетуі керек:
• әлеуетті жеткізушінің толық атауы мен пошталық (заңды) мекенжайы;
• сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы;
• әлеуетті жеткізуші қатысу үшін баға ұсыныстарын беретін тауар/қызмет/жұмысты сатып алу атауы.
9. Баға ұсынысын поштамен жіберген кезде конверттің бет жағында қосымша ескертпе болуы керек: 2018 жылғы «25» қыркүйек «11» сағат «00» минутқа дейін ашпау керек.
Әлеуетті жеткізуші немесе олардың уәкілетті өкілдері баға ұсыныстарын қолма-қол берген жағдайда әлеуетті жеткізушілер немесе олардың уәкілетті өкілдері баға ұсыныстарын беру құқығына әлеуетті жеткізушінің мүддесін білдіретін тұлғалардың сенімхаттарын, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесімен бірге беруі керек.
Шартқа қол қою үшін Жеткізуші мына құжаттардың көшірмесін беруге міндеттенеді:
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін:
• Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
• ҚҚС бойынша тіркелу есебіне қойылу туралы куәлік (салық салынатын болса);
• Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
• Бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық
Жеке кәсіпкер үшін:
• ЖК тіркеу туралы куәлік;
• Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
• Жеке куәлігі;
• ҚҚС бойынша тіркелу есебіне қойылу туралы куәлік (салық салынатын болса).
Жеткізуші тарапынан сатып алу туралы шартқа қол қоюдың талап етілетін мерзімі – 7 жұмыс күні.

Получить документацию

Comments are closed.