Хабарландыруды орналастыру арқылы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен Материалдарды қайта сатып алуды өткізу туралы хабарландырады (Баға ұсыныстары бар конверттерді әлеуетті жеткізушінің беру күні мен уақыты: 2017 жылғы «25» 05 сағат 10:30 бастап 2017 жылғы «1» 06 сағат 10:30 дейін)

1. Тапсырыс беруші: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ 050000, Алматы қ., Панфилов көш., 98, электронды мекенжайы – [email protected]
Сатып алуды ұйымдастырушы: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, Сатып алу басқармасы, 050000, Алматы қ., Панфилов көш., 98; тел.: 259-91-44, электронды мекенжайы – [email protected]
хабарландыруды орналастыру арқылы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен материалдарды қайта сатып алуды өткізу туралы хабарландырады және көрсетілген сатып алуларға қатысуға шақырады.
2. Тауардың атауы және қысқаша сипаттамасы:

 

Лот №

 

Тауар атауы

 

Тауардың қысқаша сипаттамасы

Өлш. бірл. Саны ҚҚС есептемегендегі бірлігі үшін бағасы, теңге Сатып алуға бөлінген жалпы сомасы, ҚҚС есептемегенде, теңге
1 2 3 4 5 6 7
1 Құм Шағыл, ұсақ, таза, балалардың құмсалғышына арналған Тонна 5 8600,00 43000,00
2 Кір ағартқыш Кірлерге арналған, ағартқыш әсерімен, 1 литр. Дана 12 349,19 4190,28
3 Киімге арналған кондиционер Кірлерге арналған, гель тәріздес, бөтелкелерде 1 литрден. Литр 24 850,00 20400,00
4 Ыдыс жуатын машинаға арналған ұнтақ Ыдыс жуатын машинада ыдыстарды жууға арналған ұнтақ, өлшеп оралуы кем дегенде 1 кг Дана 12 2000,00 24000,00
5 Ыдыс жуатын машинаға арналған тұз Ыдыс жуатын машинаға арналған. Өлшеп оралуы кем дегенде 500гр. Дана 12 550,00 6600,00
6 Ыдыс жууға арналған тазалағыш құрал Ыдыс жууға арналған сұйық құрал, өлшеп оралуы – кем дегенде 0,5 литр. Көбігі көп және ұзаққа жетеді, майды суық суда кетіреді, ыдыстан толығымен шайылады. Дана 84 271,34 22792,56
7 Электр плитаға арналған тазалағыш құрал Құрамында хлоры жоқ тазалағыш ұнтақ. Өлшеп оралуы 500 граммнан басталады. Дана 36 407,00 14652,00
8 Металл губка Ыдыс жууға арналған металл губка Дана 52 70,83 3683,16
9 Балаларға арналған иіс сабын Балаларға арналған, ақ, өлшеп оралған, кем дегенде 90 гр. Дана 180 161,00 28980,00
10 Кіру жолына арналған алаша Түгінің құрамы полипропилен, түгінің биіктігі 12 мм. Кілемнің негізі полиэстер, мақта-мата, кендір. Қума метр 36 6100,00 219600,00
11 Сыртқы еденге төсейтін кілемше Ластанудан қорғайтын кілемшелер 0,7х1 м – түкті жабынды. Жиегі – резеңке/ПВХ жиегімен көмкерілген. Қума метр 6 10000,00 60000,00

Тауарды сатып алуға бөлінген жалпы сома – ҚҚС сомасын есептемегенде 447 898,00 (төрт жүз қырық жеті мың сегіз жүз тоқсан сегіз) теңге 00 тиын.
3. Тауарды жеткізу орны: Алматы қаласы, Ермак көшесі, 24.
4. Тауарды жеткізудің талап етілетін мерзімі Шарт талаптарына сәйкес.
5. Баға ұсыныстары бар конверттерді әлеуетті жеткізушінің беру күні мен уақыты: 2017 жылғы «25» 05 сағат 10:30 бастап 2017 жылғы «1» 06 сағат 10:30 дейін.
6. Баға ұсыныстары бар конверттерді ашу күні мен уақыты: 2017 жылғы «1» маусым сағат 11:00 минут.
Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын жеткізетін орны – «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ 050000, Алматы қ., Панфилов көш., 98, №401 кабинет.
7. Тауарға талап етілетін ақы төлеу талаптары Шарт талаптарына сәйкес.
8. Маңызды талаптар мен техникалық ерекше нұсқамасын көрсете отырып сатып алу туралы шарт жобасы қоса жіберіледі.
1) Әлеуетті жеткізуші ұсынылған нысан бойынша мына мәліметтерді және құжаттарды құрауы керек әлеуетті жеткізушінің қолы және мөрімен (ол бар болса) бекітілген тек бір баға ұсынсын береді:
• әлеуетті жеткізушінің атауы, заңды және нақты мекенжайы (заңды тұлғалар үшін), патент және жеке куәлігінің (төлқұжатының) нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты орны (жеке тұлғалар үшін), банктік деректемелері;
• жеткізілетін Тауардың атауы, сипаттамасы және саны;
• жеткізілетін Тауардың орны мен мерзімі;
• құрамына Тауарларды жеткізуге байланысты шығыстары қамтылған Тауардың бірлігі үшін бағасы және жалпы бағасы.
2) Әлеуетті жеткізуші желімдеп жабылған баға ұсыныстары бар конверттің бет жағында мыналарды көрсетуі керек:
• әлеуетті жеткізушінің толық атауы мен пошталық (заңды) мекенжайы;
• сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы;
• әлеуетті жеткізуші баға ұсыныстарын беруге қатысу үшін тауарларды сатып алу атауы.
Баға ұсынысын поштамен жіберген кезде конверттің бет жағында қосымша ескертпе болуы керек: «2017 жылғы «1» маусым сағат «11» «00» минутқа дейін ашпау керек».
Әлеуетті жеткізуші немесе олардың уәкілетті өкілдері баға ұсыныстарын қолма-қол берген жағдайда әлеуетті жеткізушілер немесе олардың уәкілетті өкілдері баға ұсыныстарын беру құқығына әлеуетті жеткізушінің мүддесін білдіретін тұлғалардың сенімхаттарын, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесімен бірге беруі керек.
Шартқа қол қою үшін Жеткізуші мына құжаттардың көшірмесін беруге міндеттеледі:
Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі үшін:
• Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
• ҚҚС бойынша тіркелу есебіне қойылу туралы куәлік (салық салынатын болса);
• Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
• Бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық.
Жеке кәсіпкер үшін:
• ЖК тіркеу туралы куәлік;
• Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
• Жеке куәлігі;
• ҚҚС бойынша тіркелу есебіне қойылу туралы куәлік (салық салынатын болса).
Жеткізуші тарапынан сатып алу туралы шартқа қол қоюдың талап етілетін мерзімі – 7 жұмыс күні.

Получить документацию

Comments are closed.