Хабарландыруды орналастыру арқылы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен Резеңке қолғаптарды қайта сатып алуды өткізу туралы хабарландырады (Баға ұсыныстары бар конверттерді әлеуетті жеткізушінің беру күні мен уақыты: 2017 жылғы «28» 06 сағат 10:30 бастап 2017 жылғы «5» 07 сағат 10:30 дейін)
1. Тапсырыс беруші: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ 050000, Алматы қ., Панфилов көш., 98, 050010, Алматы қаласы, Қонаев көшесі, 181, электронды мекенжайы – [email protected]
Сатып алуды ұйымдастырушы: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, Сатып алу басқармасы, 050000, Алматы қ., Панфилов көш., 98; тел.: 259-91-44, электронды мекенжайы – [email protected]
хабарландыруды орналастыру арқылы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен резеңке қолғаптарды қайта сатып алуды өткізу туралы хабарландырады және көрсетілген сатып алуларға қатысуға шақырады.
2. Тауардың атауы және қысқаша сипаттамасы:
Лот № |
Тауар атауы |
Тауардың қысқаша сипаттамасы |
Өлш. бірл. | Саны | ҚҚС есептемегендегі бірлігі үшін бағасы, теңге | Сатып алуға бөлінген жалпы сомасы, ҚҚС есептемегенде, теңге |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | Резеңке қолғаптар | Латексті шаруашылық қолғаптары. Сипаттамалары мен өлшемі: бес саусақты, тігіссіз, екі қабатты. МЕМСТ 20010-93 “Техникалық резеңке қолғаптар. Техникалық талаптар” бойынша түрі I, № 2 | Жұп | 46,00 | 680,00 | 31 280,00 |
2 | Резеңке қолғаптар | Латексті шаруашылық қолғаптары. Сипаттамалары мен өлшемі: бес саусақты, тігіссіз, екі қабатты. МЕМСТ 20010-93 “Техникалық резеңке қолғаптар. Техникалық талаптар” бойынша түрі II, № 1 | Жұп | 6,00 | 570,00 | 3 420,00 |
Тауарды сатып алуға бөлінген жалпы сома – ҚҚС сомасын есептемегенде 34 700,00 (отыз төрт мың жеті жүз) теңге 00 тиын.
1. Тауарды жеткізу орны: Алматы қаласы, Ермак көшесі, 24, телефон: 2599412;
2. Тауарды жеткізудің талап етілетін мерзімі Шарт талаптарына сәйкес.
3. Баға ұсыныстары бар конверттерді әлеуетті жеткізушінің беру күні мен уақыты: 2017 жылғы «28» 06 сағат 10:30 бастап 2017 жылғы «5» 07 сағат 10:30 дейін.
4. Баға ұсыныстары бар конверттерді ашу күні мен уақыты: 2017 жылғы «5» шілде сағат 11:00 минут.
Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын жеткізетін орны – «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ 050010, Алматы қ., Қонаев көш., 181, №204 кабинет.
5. Тауарға талап етілетін ақы төлеу талаптары Шарт талаптарына сәйкес.
6. Маңызды талаптар мен техникалық ерекше нұсқамасын көрсете отырып сатып алу туралы шарт жобасы қоса жіберіледі.
1) Әлеуетті жеткізуші ұсынылған нысан бойынша мына мәліметтерді және құжаттарды құрауы керек әлеуетті жеткізушінің қолы және мөрімен (ол бар болса) бекітілген тек бір баға ұсынсын береді:
• әлеуетті жеткізушінің атауы, заңды және нақты мекенжайы (заңды тұлғалар үшін), патент және жеке куәлігінің (төлқұжатының) нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты орны (жеке тұлғалар үшін), банктік деректемелері;
• жеткізілетін Тауардың атауы, сипаттамасы және саны;
• жеткізілетін Тауардың орны мен мерзімі;
• құрамына Тауарларды жеткізуге байланысты шығыстары қамтылған Тауардың бірлігі үшін бағасы және жалпы бағасы.
2) Әлеуетті жеткізуші желімдеп жабылған баға ұсыныстары бар конверттің бет жағында мыналарды көрсетуі керек:
• әлеуетті жеткізушінің толық атауы мен пошталық (заңды) мекенжайы;
• сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы;
• әлеуетті жеткізуші баға ұсыныстарын беруге қатысу үшін тауарларды сатып алу атауы.
Баға ұсынысын поштамен жіберген кезде конверттің бет жағында қосымша ескертпе болуы керек: «2017 жылғы «5» шілде сағат «11» «00» минутқа дейін ашпау керек».
Әлеуетті жеткізуші немесе олардың уәкілетті өкілдері баға ұсыныстарын қолма-қол берген жағдайда әлеуетті жеткізушілер немесе олардың уәкілетті өкілдері баға ұсыныстарын беру құқығына әлеуетті жеткізушінің мүддесін білдіретін тұлғалардың сенімхаттарын, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесімен бірге беруі керек.
Шартқа қол қою үшін Жеткізуші мына құжаттардың көшірмесін беруге міндеттеледі:
Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі үшін:
• Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
• ҚҚС бойынша тіркелу есебіне қойылу туралы куәлік (салық салынатын болса);
• Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
• Бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық.
Жеке кәсіпкер үшін:
• ЖК тіркеу туралы куәлік;
• Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
• Жеке куәлігі;
• ҚҚС бойынша тіркелу есебіне қойылу туралы куәлік (салық салынатын болса).
Жеткізуші тарапынан сатып алу туралы шартқа қол қоюдың талап етілетін мерзімі – 7 жұмыс күні.