1. Тапсырыс беруші: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, A25Y5E8 (050010), Алматы қ., Қонаев көш., 181, электронды мекенжайы – [email protected].
Сатып алуды ұйымдастырушы: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, Сатып алу басқармасы, A25Y5E8 (050010), Алматы қ., Қонаев көш., 181; тел.: 259-91-81, электронды мекенжайы – [email protected]
хабарландыруды орналастыру арқылы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сантехникалық бұйымдарды сатып алуды өткізу туралы хабарландырады және көрсетілген сатып алуларға қатысуға шақырады
2. Тауардың атауы және қысқаша сипаттамасы:
Лот № | Тауар атауы | Тауардың қысқаша сипаттамасы | Өлш. бірл. | Саны | ҚҚС есептемегендегі бірлігі үшін бағасы, теңге | ҚҚС есептемегендегі сатып алуға бөлінген жалпы сомасы, теңге |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | Қолжуғышқа арналған иілмелі сифон | Жуғыш пен раковиналарға арналған иілмелі сифон, шығару (қылта) – тот баспайтын болат. Ұзындығы кемінде 90 см |
дана |
25,00 | 750,00 | 18 750,00 |
2 | Қол жуғышқа арналған жартылай бұрылатын араластырғыш | Қол жуғышқа арналған араластырғыш, бір иінтіректі, корпус материалы – жез, бетінің материалы жоғары сапалы никель-хром, монтаждау саңлауы саны – бір, тип білік – иілмелі (араластырғыш жиынтықта), тік тәсілімен монтаждау, қол жуғышқа монтаждау, аэратормен, моделі – «классика», максималды қысым 12 бар., максималды температура 90 градус |
дана |
22,00 | 5 560,00 | 122 320,00 |
3 | Араластырғыш ВДА |
Корпус материалы:
жез, беті – хром. Қысқаша құю. қабырғалық, картридж 40 мм, аэратор, метал құбыршек, метал құйғыш – беті хром |
дана |
21,00 | 5 140,00 | 107 940,00 |
4 | Унитаз гофрасы | Армирленген унитаз гофрасы. Диаметрі 110 мм. | дана | 30,00 | 1 000,00 | 30 000,00 |
5 | Д 20-полипропилен бұрғыштар | Суық және ыстық сумен жабдықтау жүйесін монтаждау үшін Д 20 мм-полипропилен бұрғыштар. | дана | 10,00 | 375,00 | 3 750,00 |
6 | Д 25-полипропилен бұрғыштар | Суық және ыстық сумен жабдықтау жүйесін монтаждау үшін Д 25 мм-полипропилен бұрғыштар. |
дана |
10,00 | 457,00 | 4 570,00 |
7 | Д 32-полипропилен бұрғыштар | Суық және ыстық сумен жабдықтау жүйесін монтаждау үшін Д 32 мм-полипропилен бұрғыштар. |
дана |
5,00 | 688,00 | 3 440,00 |
8 | Д 20-полипропилен үшайыр | Суық және ыстық сумен жабдықтау жүйесін монтаждау үшін Д 20 мм-полипропилен үшайыр. |
дана |
5,00 | 589,00 | 2 945,00 |
9 | Д 25-полипропилен үшайыр | Суық және ыстық сумен жабдықтау жүйесін монтаждау үшін Д 25 мм-полипропилен үшайыр. |
дана |
5,00 | 776,00 | 3 880,00 |
10 | Д 32-полипропилен үшайыр | Суық және ыстық сумен жабдықтау жүйесін монтаждау үшін Д 32 мм-полипропилен үшайыр. |
дана |
5,00 | 1 006,00 | 5 030,00 |
Тауарды сатып алуға бөлінген жалпы сомасы – ҚҚС сомасын есептемегенде 302 625,00 (үш жүз екі мың алты жүз жиырма бес) теңге 00 тиын.
3. Тауарды жеткізу орны: Алматы қаласы, Ермак көшесі, 24.
4. Тауарды жеткізудің талап етілетін мерзімі Шарт талаптарына сәйкес.
5. Баға ұсыныстары бар конверттерді әлеуетті жеткізушінің беру күні мен уақыты: 2018 жылғы «28» ақпан сағат 09:00 бастап 2018 жылғы «6» наруыз сағат 10:00 дейін.
6. Баға ұсыныстары бар конверттерді ашу күні мен уақыты: 2018 жылғы «6» наурыз сағат 11:00.
Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын жеткізетін орны – «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, A25Y5E8 (050010), Алматы қ., Қонаев көш., 181, №204 кабинет.
7. Тауарға талап етілетін ақы төлеу талаптары Шарт талаптарына сәйкес.
8. Маңызды талаптар мен техникалық ерекше нұсқамасын көрсете отырып сатып алу туралы шарт жобасы қоса жіберіледі.
1) Әлеуетті жеткізуші ұсынылған нысан бойынша мына мәліметтерді және құжаттарды құрауы керек әлеуетті жеткізушінің қолы және мөрімен (ол бар болса) бекітілген тек бір баға ұсынсын береді:
• әлеуетті жеткізушінің атауы, заңды және нақты мекенжайы (заңды тұлғалар үшін), патент және жеке куәлігінің (төлқұжатының) нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты орны (жеке тұлғалар үшін), банктік деректемелері;
• жеткізілген Тауардың атауы, сипаттамасы және саны;
• Тауарды жеткізудің орны мен мерзімі;
• құрамына Тауарларды жеткізуге байланысты шығыстары қамтылған Тауардың бірлігі үшін бағасы және жалпы бағасы.
2) Әлеуетті жеткізуші желімдеп жабылған баға ұсыныстары бар конверттің бет жағында мыналарды көрсетуі керек:
• әлеуетті жеткізушінің толық атауы мен пошталық (заңды) мекенжайы;
• сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы;
• әлеуетті жеткізуші баға ұсыныстарын беруге қатысу үшін тауарларды сатып алу атауы.
Әлеуетті жеткізуші немесе олардың уәкілетті өкілдері баға ұсыныстарын қолма-қол берген жағдайда әлеуетті жеткізушілер немесе олардың уәкілетті өкілдері баға ұсыныстарын беру құқығына әлеуетті жеткізушінің мүддесін білдіретін тұлғалардың сенімхаттарын, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесімен бірге беруі керек.
Баға ұсынысын поштамен жіберген кезде конверттің бет жағында қосымша ескертпе болуы керек: «2018 жылғы «6» наурыз 11 сағат 00 минутқа дейін ашпау керек».
Шартқа қол қою үшін Жеткізуші мына құжаттардың көшірмесін беруге міндеттеледі:
Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі үшін:
• Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
• ҚҚС бойынша тіркелу есебіне қойылу туралы куәлік (салық салынатын болса);
• Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
• Бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық.
Жеке кәсіпкер үшін:
• ЖК тіркеу туралы куәлік;
• Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
• Жеке куәлігі;
• ҚҚС бойынша тіркелу есебіне қойылу туралы куәлік (салық салынатын болса).
Жеткізуші тарапынан сатып алу туралы шартқа қол қоюдың талап етілетін мерзімі – 7 жұмыс күні.