1. Тапсырыс беруші: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ 050010, Алматы қ., Қонаев көш., 181, электронды мекенжайы – [email protected],
Сатып алуды ұйымдастырушы: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, Сатып алу басқармасы, 050010, Алматы қ., Қонаев көш., 181, тел.: 259-91-81, электронды мекенжайы – [email protected]
хабарландыруды орналастыру арқылы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен автокөлікті ерікті сақтандыру бойынша қызметтерді сатып алуды өткізу туралы хабарландырады және көрсетілген сатып алуларға қатысуға шақырады
2. Қызметтердің атауы және қысқаша сипаттамасы:
Лот № |
Қызметтер атауы |
Сипаттамасы |
Өлшем бірлігі |
Саны |
ҚҚС есептемегендегі сатып алуға бөлінген жалпы сомасы, теңге |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
№1 лот | Автокөлікті ерікті сақтандыру | – Автомобиль көлігін ерікті сақтандыру. – Сақтандыру нысаны болып Сақтанушының Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын Шарттың № 1 және 2 Қосымшасында көрсетілген көлік құралдарына (бұдан әрі – КҚ) иелік етуге, пайдалануға және/немесе билік етуге және оның табиғи жойылуы (бүлінуі) немесе сақтандыру жағдайының нәтижесіндегі зақымдалу) тәуекеліне байланысты мүліктік мүддесі табылады. – Жауапкершілік лимиті 1) КҚ жоғалту (айдап кету, ұрлау); 2) Мыналардың нәтижесінде КҚ зақымдалуы және/немесе толығымен жойылуы (құртылуы): а) Жол-көлік оғиғасы (ЖКО) б) Сыртқы әсер салдарынан туындаған өрт, жарылыс; в) Табиғи апаттар – жер сілкінісі, опырылу, көшкін, топырақтың шөгуі, сел, найзағай, су тасқыны, боран, дауыл, жауын, бұршақ; г) Басқа да сыртқы механикалық әсерлер (темір шатырдың, шатырдан қар немесе мұздың, бағананың, ағаштың құлауы, қиыршықтасты, тастарды және басқа да көліктің дөңгелегі астынан қатты заттарды лақтыру және т.б.); д) Жануарлардың әрекеті; е) айдап әкету нәтижесінде КҚ-ның зақымдалуын қоспағанда, үшінші тұлғалардың құқыққа қарсы әрекеттері (ұрлауды қоспағанда); ж) төңкерілу, құлау, су басу, мұз астына құлау, жол төсемі астына құлау; з) су құбыры, канализация, жылыту немесе өртке қарсы тораптардың апаты салдарынан туындаған судан зақымдалу; и) қозғалмайтын немесе қозғалмалы заттардың басып қалуы (ғимарат, үй-жай, кедергі, қоршау, жануар, ағаш). – Сақтандыру мерзімі 12 ай – Айрықша талаптар – Арнайы ТБС шоты бойынша амортизацияны есептемегендегі төлем – Сөзсіз франшиза А) айдап кету, жоғалу (ұрлау), толығымен жойылу бойынша тәуекел – сақтандыру сомасының 5% Б) зақымдалу тәуекелі бойынша – қолданылмайды |
Қызметтерді сатып алуға бекітілген жалпы сома – ҚҚС сомасын есептемегенде 7 349 994,29 (жеті миллион үш жүз қырық тоғыз мың тоғыз жүз тоқсан төрт) теңге 29 тиын.
3. Қызметтерді көрсету орны Шарт талаптарына сәйкес.
4. Қызметтерді көрсетудің талап етілетін мерзімі Шарт талаптарына сәйкес.
5. Баға ұсыныстары бар конверттерді әлеуетті жеткізушінің беру күні мен уақыты: 2017 жылғы «27» желтоқсандағы сағат 9:30-дан бастап 2018 жылғы «5» қаңтардағы сағат 9:30-ға дейін.
6. Баға ұсыныстары бар конверттерді ашу күні мен уақыты: 2018 жылғы «5» қаңтардағы сағат 10:00.
Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын жеткізетін орны – «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, 050010, Алматы қ., Қонаев көш., 181, №204 кабинет.
7. Қызметтер үшін талап етілетін ақы төлеу талаптары Шарт талаптарына сәйкес.
8. Маңызды талаптарын көрсете отырып сатып алу туралы шарт жобасы қоса жіберіледі.
1) Әлеуетті жеткізуші ұсынылған нысан бойынша мына мәліметтерді және құжаттарды құрауы керек әлеуетті жеткізушінің қолы және мөрімен (ол бар болса) бекітілген тек бір баға ұсынсын береді:
• әлеуетті жеткізушінің атауы, заңды және нақты мекенжайы (заңды тұлғалар үшін), патент және жеке куәлігінің (төлқұжатының) нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты орны (жеке тұлғалар үшін), банктік деректемелері;
• көрсетілетін Қызметтердің атауы, сипаттамасы және саны;
• Қызметті көрсету орны мен мерзімі;
• құрамына Қызметтерді көрсетуге байланысты шығыстары қамтылған Қызметтің бірлік бағасы және жалпы бағасы.
2) Әлеуетті жеткізуші желімдеп жабылған баға ұсыныстары бар конверттің бет жағында мыналарды көрсетуі керек:
• әлеуетті жеткізушінің толық атауы мен пошталық (заңды) мекенжайы;
• сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы;
• әлеуетті жеткізуші баға ұсыныстарын беруге қатысу үшін Қызметтерді сатып алу атауы.
Баға ұсынысын поштамен жіберген кезде конверттің бет жағында қосымша ескертпе болуы керек: «2018 жылғы «5» қаңтардағы 10 сағат 00 минутқа дейін ашпау керек».
Әлеуетті жеткізуші немесе олардың уәкілетті өкілдері баға ұсыныстарын қолма-қол берген жағдайда әлеуетті жеткізушілер немесе олардың уәкілетті өкілдері баға ұсыныстарын беру құқығына әлеуетті жеткізушінің мүддесін білдіретін тұлғалардың сенімхаттарын, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесімен бірге беруі керек.
Шартқа қол қою үшін Жеткізуші мына құжаттардың көшірмесін беруге міндеттеледі:
Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі үшін:
• Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
• ҚҚС бойынша тіркелу есебіне қойылу туралы куәлік (салық салынатын болса);
• Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
• Бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық.
Жеке кәсіпкер үшін:
• ЖК тіркеу туралы куәлік;
• Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
• Жеке куәлігі;
• ҚҚС бойынша тіркелу есебіне қойылу туралы куәлік (салық салынатын болса).
Жеткізуші тарапынан сатып алу туралы шартқа қол қоюдың талап етілетін мерзімі – 7 жұмыс күн.