Хабарландыруды орналастыру арқылы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен шамдалдарды сатып алуды өткізу туралы хабарландырады (Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары бар конверттерді беру күні мен уақыты: 2017 жылғы «12» 04 сағат 10:00 ден бастап 2017 жылғы «19» 04 сағат 10:00 дейін)

1. Тапсырыс беруші: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, 050000, Алматы қ., Панфилов көш., 98, электронды мекенжайы – [email protected]
Сатып алуды ұйымдастырушы: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, Сатып алу басқармасы, 050000, Алматы қ., Панфилов көш., 98, телефон: 259-91-44, электронды мекенжайы – [email protected],
хабарландыруды орналастыру арқылы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен шамдалдарды сатып алуды өткізу туралы хабарландырады және көрсетілген сатып алуға қатысуға шақырады.
2. Тауардың атауы және қысқаша сипаттамасы:

Лот Тауар атауы Тауардың қысқаша сипаттамасы Өлшем бірлігі  Саны ҚҚС есептемегенде бірлік үшін бағасы, теңге ҚҚС
есептемегенде
сатып алуға
бөлінген
жалпы
сома, теңге
1 2 3 4 5 6 7
1  

 

 

 

 

Шамдал

Төбеге бекітілетін жарықдиодты шамдал.
Қуат кернеуі: 160 ден 260 В дейін
Қуаттандыру желісінің жиілілігі: 50 Гц
Тұтынатын қуаты: 36 Вт.
Қуат көзінің  пайдалы әсер коэффициенті: 90% астам
Жарық сәулесінің лүпілі: Кп 5% астам емес
Кепілдік мерзімі: 30 ай
Түстің температурасы: суық сәулелі
Шашыратқыш (микропризма)
Қорғаныс деңгейі : IP40
Орындалуы: бекітілетін
Пішіні: төрт бұрышты
Шам түрі: жарықдиодты таспа
Шамдалдың габарит көлемі: 595 х 595 х 25 мм).
дана 30,00 5 400,00 162 000,00

Тауар сатып алуға бөлінген жалпы сома ҚҚС сомасын есептемегенде – 162 000,00 (жүз алпыс екі мың) теңге 00 тиын.
3. Тауар жеткізу орны – Алматы қ., Ермак к-сі, 24, телефон 2599412
4. Талап етілетін Тауар жеткізу мерзімі Шарт талаптарына сәйкес.
5. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары бар конверттерді беру күні мен уақыты:
2017 жылғы «12» 04 сағат 10:00 ден бастап 2017 жылғы «19» 04 сағат 10:00 дейін.
6. Баға ұсыныстары бар конверттерді ашу күні мен уақыты:
2017 жылғы «19» сәуір сағат 10:30.
Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын жеткізетін орны – «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, 050000, Алматы қ., Панфилов көш., 98, №401 бөлме.
7. Тауар үшін талап етілетін ақы төлеу талаптары Шарт талаптарына сәйкес
8. Маңызды талаптарды көрсете отырып сатып алу туралы шарт жобасы және техникалық ерекше нұсқама қоса жіберіледі.
1) Әр әлеуетті жеткізуші ұсынылған нысан бойынша мына мәліметтерді құрайтын, тек бір баға ұсынысын бере алады:
• әлеуетті жеткізушінің атауы, заңды және нақты мекенжайы (заңды тұлғалар үшін), патент және жеке куәлігінің (төлқұжат) нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты орны (жеке тұлғалар үшін), банктік деректемелері;
• жеткізілетін Тауар атауы, сипаттамасы және саны;
• Тауар жеткізу орны мен мерзімі;
• Бірлік үшін бағасы және Тауар жеткізуге байланысты шығындар кіретін Тауардың жалпы бағасы.
2) Әлеуетті жеткізуші желімдеп жабылған баға ұсыныстары бар конверттің бет жағында мыналарды көрсетуі керек:
• әлеуетті жеткізушінің толық атауы мен пошталық (заңды) мекенжайы
• сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы;
• әлеуетті жеткізуші баға ұсыныстарын беруге қатысу үшін тауарды сатып алу атауы.
Баға ұсыныстарды әлеуетті жеткізушілер немесе уәкілетті өкілдер қолма-қол ұсыну кезінде әлеуетті жеткізушілерде немесе уәкілетті өкілдерінде өзінде жеке басын куәландыратын куәліктің көшірмесі бар баға ұсынысын ұсынуға құқығын беретін әлеуетті жеткізушінің мүддесін қорғайтын тұлғаларда сенімхат болу керек.
Баға ұсынысты поштамен жіберген сәтте, конверттің бетінде: «2017 жылғы  «19» сәуір 10 сағат 30 минутқа дейін ашпау керек» деген қосымша белгі болу керек.
Шартқа қол қою үшін Жеткізуші мына құжаттардың көшірмелерін беруге міндеттеледі:
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік үшін:
• Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
• ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қойылғаны туралы куәлік (салық салынатын болса);
• Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
• Бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық
Жеке кәсіпкер үшін:
• ЖК тіркеу туралы куәлік;
• Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
• Жеке куәлігі;
• ҚҚС бойынша тіркелу есебіне қойылғаны туралы куәлік (салық салынатын болса).
Жеткізуші тарапынан сатып алу туралы шартқа қол қоюдың талап етілетін мерзімі – 7 жұмыс күні.

Получить документацию

Comments are closed.