1. Тапсырыс беруші: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ A25Y5E8 (050010), Алматы қ., Қонаев көш., 181, электронды мекенжайы – [email protected]
Сатып алуды ұйымдастырушы: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, Сатып алу басқармасы, A25Y5E8 (050010), Алматы қ., Қонаев көш., 181; тел.: 259-91-81, электронды мекенжайы – [email protected]
хабарландыруды орналастыру арқылы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен шаруашылық мүкәммалы мен құрал-саймандарды сатып алуды өткізу туралы хабарландырады және көрсетілген сатып алуларға қатысуға шақырады.
2. Тауардың атауы, құны және қысқаша сипаттамасы:
Лот № | Тауар атауы | Тауардың қысқаша сипаттамасы | Өлш. бірл. | Саны | ҚҚС есептемегендегі бірлігі үшін бағасы, теңге | ҚҚС есептемегендегі сатып алуға бөлінген жалпы сомасы, теңге |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | Үлкен сыпыртқы | Шиден жасалған сыпыртқы, кем дегенде 90 см, сабымен. Аумақты тазалауға арналған мүкәммал. | Дана | 151 | 1 616,00 | 244 016,00 |
2 | Сыпырғыш | Ақ жүгері сыпырғышы. Үш бөлікті. Ұзындығы кем дегенде 70 см. Тұтқасының диаметрі 6-7 см. Сыпыртқының ені кем дегенде 25 см. | Дана | 360 | 300,00 | 108 000,00 |
3 | Тырма | Ағаш сапты, кем дегенде 8 тісті, ені кем дегенде 240 мм. Ұзындығы: 1,3 м. | Дана | 12 | 1 158,00 | 13 896,00 |
4 | Мұзойғыш (сүймен) | Мұзойғыш – сүймен, болат. Ұзындығы: 1,2 м. | Дана | 6 | 982,00 | 5 892,00 |
5 | Қар тазалайтын күрек | Қар тазалайтын күрек. Дюральды төсем. Сабы сапалы ағаштан (қайың). Төсем көлемі: 375×330 мм. Сабы 1100 ÷1300 мм | Дана | 9 | 3 435,00 | 30 915,00 |
6 | Жалпақ күрек | Құрылыс езінді күрегі. Сабы 1100 ÷1300 мм | Дана | 6 | 792,00 | 4 752,00 |
7 | Сүңгілі күрек | Құрылыс қазу күрегі, өткір ұшты. | Дана | 6 | 870,00 | 5 220,00 |
8 | Бұрғы | Соғатын режимі бар бұрғы. Нақты қуаты кем дегенде 700 Вт. Нақты кернеуі 220 В, жиілігі 50 Гц. Айналу жиілігінің реттегіші. Бұрғылау тереңдігінің шектегіші. 16.08.2011 жылғы КО ТР 004/2011 «Төмен вольтты құрал-жабдықтың қауіпсіздігі туралы» талаптарына сәйкес. | Дана | 1 | 9 416,00 | 9 416,00 |
9 | Аккумулятордың бұрама шеге айналдырғышы | Жиынтықтағы қосалқы аккумуляторымен аккумулятор батареядағы бұрғы- бұрандалы шегені бұрағыш. Аккумулятор батареясының сыйымдылығы кем дегенде 1,2 Ah. Айналу кезін реттейтінімен тез қысатын патрон 10 мм. 16.08.2011 жылғы КО ТР 004/2011 «Төмен вольтты құрал-жабдықтың қауіпсіздігі туралы» талаптарына сәйкес. | Дана | 1 | 15 000,00 | 15 000,00 |
10 | Дәнекерлегіш аспап | Тұрмысқа пайдалануға арналған электр дәнекерлегіш аспап, 65 Вт. Нақты кернеуі 220 В. 16.08.2011 жылғы КО ТР 004/2011 «Төмен вольтты құрал-жабдықтың қауіпсіздігі туралы» талаптарына сәйкес. | Дана | 1 | 800,00 | 800,00 |
11 | Бұтақкескіш | Ағаштарды, бұтақтарды кесуге арналған. Ұзындығы кем дегенде 500 мм. | Дана | 1 | 6 850,00 | 6 850,00 |
12 | Ұзындық өлшегіш | Өлшеу таспасын бекіту құрылғысы бар металл ұзындық өлшегіш. Нақты ұзындығы 5 метр, миллиметр аралығымен шкала. Өлшеу таспасының ені кем дегенде 15 мм. | Дана | 2 | 1 412,00 | 2 824,00 |
13 | Газ кілті | №2 құбырлық иінтіректі кілт. | Дана | 1 | 1 900,00 | 1 900,00 |
14 | Айқастырма бұрағыштар жинақтамасы | Жиынтықта кем дегенде әртүрлі ұзындықтағы және қалыңдықтағы үш бұрағыш пен магниттенген басымен. Айқастырылған оймакілтегі бар бұранда мен бұрама шегеге арналған. | Жиынтық | 2 | 1 210,00 | 2 420,00 |
15 | Бұрағыштар жинақтамасы | Жиынтықта әртүрлі ұзындық пен қалыңдықтағы кем дегенде 6 зат (3 фигуралы ұшымен, 3 тегіс ұшымен) болуы керек: айқастырылған оймакілтегі бар бұранда мен бұрама шегеге арналған тік оймакілтегі бар бұранда мен бұрама шеге арналған. | Жиынтық | 2 | 1 210,00 | 2 420,00 |
16 | Сомын кілттер жинағы | Екі жақты сомын кілттер жинағы. 14 дана. Бастарының қиыстыру көлемі, мм: 10×11; 11×13; 12×14; 13×15; 15×16; 16×18; 17×19; 18×21; 19×22; 21×24; 24×27; 27×30; 30×34; 34×36. | Дана | 1 | 8 300,00 | 8 300,00 |
17 | Сантехник жинағы | Сантехника жинағының жиынтығы:құрал-сайманға арналған жәшік/құты – 1 дана; құбырлық иінтіректі кілт №1 – 1 дана, құбырлық иінтіректі кілт №2 – 1 дана, сомын кілт 8х10 мм – 1 дана, сомын кілт 12×13 мм – 1 дана, сомын кілт 14×17 мм – 1 дана, тістеуік L=200мм – 1 дана, бұрағыш 190×1,0×6,5 – 1 дана, бұрағыш 190 №2 – 1 дана, дөңгелек егеу L=160 мм – 1 дана, үш қырлы егеу L=160 м – 1 дана, құрылыс пышағы – 1 дана, темір ұстасының балғасы 0,4 кг = 1 дана, темір ұстасының кескіші L=160 мм – 1 дана, таспа ФУМ 12 мм L=10 м – 1 дана, сантехникалық төсем жиынтығы. | Жинақ | 1 | 17 050,00 | 17 050,00 |
18 | Электрик жинағы | Мыналарды құрауы керек: Индикаторлық бұрағыш, электр өлшеу қысқышы, әртүрлі өлшемдегі бұрағыш жинағы, шеттерін кескіш, қысқаш, дөңгелек қысқаш, бүгілген жұқа қысқаш, кабель кескіш, тістеуік, тұқыр кілттер жиынтығы 6 бастап 24 дейін. | Жинақ | 2 | 6 500,00 | 13 000,00 |
19 | Бетон-бұрғылайтын бұрғылар жинағы | Тез кесетін болаттан жасалған спиральды бұрғының жинағы. Диаметрі: 6мм, 8 мм, 10 мм. Қатты қоспалардан жасалған тілімдермен жабдықталған. Қолдану аймағы: бетон, кірпіш құрылыс, тас. | Жинақ | 1 | 31 700,00 | 31 700,00 |
20 | Бұрғылар | Бетонды бұрғылау. Бекіту түрі: SDS-plus. 6×200 – 10 дана.; 8×300 мм – 5 дана. | Дана | 15 | 683,00 | 10 245,00 |
21 | Алтықырлы бұрағыш жинағы | Ішкі алты қырлы кілтпен бұрандаға арналған кілттер жинағы. 3, 4, 5, 6, 8, 10 мм. | Жинақ | 2 | 2 200,00 | 4 400,00 |
22 | Бұрағыштар жинағы | Құрал-саймандық болаттан жасалған. Жиынтықта кем дегенде әртүрлі ұзындық пен қалыңдықтағы басы магниттелген үш бұрағыш: айқастырылған оймакілтегі бар бұранда мен бұрамаға шегеге арналған тік оймакілтегі бар бұранда мен бұрама шегеге арналған. | Жинақ | 1 | 1 710,00 | 1 710,00 |
23 | Қашау жинағы | Жинақ 4 тегіс қашаудан тұрады, ені 12 мм, 16 мм, 18 мм, 20 мм төсеммен. Тұтқасы қос сыңарлы жұмсақ қондырмасымен. Болат қалпақшасымен. | Жинақ | 1 | 4 400,00 | 4 400,00 |
24 | Металл кесетін қайшы | Металл кесуге арналған қол қайшысы, 250 мм. | Дана | 1 | 5 250,00 | 5 250,00 |
25 | Металл тескіш темір | Цилиндр артқы ілмекті спираль бәрбі. Ø 2,5 мм – 10 дана; Ø 3,0 мм – 10 дана; Ø 4,0 мм – 10 дана; Ø 5,0 мм – 10 дана. Оң жақ, қалыпты дәлдігімен. | Дана | 40 | 260,00 | 10 400,00 |
26 | Металл тескіш темір | Цилиндр артқы ілмекті спираль бәрбі. Ø 6 мм. Оң жақ, қалыпты дәлдігімен. | Дана | 7 | 330,00 | 2 310,00 |
27 | Миксер қондырмалары | Қондырма – цемент негізде құрылыс қоспасын араластыруға арналған миксер. Миксер ұзындығы 600 мм. Бұрама ұзындығы 100 мм. Отырғызатын артқы ілмек SDS-plus.. Мырышпен қапталған. | Дана | 2 | 1 657,00 | 3 314,00 |
28 | Зілбалға | Темір соғатын ұшы жалпақ зілбалға, ағаш тұтқасы бар соғылған. Зілбалға массасы кем дегенде 6 кг. | Дана | 1 | 2 200,00 | 2 200,00 |
29 | Балта | Дөңгелек жүзі бар құрылыс балтасы. Балташының жұмысын жасау кезінде сүректі шабу, жару және жоңқалауға арналған. Балта сабынсыз балтаның массасы 1,3 кг көп емес. | Дана | 1 | 1 900,00 | 1 900,00 |
30 | Электр ара |
Қоректендіру кернеуі: ~220В; Жиілігі: 50 Гц; Шынжырдың айналу жылдамдығы: 13 м/с; Шина ұзындығы: 16″; Тұтынылатын қуат: 2500 Вт; Салмағы: ≈7.5 Кг. 16.08.2011 жылғы КО ТР 004/2011 «Төмен вольтты құрал-жабдықтың қауіпсіздігі туралы» талаптарына сәйкес |
Дана | 1 | 33 000,00 | 33 000,00 |
31 | Әйнеккескіш | Алмазды әйнек кескіш. Табақ әйнекті кесуге арналған. | Дана | 1 | 2 050,00 | 2 050,00 |
32 | Шеге суырғыш | Қалыптау және балташы жұмыстарын жүргізу кезінде шегені суыруға арналған сүймен-шеге суырғыш. | Дана | 1 | 500,00 | 500,00 |
33 | Ацетилен газгенераторына арналған жанарғы | Қолмен ацетилен-кислородты дәнекерлеу, пісіру және қыздыруға арналған әмбебап бір жалынды жанарғы | Дана | 1 | 6 600,00 | 6 600,00 |
34 | Газдәнекерлегіш сым | Дәнекерлеуге арналған (балқыма қаптама) дәнекерлегіш болат сым 2,5 мм, мысталмаған | Метр | 12 | 620,00 | 7 440,00 |
35 | Электродтар | Болат пен балқыма қаптаманы доғал дәнекерлейтін қолға арналған металл. Диаметрі 3,0 мм. Бума массасы кем дегенде 5,0 кг | Бума | 2 | 1 500,00 | 3 000,00 |
36 | Шарқайрақ дискілері | Беріктендіруші элементпен бакелиттi бiрiктiрмедегі тегіс кеспелі шеңбер. 180 ×2,5 ×22 мм. Төмен көмiртектi болаттан табақ және сұрыпталған металл кесуге арналған. | Дана | 55 | 220,00 | 12 100,00 |
37 | Шарқайрақ дискілері | Беріктендіруші элементпен бакелиттi бiрiктiрмедегі тегіс кеспелі шеңбер. 230 ×2,5 ×22 мм. Төмен көмiртектi болаттан табақ және сұрыпталған металл кесуге арналған. | Дана | 40 | 520,00 | 20 800,00 |
38 | Кафель дискілері | Алмас жабынымен кафельге арналған диск. 230×2,0 ×22 мм. | Дана | 2 | 3 025,00 | 6 050,00 |
39 | Бетон дискісі | Алмас қақпағымен дәнекерленген болат сегментті диск. 230×2,0 ×22 мм. | Дана | 2 | 5 200,00 | 10 400,00 |
Тауары сатып алуға бөлінген жалпы сомасы – ҚҚС сомасын есептемегенде 672 440,00 (алты жүз жетпіс екі мың төрт жүз қырық) теңге 00 тиын.
3. Тауарды жеткізу орны: Алматы қаласы, Ермак көшесі, 24;
4. Тауарды жеткізудің талап етілетін мерзімі Шарт талаптарына сәйкес.
5. Баға ұсыныстары бар конверттерді әлеуетті жеткізушінің беру күні мен уақыты: 2017 жылғы «14» тамыз сағат 09:00 бастап 2017 жылғы «21» тамыз сағат 10:00 дейін.
6. Баға ұсыныстары бар конверттерді ашу күні мен уақыты: 2017 жылғы «21» тамыз сағат 11:00 минут.
Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын жеткізетін орны – «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, A25Y5E8 (050010), Алматы қ., Қонаев көш., 181, №204 кабинет.
7. Тауарға талап етілетін ақы төлеу талаптары Шарт талаптарына сәйкес.
8. Маңызды талаптар мен техникалық ерекше нұсқамасын көрсете отырып сатып алу туралы шарт жобасы қоса жіберіледі.
1) Әлеуетті жеткізуші ұсынылған нысан бойынша мына мәліметтерді және құжаттарды құрауы керек әлеуетті жеткізушінің қолы және мөрімен (ол бар болса) бекітілген тек бір баға ұсынсын береді:
• әлеуетті жеткізушінің атауы, заңды және нақты мекенжайы (заңды тұлғалар үшін), патент және жеке куәлігінің (төлқұжатының) нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты орны (жеке тұлғалар үшін), банктік деректемелері;
• Тауардың атауы, техникалық ерекше нұсқамасы;
• жеткізілетін Тауардың орны мен мерзімі;
• құрамына Тауарларды жеткізуге байланысты шығыстары қамтылған Тауардың жалпы бағасы.
2) Әлеуетті жеткізуші желімдеп жабылған баға ұсыныстары бар конверттің бет жағында мыналарды көрсетуі керек:
• әлеуетті жеткізушінің толық атауы мен пошталық (заңды) мекенжайы;
• сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы;
• әлеуетті жеткізуші баға ұсыныстарын беруге қатысу үшін тауарларды сатып алу атауы.
• Әлеуетті жеткізуші немесе олардың уәкілетті өкілдері баға ұсыныстарын қолма-қол берген жағдайда әлеуетті жеткізушілер немесе олардың уәкілетті өкілдері баға ұсыныстарын беру құқығына әлеуетті жеткізушінің мүддесін білдіретін тұлғалардың сенімхаттарын, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесімен бірге беруі керек.
• Баға ұсынысын поштамен жіберген кезде конверттің бет жағында қосымша ескертпе болуы керек: «2017 жылғы «21» тамыз «11» сағат «00» минутқа дейін ашпау керек».
Шартқа қол қою үшін Жеткізуші мына құжаттардың көшірмесін беруге міндеттеледі:
Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі үшін:
• Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
• ҚҚС бойынша тіркелу есебіне қойылу туралы куәлік (салық салынатын болса);
• Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
• Бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық.
Жеке кәсіпкер үшін:
• ЖК тіркеу туралы куәлік;
• Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
• Жеке куәлігі;
• ҚҚС бойынша тіркелу есебіне қойылу туралы куәлік (салық салынатын болса).
Жеткізуші тарапынан сатып алу туралы шартқа қол қоюдың талап етілетін мерзімі – 7 жұмыс күні.