1. Тапсырыс беруші: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, A25Y5E8 (050010), Алматы қ., Қонаев көш., 181, электронды мекенжайы – [email protected]
Сатып алуды ұйымдастырушы: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, Сатып алу басқармасы, A25Y5E8 (050010), Алматы қ., Қонаев көш., 181; тел.: 259-91-44, электронды мекенжайы – [email protected]
хабарландыруды орналастыру арқылы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен шаруашылық құрал-сайманды сатып алуды өткізу туралы хабарландырады және көрсетілген сатып алуларға қатысуға шақырады.
2. Тауардың атауы және қысқаша сипаттамасы:
Лот № | Тауар атауы | Тауардың қысқаша сипаттамасы | Өлш. бірл. | Саны | ҚҚС есептемегендегі бірлігі үшін бағасы, теңге | ҚҚС есептемегендегі сатып алуға бөлінген жалпы сомасы, теңге |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | Тырма | Метал желпуіш тәрізді жатырақтарды, шабылған шөпті, қоқысты жинауға, топырақты қопсыту және тазалау, жүйектерді тегістеуге арналған. Сабымен. Тістер материалы – қатты, жуан (3 мм кем емес) сым, ұшы тіке бұрышта қайырылған. Тіс саны: 18-22 дана. Тұтқаның ұзындығы –140 см. кем емес | дана | 6,00 | 1305,00 | 7 830,00 |
2 | Қоқыс қапшығы | Қоқыс қалдықтарды жинауға, сақтауға және қайта өндеуге арналған қоқыс қапшығы. Қалыңдығы 10 мкм. кем емес полиэтиленнен жасалған. Ыдысы 60 л. кем емес . Көлемі 600 мм*800 мм. Бір данада орамда – бума 20 қапшық. | дана | 528,00 | 391,00 | 206 448,00 |
3 | Сыпыртқы | Аумақты жинауға арналған ший мен қарағаш аралас жасалған сыпыртқы. Сабымен. Шыбық ұзындығы 80 см. кем емес. Саптың ұзындығы 160 см. кем емес | дана | 151,00 | 1 616,00 | 244 016,00 |
4 | Резеңке қолғаптар | Латекс, техникалық , кез келген қол жұмыстарға арналған шаруа қолғаптары, су өткізбейтін токсикалық ерітіндіні, қышқылдықтарды, езгіштер өткізбейтін. Сипаттамасы және көлемі: бес саусақты, тігінсіз, екі қабатты. Қолғаптар табиғи латекстен жасалған. Көлемі – L, пішін бойынша жалпақ қолға келеді. Орамда жұп болу керек (оң және сол қолға). | жұп |
1224,00 |
243,00 |
297 432,00 |
Тауары сатып алуға бөлінген жалпы сомасы – ҚҚС сомасын есептемегенде 755 726,00 (жеті жүз елу бес мың жеті жүз жиырма алты) теңге 00 тиын.
3. Тауарды жеткізу орны – Шартқа сәйкес;
4. Тауарды жеткізудің талап етілетін мерзімі – Шарт талаптарына сәйкес.
5. Баға ұсыныстары бар конверттерді әлеуетті жеткізушінің беру күні мен уақыты: 2018 жылғы «29» наурыз сағат 09:00 бастап 2018 жылғы «05» сәуір сағат 10:00 дейін.
6. Баға ұсыныстары бар конверттерді ашу күні мен уақыты: 2018 жылғы «05» сәуір сағат 10:30.
Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын жеткізетін орны – «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, A25Y5E8 (050010), Алматы қ., Қонаев көш., 181, №204 кабинет.
7. Тауарға талап етілетін ақы төлеу талаптары Шарт талаптарына сәйкес.
8. Маңызды талаптар мен техникалық ерекше нұсқамасын көрсете отырып сатып алу туралы шарт жобасы қоса жіберіледі.
1) Әлеуетті жеткізуші ұсынылған нысан бойынша мына мәліметтерді және құжаттарды құрауы керек әлеуетті жеткізушінің қолы және мөрімен (ол бар болса) бекітілген тек бір баға ұсынсын береді:
• әлеуетті жеткізушінің атауы, заңды және нақты мекенжайы (заңды тұлғалар үшін), патент және жеке куәлігінің (төлқұжатының) нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты орны (жеке тұлғалар үшін), банктік деректемелері;
• жеткізілген тауардың/көрсететін қызметтердің/орындалатын жұмыстардың атауы, сипаттамасы және саны;
• Тауарды жеткізудің/ қызмет көрсетудің/орындалатын жұмыстың орны мен мерзімі;
• ҚҚС сомасын есептемегенде тауардың/қызметтің/жұмыстың бірлігі үшін бағасы.
2) Әлеуетті жеткізуші желімдеп жабылған баға ұсыныстары бар конверттің бет жағында мыналарды көрсетуі керек:
• әлеуетті жеткізушінің толық атауы мен пошталық (заңды) мекенжайы;
• сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы;
• әлеуетті жеткізуші баға ұсыныстарын беруге қатысу үшін тауарларды сатып алу атауы.
9. Баға ұсынысын поштамен жіберген кезде конверттің бет жағында қосымша ескертпе болуы керек: «2018 жылғы «05» сәуір сағат «10»: «30» дейін ашпау керек».
Әлеуетті жеткізуші немесе олардың уәкілетті өкілдері баға ұсыныстарын қолма-қол берген жағдайда әлеуетті жеткізушілер немесе олардың уәкілетті өкілдері баға ұсыныстарын беру құқығына әлеуетті жеткізушінің мүддесін білдіретін тұлғалардың сенімхаттарын, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесімен бірге беруі керек.
Шартқа қол қою үшін Жеткізуші мына құжаттардың көшірмесін беруге міндеттеледі:
Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі үшін:
• Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
• ҚҚС бойынша тіркелу есебіне қойылу туралы куәлік (салық салынатын болса);
• Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
• Бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық.
Жеке кәсіпкер үшін:
• ЖК тіркеу туралы куәлік;
• Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
• Жеке куәлігі;
• ҚҚС бойынша тіркелу есебіне қойылу туралы куәлік (салық салынатын болса).
Жеткізуші тарапынан сатып алу туралы шартқа қол қоюдың талап етілетін мерзімі – 7 жұмыс күні.