1. Тапсырыс беруші: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ 050000, Алматы қ., Панфилов көш., 98, нақты мекенжайы: 050010, Алматы қаласы, Қонаев көшесі, 181, электронды мекенжайы – [email protected]
Сатып алуды ұйымдастырушы: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, Сатып алу басқармасы, 050000, Алматы қ., Панфилов көш., 98; тел.: 259-91-44, электронды мекенжайы – [email protected]
хабарландыруды орналастыру арқылы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен спорт мүкәммалын сатып алуды өткізу туралы хабарландырады және көрсетілген сатып алуларға қатысуға шақырады.
2. Тауардың атауы және қысқаша сипаттамасы:
Лот № |
Тауар атауы |
Тауардың қысқаша сипаттамасы |
Өлш. бірл. | Саны | ҚҚС есептемегендегі бірлігі үшін бағасы, теңге | Сатып алуға бөлінген жалпы сомасы, ҚҚС есептемегенде, теңге |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | Футзал доптары | М №4, материалы – күңгірт полиуретан, полиуретан қалыңдығы – 1,5 мм. Полиэстер/мақта қоспасынан тұратын 4 астарлы қабаты бар, түсі – әртүрлі. | дана | 7,00 | 6000,00 | 42 000,00 |
2 | Үстел теннисіне арналған шарик | Материалы – целлулоид немесе сол сияқты материал, салмағы – 2,5 гр, диаметрі – 40+ мм, түсі – күңгірт. МЕМСТ 17395-78 ” Үстел теннисіне арналған доптар. Жалпы техникалық талаптар” сәйкес | дана | 100,00 | 150,00 | 15 000,00 |
3 | Резеңкеленген дене шынықтыру құралы (блины) | Зілтемірге арналған дене шынықтыру құралы (блины), жоғары сапалы болаттан жасалған. Көлемі – 40 см., салмағы – 20 кг\дана, жабыны – хроммен қапталған, резеңкеленген | дана | 2,00 | 45 000,00 | 90 000,00 |
4 | Олимпиадалық гриф | Зілтемірге арналған гриф. Жоғары сапалы болат серіппеден жасалған, жабыны – айналы хром, диаметрі-28 мм, ұзындығы-2,2 метр, қонатын төлке – 50 мм, жүк салмағы 250 кг дейін. Гриф салмағы – 20 кг\дана, сабының диаметрі – 28 мм, төлкемен арақашықтығы -1300 мм., төлке ұзындығы – 400 мм. | дана | 1,00 | 85 000,00 | 85 000,00 |
5 | Мини-футбол қақпасының торы | Түйіндеп бумайтын технологиямен жасалған, ұяшық – төрт бұрышты көлемі 12×12 см. Жіптің қалыңдығы – 3.0 мм жарыққа тұрақтандырылған (ультракүлгіннен қорғаныс). Құрамы – нейлон 100%, ұзындығы-2,5 метр, биіктігі -1,5 метр. Р МЕМСТ 55665-2013 “Мини футбол мен гандболға арналған қақпа” сәйкес | дана | 1,00 | 25 000,00 | 25 000,00 |
6 | Резеңке гантельдер |
Материалы – резеңке, салмағы – 2 кг\дана, түсі – әртүрлі |
жұп | 2,00 | 3 000,00 | 6 000,00 |
7 | Тор (үстел теннисі) | Ұяшық – төрт бұрышты стандартты көлемдегі 5×5 мм, құрамы – нейлон 100%, ұзындығы 2 метрге дейін, жібінің қалыңдығы – 1,5 мм. Р МЕМСТ 56899-2016 “Спорт ойындарына арналған құрал-жабдық. Үстел теннисіне арналған үстелдер. Функционалды талаптар, қауіпсіздік және сынақ әдістерінің талаптары” сәйкес | дана | 2,00 | 3 000,00 | 6 000,00 |
8 | Үстел теннисінің бекіткіші |
Түсі – көк, көлемі: 274х152,5х95, бекіту жүйесімен жинау механизмі, металлпрофиль. |
дана | 2,00 | 4 500,00 | 9 000,00 |
9 | Үстел теннисінің ракеткасы | Ракетка материалы: бальза, ракетка сабының ішінде-резеңке сақинасы бар инертті пластик білек, қаптамасымен. Максималды айналуы 8 балл, жылдамдығы 8 балл, бақылау 7 балл, бес қабатты негіз, негіз қалыңдығы: 5х5мм, губка қалыңдығы – 2 мм, салмағы – 180 г. | дана | 4,00 | 5 000,00 | 20 000,00 |
10 | Футбол формасы | М №5, материалы – күңгірт полиуретан, полиуретан қалыңдығы – 1,5 мм. Полиэстер/мақта қоспасынан тұратын 4 астарлы қабаты бар, түсі – ақ. | дана | 1,00 | 6 000,00 | 6 000,00 |
11 | Футбол формасы | Ерлерге арналған (футболка, шолақ шалбар), Спорттық трикотаж матасы. Матаның материалы ауа өткізеді, теріге жұмсақ, жеңілдігі орташа, матаның тығыздығы 100 г/м2, құрамы – 100% текстурленген полиэстер, түсі – көгілдір, өлшемі: 48 – 2 дана, 50 – 6 дана, 52 – 2 дана. | дана | 10,00 | 5 500,00 | 55 000,00 |
12 | Шешінетін жерге арналған алаша | Материалы-полиэтилен/резеңке, алашаның ені – 1 метр, қалыңдығы 4-5 мм, түсі көк немесе көгілдір | метр | 20,00 | 3 000,00 | 60 000,00 |
Тауарды сатып алуға бөлінген жалпы сома – ҚҚС сомасын есептемегенде 419 000,00 (төрт жүз он тоғыз мың) теңге 00 тиын.
3. Тауарды жеткізу орны: Алматы қаласы, Ермак көшесі, 24, телефон: 2599412;
4. Тауарды жеткізудің талап етілетін мерзімі Шарт талаптарына сәйкес.
5. Баға ұсыныстары бар конверттерді әлеуетті жеткізушінің беру күні мен уақыты: 2017 жылғы «22» 06 сағат 10:30 бастап 2017 жылғы «29» 06 сағат «10:30» дейін.
6. Баға ұсыныстары бар конверттерді ашу күні мен уақыты: 2017 жылғы «29» маусым сағат 11:00 минут.
Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын жеткізетін орны – «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ 050010, Алматы қ., Қонаев көш., 181, №204 кабинет.
7. Тауарға талап етілетін ақы төлеу талаптары Шарт талаптарына сәйкес.
8. Маңызды талаптар мен техникалық ерекше нұсқамасын көрсете отырып сатып алу туралы шарт жобасы қоса жіберіледі.
1) Әлеуетті жеткізуші ұсынылған нысан бойынша мына мәліметтерді және құжаттарды құрауы керек әлеуетті жеткізушінің қолы және мөрімен (ол бар болса) бекітілген тек бір баға ұсынсын береді:
• әлеуетті жеткізушінің атауы, заңды және нақты мекенжайы (заңды тұлғалар үшін), патент және жеке куәлігінің (төлқұжатының) нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты орны (жеке тұлғалар үшін), банктік деректемелері;
• жеткізілетін Тауардың атауы, сипаттамасы және саны;
• жеткізілетін Тауардың орны мен мерзімі;
• құрамына Тауарларды жеткізуге байланысты шығыстары қамтылған Тауардың бірлігі үшін бағасы және жалпы бағасы.
2) Әлеуетті жеткізуші желімдеп жабылған баға ұсыныстары бар конверттің бет жағында мыналарды көрсетуі керек:
• әлеуетті жеткізушінің толық атауы мен пошталық (заңды) мекенжайы;
• сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы;
• әлеуетті жеткізуші баға ұсыныстарын беруге қатысу үшін тауарларды сатып алу атауы.
Баға ұсынысын поштамен жіберген кезде конверттің бет жағында қосымша ескертпе болуы керек: «2017 жылғы «29» маусым «11» сағат «00» минутқа дейін ашпау керек».
Әлеуетті жеткізуші немесе олардың уәкілетті өкілдері баға ұсыныстарын қолма-қол берген жағдайда, әлеуетті жеткізушілер немесе олардың уәкілетті өкілдері баға ұсыныстарын беру құқығына әлуетті жеткізушінің мүддесін білдіретін тұлғалардың сенімхаттарын, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесімен бірге беруі керек.
Шартқа қол қою үшін Жеткізуші мына құжаттардың көшірмесін беруге міндеттеледі:
Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі үшін:
• Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
• ҚҚС бойынша тіркелу есебіне қойылу туралы куәлік (салық салынатын болса);
• Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
• Бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық.
Жеке кәсіпкер үшін:
• ЖК тіркеу туралы куәлік;
• Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
• Жеке куәлігі;
• ҚҚС бойынша тіркелу есебіне қойылу туралы куәлік (салық салынатын болса).
Жеткізуші тарапынан сатып алу туралы шартқа қол қоюдың талап етілетін мерзімі – 7 жұмыс күні.