1. Тапсырыс беруші: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, 050010, Алматы қ., Қонаев көш., 181, электронды мекенжайы – [email protected]
Сатып алуды ұйымдастырушы: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, Сатып алу басқармасы, 050010, Алматы қ., Қонаев көш., 181; тел.: 259-91-81, электронды мекенжайы – [email protected]
хабарландыруды орналастыру арқылы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен жанасу плиткасы, дыбыс және жарық құрылғысын орнату бойынша жұмыстарды сатып алуды өткізу туралы хабарландырады және көрсетілген сатып алуларға қатысуға шақырады
2. Жұмыстардың атауы және қысқаша сипаттамасы:
Лот № | Жұмыстар атауы | Сипаттамасы | Өлшем бірлігі | Саны | ҚҚС есептемегендегі сатып алуға бөлінген жалпы сомасы, теңге | Жұмыстарды орындау орны |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 |
Жанасу плиткасы, дыбыс және жарық құрылғысын орнату бойынша
жұмыс |
1. Полиуретанды жанасу плиткасын конусты рифті шахмат тәрізді орналастыру 300*300 мм. – 40 дана; 2. Кіру тобы үшін сымсыз шақыру түймесін орнату – 2 дана; 3. Басқышты таңбалау үшін қарама-қарсы таспаны орнату – 4 қ/м. | жұмыс | 1,00 | 172 000,00 |
Алматы қаласы, Панфилов
көшесі, 98 |
Жұмыстарды сатып алуға бекітілген жалпы сома – ҚҚС сомасын есептемегенде 172 000,00 (жүз жетпіс екі мың) теңге 00 тиын.
3. Жұмыстарды орындау орны – Алматы қаласы, Панфилов көшесі, 98;
4. Жұмыстарды орындаудың талап етілетін мерзімі Шарт талаптарына сәйкес.
5. Баға ұсыныстары бар конверттерді әлеуетті жеткізушінің беру күні мен уақыты: 2018 жылғы «06» 06 сағат 9:30 бастап 2018 жылғы «13» 06 сағат 9:30 дейін.
6. Баға ұсыныстары бар конверттерді ашу күні мен уақыты: 2018 жылғы «13» 06 сағат 10:00.
Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын жеткізетін орны – «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, 050010, Алматы қ., Қонаев көш., 181, №204 кабинет.
7. Жұмыстар үшін талап етілетін ақы төлеу талаптары Шарт талаптарына сәйкес.
8. Маңызды талаптарды көрсете отырып сатып алу туралы шарт жобасы қоса жіберіледі.
1) Әлеуетті жеткізуші ұсынылған нысан бойынша мына мәліметтер мен құжаттардан тұратын әлеуетті жеткізушінің қолымен және мөрімен (бар болған жағдайда) бекітілген тек бір баға ұсынысын бере алады:
• әлеуетті жеткізушінің атауы, заңды және нақты мекенжайы (заңды тұлғалар үшін), патент және жеке куәлігінің (төлқұжат) нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты орны (жеке тұлғалар үшін), банктік деректемелері;
• орындалатын Жұмыс атауы, сипаттамасы мен саны;
• Жұмысты орындау орны мен мерзімі;
• Жұмысты орындауға байланысты шығыстары қоса есептелген Жұмыстың бірлігі үшін бағасы және жалпы бағасы.
2) Әлеуетті жеткізуші желімдеп жабылған баға ұсыныстары бар конверттің бет жағында мыналарды көрсетуі керек:
• әлеуетті жеткізушінің толық атауы мен пошталық (заңды) мекенжайы;
• сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы;
• әлеуетті жеткізуші қатысу үшін баға ұсыныстарын беретін Жұмысты сатып алу атауы.
Баға ұсынысын поштамен жіберген кезде конверттің бет жағында қосымша ескертпе болуы керек: 2018 жылғы «13» маусым «10» сағат «00» минутқа дейін ашпау керек.
Әлеуетті жеткізуші немесе олардың уәкілетті өкілдері баға ұсыныстарын қолма-қол берген жағдайда әлеуетті жеткізушілер немесе олардың уәкілетті өкілдері баға ұсыныстарын беру құқығына әлеуетті жеткізушінің мүддесін білдіретін тұлғалардың сенімхаттарын, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесімен бірге беруі керек.
Шартқа қол қою үшін Жеткізуші мына құжаттардың көшірмесін беруге міндеттенеді:
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін:
• Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
• ҚҚС бойынша тіркелу есебіне қойылу туралы куәлік (салық салынатын болса);
• Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
• Бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық
Жеке кәсіпкер үшін:
• ЖК тіркеу туралы куәлік;
• Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
• Жеке куәлігі;
• ҚҚС бойынша тіркелу есебіне қойылу туралы куәлік (салық салынатын болса).
Жеткізуші тарапынан сатып алу туралы шартқа қол қоюдың талап етілетін мерзімі – 7 жұмыс күні.