Хабарландыруды орналастыру арқылы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен жылу желілерін жуу бойынша қызметтерді сатып алудың өткізілетіндігі туралы хабарландырады (Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары бар конверттерді берген күні мен уақыты: 2018 жылғы «13» маусым сағат 09:00-ден бастап 2018 жылғы «20» маусым, сағат 10:00-ге дейін)
1. Тапсырыс беруші: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, A25Y5E8 (050010), Алматы қ., Қонаев көш., 181, электронды мекенжайы – [email protected].
Сатып алуды ұйымдастырушы: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, Сатып алу басқармасы, A25Y5E8 (050010), Алматы қ., Қонаев көш., 181, тел.: 259-91-81, электронды мекенжайы – [email protected].
хабарландыруды орналастыру арқылы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен жылу желілерін жуу бойынша қызметтерді сатып алудың өткізілетіндігі туралы хабарландырады және көрсетілген сатып алуға қатысуға шақырады
2. Қызмет атауы және қысқаша сипаттамасы:
Лот
№ |
Қызмет атауы | Қызметтің қысқаша сипаты | Өлшем бірлігі | Саны | ҚҚС есептемегендегі бірлігі үшін бағасы, теңге | ҚҚС есептемегендегі сатып алуға бөлінген жалпы сома, теңге | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | |
1 |
Жылу желілерін жуу
(3-Көктем, 21) |
Жылу тұтынудың элементтерін механикалық жолмен тазарта отырып, гидропневматикалық тәсілмен желілер мен жылу қолданатын қондырғыларды жуу және тексеру, ілмекті арматураны және қызмет көрсетуге қажетті басқа да шығыс материалдарын ауыстыра отырып, дроссель қондырғыларын шешіп алу, механикалық жолмен тазалау, орнату:
3- Көктем, 21-үй ш/а., 2 элеватор, 18 радиатор, диаметрі Д50мм-ге дейінгі құбыр желісінің ұзындығы –730 м. |
Қызмет | 1 | 116 000,00 | 116 000,00 | |
2 |
Жылу желілерін жуу
(Әйтеке би, 67) |
Жылу тұтынудың элементтерін механикалық жолмен тазарта отырып, гидропневматикалық тәсілмен желілер мен жылу қолданатын қондырғыларды жуу және тексеру, ілмекті арматураны және қызмет көрсетуге қажетті басқа да шығыс материалдарын ауыстыра отырып, дроссель қондырғыларын шешіп алу, механикалық жолмен тазалау, орнату:
Әйтеке би көшесі, 67, – 5 элеватор, 230 радиатор, диаметрі Д65мм-ге дейінгі құбыр желісінің ұзындығы – 150 м, Д200мм-ге дейінгі – 50м. |
Қызмет | 1 | 178 000,00 | 178 000,00 | |
3 |
Жылу желілерін жуу
(Ермак, 24) |
Жылу тұтынудың элементтерін механикалық жолмен тазарта отырып, гидропневматикалық тәсілмен желілер мен жылу қолданатын қондырғыларды жуу және тексеру, ілмекті арматураны және қызмет көрсетуге қажетті басқа да шығыс материалдарын ауыстыра отырып, дроссель қондырғыларын шешіп алу, механикалық жолмен тазалау, орнату:
Ермак көшесі, 24, – 2 элеватор, 58 радиатор, 122 регистр, диаметрі Д50мм-ге дейінгі құбыр желісінің ұзындығы – 3367 м. |
Қызмет | 1 | 113 000,00 | 113 000,00 | |
4 |
Жылу желілерін жуу
(Панфилов, 98)
|
Жылу тұтынудың элементтерін механикалық жолмен тазарта отырып, гидропневматикалық тәсілмен желілер мен жылу қолданатын қондырғыларды жуу және тексеру, ілмекті арматураны және қызмет көрсетуге қажетті басқа да шығыс материалдарын ауыстыра отырып, дроссель қондырғыларын шешіп алу, механикалық жолмен тазалау, орнату:
Панфилов көшесі, 98, – 2 элеватор, 171 радиатор, диаметрі Д50мм-ге дейінгі құбыр желісінің ұзындығы – 965 м, Д100мм-ге дейінгі – 425 м. |
Қызмет | 1 | 114 000,00 | 114 000,00 | |
5 |
Жылу желілерін жуу
(Қонаев, 181) |
Жылу тұтынудың элементтерін механикалық жолмен тазарта отырып, гидропневматикалық тәсілмен желілер мен жылу қолданатын қондырғыларды жуу және тексеру, ілмекті арматураны және қызмет көрсетуге қажетті басқа да шығыс материалдарын ауыстыра отырып, дроссель қондырғыларын шешіп алу, механикалық жолмен тазалау, орнату:
Қонаев көшесі, 181, – автоматтандырылған жылу пункті, 60 радиатор, диаметрі Д50мм-ге дейінгі құбыр желісінің ұзындығы – 424 м, Д100мм-ге дейінгі – 30 м. |
Қызмет | 1 | 71 000,00 | 71 000,00 | |
6 |
Жылу желілерін жуу
(Бәрібаев, 55) |
Жылу тұтынудың элементтерін механикалық жолмен тазарта отырып, гидропневматикалық тәсілмен желілер мен жылу қолданатын қондырғыларды жуу және тексеру, ілмекті арматураны және қызмет көрсетуге қажетті басқа да шығыс материалдарын ауыстыра отырып, дроссель қондырғыларын шешіп алу, механикалық жолмен тазалау, орнату:
Бәрібаев көшесі, 55, -2 элеватор, 57 радиатор, 45 регистр, диаметрі Д65мм -ге дейінгі құбыр желісінің ұзындығы – 423м; м., Д100мм- дейінгі –135 м. |
Қызмет | 1 | 113 000,00 | 113 000,00 | |
7 |
Жылу желілерін жуу
(Достық, 136) |
Жылу тұтынудың элементтерін механикалық жолмен тазарта отырып, гидропневматикалық тәсілмен желілер мен жылу қолданатынқондырғыларды жуу және тексеру, ілмекті арматураны және қызмет көрсетуге қажетті басқа да шығыс материалдарын ауыстыра отырып, дроссель қондырғыларын шешіп алу, механикалық жолмен тазалау, орнату:
Достық даңғылы, 136 – автоматтандырылған жылу пункті, 12 радиатор, диаметрі Д50мм-ге дейінгі құбыр желісінің ұзындығы – 80қ/м. |
Қызмет | 1 | 135 000,00 | 135 000,00 | |
8 |
Жылу желілерін жуу
(Сәтпаев, 30А/3) |
Жылу тұтынудың элементтерін механикалық жолмен тазарта отырып, гидропневматикалық тәсілмен желілер мен жылу қолданатын қондырғыларды жуу және тексеру, ілмекті арматураны және қызмет көрсетуге қажетті басқа да шығыс материалдарын ауыстыра отырып, дроссель қондырғыларын шешіп алу, механикалық жолмен тазалау, орнату:
Алматы қаласы, Сәтпаев көшесі, 30а/3 – автоматтандырылған жылу пункті, 219 радиатор, диаметрі Д65мм-ге дейінгі құбыр желісінің ұзындығы – 96 қ/м. диаметрі Д50мм-ге дейінгі құбыр желісінің ұзындығы – 3 279 қ/м. |
Қызмет | 1 | 195 000,00 | 195 000,00 |
Қызметті сатып алуға бекітілген жалпы сома – ҚҚС сомасын есептемегенде 1 035 000,00 (бір миллион отыз бес мың) теңге 00 тиын.
3. Қызмет көрсету орны: Шартта көрсетілген мекенжайлар бойынша.
4. Қызмет көрсету талап етілетін мерзімдер Шарт талаптарына сәйкес.
5. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары бар конверттерді берген күні мен уақыты: 2018 жылғы «13» маусым сағат 09:00-ден бастап 2018 жылғы «20» маусым, сағат 10:00-ге дейін.
6. Баға ұсыныстары бар конверттерді ашу күні мен уақыты: 2018 жылғы «20» маусым, 11:30 сағатта.
Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын беретін орны – «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, A25Y5E8 (050010), Алматы қаласы, Қонаев көш., 181. № 204 кабинет.
7. Қызмет үшін ақы төлеудің талап етілетін тәртібі Шарт талаптарына сәйкес.
8. Сатып алу туралы шарт жобасы маңызды талаптарын көрсетіліп қоса беріледі.
1) Әлеуетті жеткізуші ұсынылған нысан бойынша мына мәліметтер мен құжаттардан тұратын әлеуетті жеткізушінің қолымен және мөрімен (бар болған жағдайда) бекітілген тек бір баға ұсынысын бере алады:
• әлеуетті жеткізушінің атауы, заңды және нақты мекенжайы (заңды тұлғалар үшін), патент және жеке куәлігінің (төлқұжат) нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты орны (жеке тұлғалар үшін), банктік деректемелері;
• көрсетілетін Қызмет атауы, сипаттамасы және саны;
• Қызмет көрсетілетін орын мен мерзімі;
• Қызмет бірлігінің бағасы мен Қызмет көрсетуге байланысты оның шығыстары қоса қамтылған жалпы бағасы.
2) Әлеуетті жеткізуші желімдеп жабылған баға ұсыныстары бар конверттің бет жағында мыналарды көрсетуі керек:
• әлеуетті жеткізушінің толық атауы мен пошталық (заңды) мекенжайы;
• сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы;
• әлеуетті жеткізуші қатысу үшін баға ұсыныстарын берген сатып алынатын Қызметтер атауы.
Әлеуетті жеткізушілер немесе оның уәкілетті өкілдері баға ұсыныстарын өз қолымен бергенде, әлеуетті жеткізушілер немесе оның уәкілетті өкілдері баға ұсыныстарын беру құқына берілген әлеуетті жеткізушінің мүдделерін қорғайтын тұлғаларына жеке басын куәландыратын құжат көшірмесімен сенімхатты беруге тиіс
Баға ұсыныстарын пошта арқылы жібергенде, конверттің беткі жағында қосымша ескертпе болуы тиіс: «2018 жылғы «20» маусым 11 сағат 30 минутқа дейін ашылмасын».
Шартқа қол қою үшін Жеткізуші мына құжаттардың көшірмесін беруге міндеттенеді:
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін:
• Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
• ҚҚС бойынша тіркелу есебіне қойылу туралы куәлік (салық салынатын болса);
• Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
• Бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық
Жеке кәсіпкер үшін:
• ЖК тіркеу туралы куәлік;
• Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
• Жеке куәлігі;
• ҚҚС бойынша тіркелу есебіне қойылу туралы куәлік (салық салынатын болса).
Жеткізуші тарапынан сатып алу туралы шартқа қол қоюдың талап етілетін мерзімі – 7 жұмыс күні.