Сатып алуды ұйымдастырушы, «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» акционерлік қоғамы сатып алу басқармасы атынан, A25Y5E8 (050010), Алматы қ., Қонаев көш., 181, е-mail: [email protected], үздіксіз қоректендіру көздеріне арналған аккумулятор батареяларын қайта сатып алу бойынша конкурс өткізетіндігі туралы хабарлайды.
Конкурстық құжаттамаларды қоса алғанда 2018 жылғы «13» маусым 11 сағат 00 минутқа дейінгі мерзімде тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушы) ғаламтор-ресурсындағы cma-nbrk.kz электронды мекенжайы бойынша алуға болады.
Тауар мына мекенжайларға жеткізіледі: Алматы қаласы, Ермак көшесі., 24 (конкурстық құжаттамада сатып алынатын тауарлардың толық тізбесі, олардың саны мен егжей-тегжейлі ерекше нұсқамасы көрсетілген).
Тауар жеткізудің талап етілген мерзімі: Шарт күшіне енген күннен бастап 90 (тоқсан) күнтізбелік күн.
Мөр басып желімделген конвертке салынған конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерін әлеуетті жеткізушілер A25Y5E8 (050010), Алматы қ., Қонаев көш., 181, 204-кабинет мекенжайына «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» акционерлік қоғамы Сатып алу басқармасына береді (жібереді).
Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді берудің соңғы мерзімі 2018 жылғы «14» маусым 10 сағат 00 минутқа дейін.
Конкурсқа қатысу өтінімі бар конверттер мына мекенжайда: A25Y5E8 (050010), Алматы қ., Қонаев көш., 181, 2018 жылғы «14» маусым 11 сағат 00 минутта ашылады.
Қосымша ақпараттар мен анықтаманы мына телефон бойынша алуға болады: 8 727 258 88 21.
Конкурстық комиссиясының хатшысы Бабаков Виктор Сергеевич, «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» акционерлік қоғамы сатып алу басқармасының бас маманы, байланыс телефоны: 8 727 258 88 21, е-mail: [email protected].
Получить документацию Протокол вскрытия Протокол предварительного допуска Протокол допуска