Сатып алуды ұйымдастырушы, «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» акционерлік қоғамы сатып алу басқармасы атынан, A25Y5E8 (050010), Алматы қ., Қонаев көш., 181, БСН: 110340003611, ЖСК: KZ39125KZT1001305542, «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі» РММ- дағы, БСК: NBRKKZKX, БЕК 16, шот валютасы: KZT, электрондық мекенжайы – [email protected], тел. 8 727 2599 181, ішкі. тел. 3752, е-mail: [email protected], тендер тәсілімен Mercedes-Benz маркалы автокөліктерге кепілдік және сервистік техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша жұмыстарды сатып алу бойынша тендер өткізетіндігі туралы хабарлайды.
Тендер талаптары:
1. Сатып алынатын Жұмыс атауы, олардың көлемі мен Жұмысты сатып алуға бөлінген сома:
Лот № | Жұмыс атауы | Өлшем бірлігі | Саны, көлемі | Сатып алуға бөлінген сома (теңге, ҚҚС есептемегенде) |
1 | Mercedes-Benz маркалы автокөліктерге кепілдік және сервистік техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша жұмыстар | Жұмыс | 1 |
6 344 500,00
(алты миллион үш жүз қырық төрт мың бес жүз теңге 00 тиын) |
2. Сатып алынатын Жұмыстардың техникалық ерекше сипаттамалары тендердің осы Талаптарына 1-Қосымшаға сәйкес 4 (төрт) парақта.
3. Мәнді талаптары көрсетілген сатып алулар туралы шарт жобасы тендердің осы Талаптарына 2-Қосымшаға сәйкес 17 (он жеті) парақта.
4. Қызмет көрсету орны: Шарт талаптарына сәйкес.
5. Қызмет көрсету талап етілген мерзім: Шарт талаптарына сәйкес.
Тендерлік өтінімдерді беру және ресімдеу тәртібі Қағидалардың 4-параграфында көзделген. Конверттерге мөрленіп салынған тендерлік өтінімдерді әлеуетті жеткізушілер немесе олардың уәкілетті өкілдері сатып алуды ұйымдастырушыға қолма-қол немесе мына мекенжай бойынша пошталық тапсырысты байланыстарды пайдалана отырып береді (жібереді): A25Y5E8 (050010), Алматы қаласы, Медеу ауданы, Қонаев көшесі, 181, № 204 кабинет.
Жұмысты сатып алуға бөлінген соманың 1(бір) пайызы мөлшерінде тендерге қатысу өтінімін қамтамасыз ету Қағидаларға 10-Қосымшаға сәйкес үлгілік нысанда банктік кепілдік түрінде және мынадай банктік шотта орналасатын кепілді ақшалай жарнаның енгізілгенін растайтын төлем құжаты түрінде енгізіледі: БСН: 110340003611, ЖСК: KZ39125KZT1001305542, «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі» РММ-дағы, БСК: NBRKKZKX, шот валютасы: KZT.
Тендерлік өтінімдерін қамтамасыз етуі жоқ барлық тендерлік өтінімдерді тендер комиссиясы Қағида талаптарына сәйкеспейтіндер ретінде кері қайтарады.
6. Тендер өтінімдерін берудің соңғы мерзімі қоса алғанда 2019 жылғы «04» ақпан 11 сағат 00 минутқа дейін.
7. Тендер өтінімдері A25Y5E8 (050010), Алматы қаласы, Медеу ауданы, Қонаев көшесі, 181, №100 кабинет мекенжайы бойынша 2019 жылғы «04» ақпан 12 сағат 00 минутта ашылады.
8. Тендер талаптарын түсіндіру қажет болғанда, әлеуетті жеткізушілер 2019 жылғы «29» қантар 18 сағат 30 минуттан кешіктірмей, сатып алуды ұйымдастырушыға жазбаша сұратуымен жүгінеді.
Әлеуетті жеткізушілер сұратулары сатып алуды ұйымдастырушылардың мына деректемелері бойынша жіберілуі керек: Қазақстан Республикасы, A25Y5E8 (050010), Алматы қаласы, Медеу ауданы, Қонаев көшесі,181, Сатып алу басқармасы, 204-каб., электронды мекенжайы – [email protected], тел. 8 (727) 259 91 81.
9. Сатып алуды ұйымдастырушы сұрату алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде:
Тапсырыс берушінің интернет-ресурсында (сатып алуды ұйымдастырушы) – https://cma-nbrk.kz. тендер талаптарын түсіндіру мәтінін жариялайды;
Тендер талаптарына рұқсат алған әлеуетті жеткізушілерге тендер талаптарын түсіндіру мәтінін кімнен сұрату түскені көрсетілместен электронды пошта бойынша жіберіледі.
10. Сатып алуды ұйымдастырушы 2019 жылғы «29» қантар 18 сағат 30 минуттан кешіктірмей мерзімінде өз бастамасы бойынша немесе әлеуетті жеткізуші сұратуына жауап ретінде тендер талаптарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді.
Тендер талаптарына өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап 2(екі) жұмыс күнінен кешіктірмей, мерзімінде тапсырыс берушінің интернет-ресурсында: https://cma-nbrk.kz. тендер талаптарына енгізілген өзгерістер мен (немесе) толықтырулар мәтіні жарияланады.
Тендер өтінімін берудің соңғы мерзімі кемінде 5(бес) күнтізбелік күнге ұзартылады.
11. Тендерге қатысуға ниет білдірген әлеуетті жеткізуші Жұмысты сатып алуды өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде Қағидалардың 50 және (немесе) 53- тармақтарында көзделген құжаттарды береді.
Әлеуетті жеткізушінің тендерлік өтінімі Қағидаларда көзделген талаптарға сәйкес ресімделуі тиіс.
Қосымша ақпараттарды мына телефон бойынша алуға болады: тел. 8 727 2599 181, ішкі. тел. 3752.
Тендер комиссиясының хатшысы: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» акционерлік қоғамы сатып алу басқармасының бас маманы – Бабаков Виктор Сергеевич.
Получить документацию Протокол вскрытия Протокол предварительного допуска Протокол допуска