Өрт дабылдамасы жүйесіне техникалық қызмет көрсету бойынша қызметтерді конкурс тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру (Конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің түпкілікті мерзімі 2016 жылғы «15» ақпан 15 сағат 00 минутқа дейін)

«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі» РММ үшін конкурс ұйымдастырушысы болып табылатын «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» акционерлік қоғамы, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Алмалы ауданы, Панфилов көш., 98, e-mail: [email protected] өрт дабылдамасы жүйесіне техникалық қызмет көрсету бойынша қызметтерді сатып алу жөніндегі конкурсын өткізу туралы хабарлайды.
Қызметтер мына лоттар бойынша көрсетіледі:
№ 1 лот «Өрт дабылдамасы жүйесіне техникалық қызмет көрсету бойынша қызметтер Алматы қ., «3-Көктем» ш/а, 21-үй»;
№ 2 лот «Өрт дабылдамасы жүйесіне техникалық қызмет көрсету бойынша қызметтер Алматы қ., Әйтеке би көш., 67»;
№ 3 лот «Өрт дабылдамасы жүйесіне техникалық қызмет көрсету бойынша қызметтер Алматы қ., Панфилов көш., 98».
Сатып алынатын қызметтердің толық тізімі, олардың саны мен нақты ерекше нұсқамалары конкурстық құжаттамада көрсетілген.
Қызметтерді көрсетудің талап етілетін мерзімі: Тапсырыс берушінің өтінімі мен кестесіне сәйкес 2016 жыл ішінде 2 (екі) рет.
Конкурсқа конкурстық құжаттамада көрсетілген біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына жауап беретін барлық әлеуетті жеткізушілер жіберіледі.
Конкурстық құжаттама көшірмесінің бумасын 16 сағат 00 минутты қоса алғанда 2016 жылғы «14» ақпан дейінгі мерзімде мына сатып алуды ұйымдастырушының электрондық мекенжайы бойынша: cma-nbrk.kz. интернет ресурсынан алуға болады.
Конкурстық құжаттаманың көшірмесі бумасы тегін ұсынылады.
Конвертке салынып бекітілген конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімдерді әлеуетті жеткізушілер «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» акционерлік қоғамы мына мекенжай бойынша Алматы қ., Алмалы ауданы, Панфилов көш. 98, № 401 бөлмесіне береді (жібереді).
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің түпкілікті мерзімі 2016 жылғы «15» ақпан   15 сағат 00 минутқа дейін.
Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттер 2016 жылғы «15» ақпан 16 сағат 00 минутта мына мекенжай бойынша Алматы қ., Алмалы ауданы, Панфилов көш. 98, № 415 бөлмеде ашылады.
Қосымша ақпарат пен анықтаманы мына телефон арқылы алуға болады: 8 727 259 91 81.
Сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілі: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» акционерлік қоғамы, Сатып алу басқармасының бас маманы Молышев Талгат Максатович, байланыс телефоны: 8 727 259 91 81, e-mail: [email protected]

Получить документацию Протокол вскрытия Протокол допуска

Comments are closed.