СМЖ қайта сертификаттау

СМЖ қайта сертификаттау аудитінің сәтті өткендігі туралы

Қызметтің сапалы көрсетілуі  – компания табысының кепілі!

     Сапа стратегиясының маңызды функциональды стратегиялардың бірі ретінде саналатыны белгілі және компанияның жалпы стратегиясының ажырамас бөлігі ретінде қаралады.
Қоғам басшылығы Қоғамның сапа менеджменті жүйесінің қойылатын талаптарға қызметтердің сай болуын қамтамасыз етуі үшін қажетті шараларды қолданады, себебі менеджменттің дұрыс жолға қойылған жүйесі кәсіпорынның негізгі бөлімшелері, мекеменің алыстағы бөлімшелері және ішкі бөлімшелері арасындағы өзара ықпалдастықты дұрыстау мүмкіндігін береді.
Қоғамның барлық қызметкері  компанияның жетістікке жетуіне мүдделі, сапа менеджменті жүйесін тиісті жағдайда ұстауға тырысады, оның тиімділігін, нәтижелілігін және үнемі жақсарып отыруын қамтамасыз етеді.
2015 жылдың қыркүйегінде Қоғам сапа менеджменті жүйесінің қайта сертификаттау аудитінен сәтті өтті.1112_5
Сапа менеджменті жүйесінің қайта сертификаттау аудиті қорытындылары  бойынша   СМЖ сәйкестікті растау жөніндегі орган Қоғамға 2015 жылғы 1 қазанда №26 «СМЖ сәйкестік сертификатын қайта ресімдеу туралы» Шешімді берді, сондай-ақ өндірістік орта мен инфрақұрылымға қатысты ҚР Ұлттық Банкі және  басқа да ұйымдар қызметін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетуге қатысты сапа менеджменті жүйесінің сәйкестік сертификаты берілді.
Қоғам осы бағытта жұмыс істей беруін жалғастыра береді және «ҚРҰБ ҚҚО» АҚ барлық қызметкерлері күш біріктіре отырып алға қойған мақсаттарды жүзеге асыра бермек.
Жұмыс үйлесімді болу үшін, Қоғам басшылығы ұжымда тиімді жұмыс істеулері үшін қызметкерлердің кәсіби өсуіне, жұмысқа қанағаттанушылығын арттыруға ықпалдасуды, Қоғам қызметін бірлесе атқарысуды  алдына мақсат етіп қояды.
«ҚРҰБ ҚҚО» АҚ өз жұмысын үнемі жақсартып отыруға, яғни, сапаны өсіруге және көрсетілетін қызметті жақсартуға тырысады.

Comments are closed.