Қызметкерлерді сырқаттану жағдайына сақтандыру бойынша қызметтерді конкурс тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру (Конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің түпкілікті мерзімі 2017 жылғы «10» қараша 10 сағат 00 минутқа дейін)

Сатып алуды ұйымдастырушы, «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» акционерлік қоғамы сатып алу басқармасы атынан, Қазақстан Республикасы, A25Y5E8 (050010), Алматы қ., Медеу  ауданы, Қонаев көш., 181, е-mail: [email protected], қызметкерлерді сырқаттану жағдайына сақтандыру бойынша қызметтерді сатып алу бойынша конкурс өткізетіндігі туралы  хабарлайды.
Конкурстық құжаттамаларды 2017 жылы «9» қарашада, қоса алғанда  11 сағат 00 минутқа дейінгі мерзімде тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушы) интернет-ресурсындағы cma-nbrk.kz электронды мекенжайы бойынша алуға болады.
Қызметтер Қазақстан Республикасы бойынша көрсетіледі (сатып алынатын қызметтердің толық тізімі, олардың саны мен нақты ерекше сипаттамалары конкурстық құжаттамада көрсетілген).
Қызмет көрсетудің талап етілген мерзімі:  Шарт күшіне енген күннен бастап Тараптар ол бойынша  өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін.
Мөр басып желімделген конвертке салынған конкурсқа қатысуға арналған конкурстық өтінімдерін әлеуетті жеткізушілер, A25Y5E8 (050010), Алматы қ., Медеу  ауданы, Қонаев көш., 181, 204-бөлме мекенжайына «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» акционерлік қоғамы Сатып алу басқармасына береді (жібереді).
Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді берудің соңғы мерзімі 2017 жылғы «10» қарашада  10 сағат 00 минутқа дейін.
Конкурсқа қатысу өтінімі бар конверттер мына мекенжайда: A25Y5E8 (050010), Алматы қ., Медеу  ауданы, Қонаев көш., 181, 100-бөлмеде 2017 жылғы «10» қарашада  11 сағат 00 минутта ашылады.
Қосымша ақпараттар мен анықтаманы мына телефон бойынша алуға болады:  8(727) 259 91 81.
Конкурс комиссиясының хатшысы  Молышев Талгат Максатович, «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» акционерлік қоғамы сатып алу басқармасының бас маманы, байланыс телефоны: 8 727 259 91 81., е-mail: [email protected].

Получить документацию Протокол вскрытия Протокол предварительного допуска Протокол допуска

Comments are closed.