Сатып алуды ұйымдастырушы, «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» акционерлік қоғамының сатып алу басқармасы арқылы, A25Y5E8 (050010), Алматы қаласы, Қонаев көшесі, 181, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ-дағы БСН: 110340003611, ЖСК: KZ39125KZT1001305542, БСК: NBRKKZKX, БЕк 16, шот валютасы: KZT, электронды мекенжай – [email protected], тел. 8 727 2599 181, ішкі тел. 3752, үздіксіз қуат көзіне техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды (бұдан әрі – Жұмыстар) тендер тәсілімен сатып алу бойынша тендердің өткізілетіндігі туралы хабарлайды.
Тендер талаптары:
1. Сатып алынатын Жұмыстардың атауы, олардың көлемі және сатып алуға бөлінген Жұмыстардың сомасы:
Лот № | Жұмыстар атауы | Өлшем бірлігі | Саны, көлемі | (ҚҚС есептемегенде, теңге) сатып алуға бөлінген сома |
1 | Үздіксіз қуат көзіне техникалық қызмет көрсету (Сәтбаев 30а/3) | Жұмыс | 1 |
2 180 000,00
(екі миллион жүз сексен мың теңге 00 тиын) |
2 | Үздіксіз қуат көзіне техникалық қызмет көрсету (3-Көктем, 21) | Жұмыс | 1 |
2 200 000,00
(екі миллион екі жүз мың тенге 00 тиын) |
3 | Үздіксіз қуат көзіне техникалық қызмет көрсету (Әйтеке би,67) | Жұмыс | 1 |
2 560 000,00
(екі миллион бес жүз алпыс мың тенге 00 тиын) |
2. Сатып алынатын Жұмыстарға 2 (екі) беттік техникалық ерекше нұсқама осы Тендер талаптарының 1-қосымшасына сәйкес.
3. Маңызды талаптарын көрсете отырып 11 (он бір) беттік сатып алу туралы шарт жобасы Осы Тендер талаптарының 2-қосымшасына сәйкес.
4. Жұмыстарды орындау орны сатып алу туралы шарт жобасында көрсетілген.
5. Жұмыстарды орындауға талап етілетін мерзім сатып алу туралы шарт жобасында көрсетілген.
Тендер өтінімін беру мен ресімдеу тәртібі Қағиданың1 4-параграфында көзделген. Конвертпен бекітілген тендер өтінімдерін әлеуетті жеткізуші немесе оның уәкілетті өкілдері сатып алуды ұйымдастырушыға қолма-қол немесе тапсырыс бойынша жасалған пошта байланысымен A25Y5E8 (050010), Алматы қаласы, Медеу ауданы, Қонаев көшесі, 181, № 204 кабинет мекенжайына береді (жібереді).
Жұмыстарды сатып алуға бөлінген соманың 1 (бір) пайызы мөлшеріндегі тендерге қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз ету Қағиданың 10-Қосымшасына сәйкес үлгі нысан бойынша банктік кепілдік немесе мына банктік шотта: «ҚР Ұлттық Банкі» РММ-дағы БСН: 110340003611, ЖСК: KZ39125KZT1001305542, БСК: NBRKKZKX, шот валютасы: KZT орналасқан кепілді ақшалай жарнаны енгізгендігін растайтын төлем құжаты түрінде енгізіледі.
«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі» РММ Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 192 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің, оның ведомостволарының, оның құрылымына кіретін ұйымдардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді иеленуі қағидасы.
Жұмыстарды сатып алуға бөлінген соманың 1 (бір) пайызы мөлшеріндегі тендерге қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз ету Қағиданың 10-Қосымшасына сәйкес үлгі нысан бойынша банктік кепілдік немесе мына банктік шотта: «ҚР Ұлттық Банкі» РММ-дағы БСН: 110340003611, ЖСК: KZ39125KZT1001305542, БСК: NBRKKZKX, шот валютасы: KZT орналасқан кепілді ақшалай жарнаны енгізгендігін растайтын төлем құжаты түрінде енгізіледі.
Тендер өтінімдерін қамтамасыз етпейтін барлық тендер өтінімдерін тендер комиссиясы Қағида талаптарына сәйкес келмейтін ретінде қабылдамайды.
6. Тендер өтінімдерін берудің соңғы мерзімі қоса алғанда 2019 жылғы «25» ақпан 10 сағат 00 минутқа дейін.
7. Тендер өтінімдері A25Y5E8 (050010), Алматы қаласы, Медеу ауданы, Қонаев көшесі 181, № 100 кабинет мекенжайында 2019 жылғы «25» ақпан 11 сағат 00 минутта ашылады.
8. Тендер талаптарын түсіндіру қажеттілігі болғанда, әлеуетті жеткізушілер 2019 жылғы «20» ақпан 18 сағат 30 минуттан кешіктірмей жазбаша сұратуымен сатып алуды ұйымдастырушыға жүгінеді.
Әлеуетті жеткізушілер сұратуларын сатып алу ұйымдастырушысының мына деректемелері бойынша жіберу қажет: Қазақстан Республикасы, A25Y5E8 (050010), Алматы қаласы, Медеу ауданы, Қонаев көшесі, 181, Сатып алу басқармасы, 204 каб., электронды мекенжайы – [email protected], тел. 8 (727) 259 91 81.
9. Сатып алуды ұйымдастырушы сұратуды алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде:
тендер талаптарын түсіндіру мәтінін тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) https://cma-nbrk.kz. интернет-ресурсында жариялайды;
сұрату кімнен келіп түскенін көрсетпестен электронды пошта бойынша тендер талаптарына кіру рұқсатын алған әлеуетті жеткізушілерге тендер талаптарын түсіндіру мәтінін жібереді.
10. Сатып алуды ұйымдастырушы 2019 жылғы «21» ақпан 18 сағат 00 минуттан кеш емес мерзімде өзінің бастамасымен немесе әлеуетті жеткізушінің сұратуына жауап ретінде тендер талаптарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді.
Тендер талаптарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешімдер қабылданған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кеш емес мерзімде тендер талаптарына енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар мәтінін тапсырыс берушінің https://cma-nbrk.kz. интернет-ресурсына орналастырады.
Тендер өтінімдерін берудің соңғы мерзімі кем дегенде 5 (бес) күнтізбелік күнге ұзартылады.
11. Тендерге қатысуға ниет білдірген әлеуетті жеткізуші Жұмыстар сатып алуды өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде Қағиданың 50 және (немесе) 53-тармақтарында көзделген құжаттарды береді.
Әлеуетті жеткізушінің тендер өтінімі Қағидада көзделген талаптарға сәйкес ресімделуі тиіс.
Қосымша ақпараттарды мына телефон бойынша алуға болады:
тел. 8 727 2599 181, ішкі тел. 3752.
Тендер комиссиясының хатшысы: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» акционерлік қоғамы сатып алу басқармасының бас маманы – Бабаков Виктор Сергеевич.