Жанар-жағар материалдарды конкурс тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру (Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді берудің соңғы мерзімі 2017 жылғы 17 қаңтар 10 сағат 00 минутқа дейін.)

Сатып алуды ұйымдастырушы болып табылатын «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» акционерлік қоғамы атынан сатып алу басқармасы, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Алмалы ауданы, Панфилов көш., 98,      е-mail: [email protected], жанар-жағар материалдарды сатып алу бойынша конкурс өткізетіндігін хабарлайды.
Конкурс құжаттамасын 2017 жылы «16» қаңтарға дейінгі мерзімде, қоса алғанда 11 сағат 00 минутқа дейінгі мерзімде Тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) интернет-ресурсындағы cma-nbrk.kz электронды мекенжайы бойынша алуға болады.
Тауар жеткізу орны: Алматы қ., Жетісу ауданы, Ермак к-сі, 24 (сатып алынатын тауардың толық тізімі, саны мен толық ерекше нұсқама конкурс құжаттамасында көрсетілген).
Тауар жеткізу талап етілген мерзімі – Шарт талаптарына сәйкес.
Мөр басып желімделген конвертке салынған конкурсқа қатысуға арналған конкурстық өтінімдері әлеуетті жеткізушілер  Алматы қ., Алмалы ауданы, Панфилов көш., 98, 401-бөлме мекенжайына «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» акционерлік қоғамы Сатып алу басқармасына береді (жібереді).
Конкурсқа қатысу өтінімдерін берудің соңғы мерзімі  2017 жылдың «17» қаңтары  10 сағат 00 минутқа дейін.
Конкурсқа қатысу өтінімі бар конверттер мына мекенжайда 2017 жылдың «17» қаңтары  11 сағат 00 минутта ашылады: Алматы қ., Алмалы ауданы, Панфилов көш., 98, 401-бөлме.
Қосымша ақпараттар мен анықтаманы мына телефоннан алуға болады: 8 727 259 91 81.
Конкурс комиссиясының хатшысы: Молышев Талғат Мақсатович, «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» акционерлік қоғамының сатып алу басқармасының бас маманы, телефон: 8 727 259 91 81, е-mail: [email protected].

Получить документацию Протокол вскрытия Протокол допуска

Comments are closed.